Ортағасырлық дәуiрдiң басы Батыс Еуропадағы Рим империясының құлауымен байланыстырылады. Оның өрбу кезеңдерi V ғасырдан бастап Х ғасыр – ерте ортағасыр, ХI-ХIII ғ. ғ. – дамыған орта ғасыр, яғни Қайта өрлеу дәуiрi деп бөлiнедi.
Ерте ортағасырдағы шiркеу мәдениетiнiң дамуы жүйелi бiлiм беру iсiне, мектептiң пайда болуына тiкелей ықпал жасады. Бұл кезеңдегi бiлiмнiң ұстаған бағыты – шiркеудiң догмалық идеяларын тарату болды.
Бiрiншi рет шiркеу оқу бағдарламасын дайындау қажеттiлiгiн, онда христиан дiнiнiң қағидаларын оқыту мәселесiн көтерген философ және кейiнгi антикалық дiнтанушы Аврелий Августин (Блаженный Августин (353-430 ж.ж.)) едi.
VII ғасырдың басында Ұлыбритания мен Ирландияда монахтардың белсендiлiгi арқасында алғашқы шiркеу мектептерi ашылды. Монастырлық мектептерде бiлiм мазмұны Августиннiң шығармалары негiзiнде құрылды. Сонымен бiрге монастырь жанындағы мектептерде ежелгi қолжазбалар сақталғандықтан, олар оқу құралдары ретiнде пайдаланылды. Оның бiлiм бағдарламалары әлемдiк бiлiмдермен толықтырылып, христиан дiнiн уағыздауға көмегi тиетiн пәндер: тiлдердi игеру, тарих, диалектика, риторика, математика негiздерi оқытылды.
Мектептерде А.Августиннiң философиялық iлiмдерiмен қатар, христиан дiнiне сай келетiн Платон және оның шәкiрттерiнiң шығармалары оқытылды.
Ерте ортағасырдағы монастырлық және кафедралық мектептердегi адамгершiлiк тәрбиеге ерекше назар аударылды. Дiни тақырыптарға байланысты сұрақ-жауап түрiнде әңгiмелесу, дiни шығармаларды оқу, дiндi уағыздау басты орын алды.
Ерте ортағасыр мектептерiндегi оқыту үш түрлi негiзгi деңгейге бөлiндi: бес жыл бойы бастапқы деңгейде оқу, жазу, есептеу, ән айту пәндерi оқытылды; орта деңгейде – латын грамматикасы, риторика және диалектика; жоғары деңгейде – “жетi ерiктi өнер” және арифметика, геометрия, астрономия, музыка пәндерi оқытылды.
Монастырлық мектептердiң шарықтау шегi IХ ғасырдағы франк королi ұлы Карлдың басқару кезеңiмен ұласады, оның жарлығымен әр шiркеу жанынан мектептер ашылды.
Франк королi ұлы Карлдың мектеп реформасын iс-жүзiне асыруға үлес қосқан қайраткерлердiң бiрi – ағылшын-саксон ғалымы Туре Коласнидағы (Франция) монастыр мектебiнiң жетекшi қызметкерi Альбин Алкуин (735-804 ж.ж.) болатын.
Жазған еңбектерi iшiнен “Ғылымды зерттеу жайлы хат” шығармасында жалпыға бiлiм беру және оған мұғалiмдер даярлау мәселелерiн көтерiп, антикалық бiлiм беру жүйесiнiң ұмытылып бара жатқанын, алдыңғы қатарлы елдердiң мәдени жетiстiктерiн бiлуге, олардан үлгi алуға талпыну қажеттiлiгiн дәлелдедi.
Монастырлық мектептерде антикалық, эллиндiк, римдiк дәуiрлердегi классикалық шығармалар оқылды. Сөйтiп, ұлы Карлдың басқару кезеңi тарихқа Каролингтiк Ренессанс кезеңi деп ендi.
Каролингтер ұрпақтарының соңғы ел басқаруының дәуіріндегі мектеп жұмыстарына көңiл аудармаудан барып ағарту iсi төмендеп кеттi. Ерте ортағасырдағы мектептердiң ХI-ХIII ғасырларда антикалық даму бағытының өзгеруi дамыған ортағасыр кезеңiнде Батыс Еуропада саяси ортақталынған билiк монахтардың қолдарында шоғырлануына байланысты болды. Қоғамның саяси және рухани өмiр тiршiлiгiнде дiни философияның жаңа түрi – схоластика өмiрге ендi. Схоластика Аристотельдiң формалды логикасына және құдайға табынуға бағдарланған мәдениеттiң жаңа типiн жасауға ұйтқы болды. Бұл бағдардың тұрақтануында басты рөл атқарған белгiлi философ және дiндар Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) болатын.
Ол өзiнiң шығармаларында шiркеу дәстүрiне жаңаша сипаттама беруде, бiлiмдi құдайға сенумен ұштастырғанда Аристотельдiң этикасына сүйендi. Көптеген жылдар бойы Ф.Аквинскийдiң шығармалары жоғары типтi еуропалық мектептерде құдайға құлшылық ету пәнiн оқытуда негiзгi құрал ретiнде пайдаланылды.
Схоластиканың дамуы және оған оқу орындарының бейiмделуi ескi шiркеу мектептеріндегi бiлiм беру деңгейiн әлсiреттi, оларда оқылатын грамматика мен риторика пәндерi формалды логикамен, жаңа латын тiлдерiмен алмастырылып, сабақ кестесiнен ығыстырылды.
Мектептердегi оқу 6-8 жылдарға созылып, алғашқы екi жылда оқушылар аздап философияны оқыса, келесi екi жылда құдайға құлшылық ету, шiркеу тарихы мен құқығы, қалған екi жылда құдайға табыну тереңдетiле оқытылады. Тыңдаушылар 13 жыл оқудан кейiн бакалавр дәрежесiн алып, одан әрi құдайға табыну магистрында оқуларын жалғастырады.
Ортағасырлық университеттер бiрнеше заң, медициналық және құдайға табыну сияқты факультеттерден құралды, жоғары бiлiмдi ғалымдарды даярлап, оларды өздiктерiнен бiлiмдерiн жетiлдiруге, ғылымды дамытуға үлес қосуға талаптандырды.
ТЕСТ
Тәрбие әдістерін жасаушы ғалымдар оның ішінде кімнің есіміне байланады...
а) Макаренко
б) Крупская
в) Щацкий
г) Сухомлинский
д) Ушинский
Тәрбие әдістерінің теориясын жасаушы Қазақстан ғалымдарының аттарын атаңыз?
А) Лемберг
Б) Бержанов
В) Уманов
Г) Тәжібаев
Д) Сембаев
Тәрбие әдістерін алғаш жасаған ғұламалардың ең ерекшелігі?
А) Жалайри
Б) Фараби
В) Дулати
Г) Баласағұны
Д) Науаи
“Ұжымның құдретті күші” атты еңбектің авторы кім?
А) Сухомлинский
Б) Щацкий
В) Луначарский
Г) Макаренко
Д) Блонский
Ұжымның даму кезеңдерін анықтаған педагог кім?
А) Блонский
Б) Сухомлинский
В) Макаренко
Г) Луначарский
Д) Крупская
Әлемнің Екінші ұстазы кім?
А) Әл- Фараби
В) Ұлықпан Хаким
С) Аристотель
Д) Платон
Е) Ж. Баласұғни
“Білімсіз адам хайуан мен тең”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз?
А) Ж. Баласұғни
В) М. Х. Дулати
С) М. Қашқари
Д) Қ. А. Иассауи
Е) А. Жүйнени
Қазақ тілінде алғаш педагогика оқулығын жазған кім?
А) М. Жұмабаев
В) Ы. Алтынсарин
С) Ж. Аймауытов
Д) А. Құнанбаев
Е) Ш. Құдайбердиев
Қазақ тілі грамматикасын жазған кім?
А) А.Байтұрсынов
В) М.Жұмабаев
С) Ш.Құдайбердиев
Д) Ж.Аймауытов
Е) М.Дулатов
Қазақта тұңғыш академик атағын алған кім?
А) Ш. Уәлиханов
В) Қ. Сәтбаев
С) М. Әуезов
Д) Ә. Марғұлан
Е) А. Құнанбаев
“Хибатул- хақайық” (Ақиқат сыйы)- деген кітаптың авторын атаңыз.
А) А. Жүйнени
В) Ж. Баласұғни
С) М. Қашғари
Д) Әл- Фараби
Е) Қ. А. Иассауи
“Жаман мінез - құлық – рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесінге еліктеуіміз керек” – деген жолдардың авторы?
-
Әл Фараби
-
Абай
-
Ибн Сина
-
М.Қашқари
-
А.Жүйнеки
“Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние” – деген жолдардың авторы?
-
Н.Назарбаев
-
Д.Ахметов
-
О.Жұмабеков
-
О.Мұхамеджанов
-
И.Тасмағамбетов
“Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз.
А) А. Байтұрсынов
В) Ш. Құдайбердиев
С) М. Дулатов
Д) М. Жұмабаев
Е) Ж. Аймауытов
7-тақырып АҚШ пен Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, мектеп және педагогика
Жоспар:
-
АҚШ пен Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, мектеп және педагогика
-
Н. К. Крупская оқытудың мазмұны мен әдістері туралы.
-
АҚШ пен Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, мектеп және педагогика
ХII ғасырдан бастап жаңа заман дәуiрi бастау алғанымен, әлеуметтiк-экономикалық құрылым және орта ғасырдың рухани өмiр ерекшелiктерi негiзiнен сақталды. Сондықтан кейiнгi орта ғасыр дәуiрi халық тұрмысына небiр қиындықтар туғызды.
Жаңа заман дәуiрiнiң тууына бiрден бiр себепшi болған көлемдi тарихи жағдай католиктер мен протестанттардың дiни қарама-қайшылықтарының нәтижесiнде 30 жылдық соғыстың (1618-1648) басталуы әлеуметтiк-саяси жағдайды одан да бетер ушықтыра түстi. Жаңа заман дәуiрiнiң басында мектеп жұмыстарының ахуалы реформация дәуiрi кезеңiнен айырмашылығы шамалы болып, ХII-ХIII ғ.ғ. бұрыннан қалыптасқан латын мектептерiнде оқу тұрақтанып жетiлдiрiлдi. Латын мектептерiнiң аттары да әрқалай: гимназия (протестанттық елдердегi немiс тiлi); коллегия (Франция); грамматикалық мектептер (Англия) деп аталды. Бұл мектептердегi оқушылар гуманитарлық және нақты бiлiмдердi антикалық, оның iшiнде Римдiк әдеби мұраларынан алуымен қатар, латын тiлiн оқуға ерекше орын берiлдi. Католик және протестанттардың латын мектептерiндегi оқу үрдiстерiн ұйымдастыруда ұстанған дiни бағыттарына қарай айырмашылықтары болды. Латын мектептерiнiң бiлiм мазмұндарында оқушылардың сөйлеу мәнерiн дұрыс қисынды ойластыра бiлуде және латын тiлiн құрал ретiнде пайдалану барысында латын тiлiнiң грамматикасы ана тiлiмен байланыстырыла оқытылды. Жоғары типтi мектептердiң оқу бағдарламаларында ана тiлi және француз тiлдерi енгiзiлсе, соңғы тiл халықаралық тiл ретiнде есептелiндi. Жоғары типтегi мектептердiң оқу үрдiстерiне жаңа пәндер – математика, тарих, жаратылыстану, астрономия, жағрапия және т.б. жүргiзiлдi.
ХII-ХIII ғасырларда бiлiм берудi ұйымдастыруда рыцарлар мен ақсүйектердiң балаларын оқытатын академиялар көбейе бастады. Батыс Еуропа елдерiнде 30 жылдық соғыстан кейiн көптеген қалалар мен қалалық сословиелердың тұрмыс-тiршiлiк дәрежелерiнiң төмендеуi, дворяндардың қоғамдағы рөлiнің жоғарылауы, олардың латын мектептерiндегi балаларының қала тұрғындарының балаларымен бiрге оқуларына қарсылық туғызды.
Ақсүйектерге арналған оқу орындарындағы бiлiм мазмұндарының алдындағы мақсат – “бiлiмдi адамдар” даярлау және оқылатын пәндер: француз, шамалы италия және испан, кейiннен қосылған ағылшын тiлдерi; жалпы тарих, құқық тарихы, мораль және логика; сәулет, құрылыс және әскери дайындықта математика мен механиканы практикалық тұрғыда пайдалану болды.
“Рыцарлық өнерге” ерекше назар аударылып, атқа мiну, қылыштасу, би, доп ойындары және т.б. дене шынықтыру жаттығулары пайдаланылды. Отыз жылдық соғыс кезiнде, одан кейiн де ауылдық жерлер мен кiшi қалалар қатты зардап шеккендiктен, кейбiр халық мектептерi жабылып қалған болатын. Олардың жұмысын жалғастырған немiс протестанттық халық мектептерi қиындыққа қарамай, балаларды оқытуды жалғастырып, құнды-құнды тәжiрибелердi жинақтап, жалпыға бiрдей және ана тiлiнде оқыту, оқушыларды нақты бiлiмдермен қаруландыру, оқу үрдiсiн тәртiпке келтiру мәселелерiн алға тартып, мұғалiмдер мен оқушыларға арнап дидактикалық оқулықтар жазды.
Германияда жаңа заман педагогикасының негiзiн қалаушылардың бiрi ретiнде Вольфганг Ратке (Ратихий) (1571-1635) саналады. Немiс жерiнде бiлiм беру жүйесiне реформа жасауда мектептегi тiлдi оқытуды реформалау, мектептi басқару жүйесiн реформалау, саяси және дiни бағыт-бағдарламаларды реформалау мәселелерiне басты көңiл бөлiндi.
В. Ратке мектептерде ана тiлiн және басқа пәндердi де ана тiлiнде оқытуды қажет деп санап, оқушылар шетел тiлдерiн өз ана тiлiн игергеннен кейiн ғана оқытуды талап еттi. Өзiнiң жалпы дидактикалық және әдiстемелiк идеяларын В.Ратке “Ратихия амалы бойынша жалпыға бiрдей оқыту” деген еңбегiнде дәлелдеп, оған қоса мектептi басқару iсiн қарастырып, көптеген еуропалық тiлдер, логика мен метафизикаға байланысты оқулықтар жазды. Оның дидактикалық идеялары негізінен материалистік сипатта болды. Ол бала санасы- қажет нәрсені жазатын таза тақта деп санады. В. Раткенің пайымдауынша, таным екі сатыдан тұрады: сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдау және осы құбылыстарды ақылмен өңдеу. Оқытуда индукция мен тәжірибеге сүйену қажет деп есептеді. Әрбір адамға бақытты өмір сүру үшін педагогикалық білімдер керек деп қорытты. Ана тілінде сауаттылыққа үйретуде дыбыстық әдісті қолдады. Халық үшін мектепті көбейтуге тырысты. Ана тіліндегі бастауыш мектепті жақтады. Оқытудың негізі- дін дей отырып, мектепті ашу құқығының тек шіркеуде болуына қарсы шықты. Мұғалімдердің жақсы материалдық және қоғамдық жағдайымен қамтамасыз етілуі қажет деп білді.
В.Ратке ана тiлi мен шетел тiлдерiн оқытудың жаңа әдiстерiн практикада қолданудан жинақтаған тәжiрибелерi негiзiнде жалпы оқыту ұстанымдарын ұсынды. Ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің педагогикалық жүйесiн жасауда В.Раткенiң педагогикалық қағидалары себепшi болғандығын айтуымыз парыз. Оның мұғалiмдер басшылыққа алуға тиiстi оқытудың жалпы ұстанымдары:
-
оқыту жүйелiлiкпен жүргiзiлiп, бiр мезгiлде бiрнеше пәндердi оқытуға болмайды;
-
оқытуда қайталауды қолданып отыру;
-
оқушыларды алғашқы оқытуды ана тiлiнде жүргiзу;
-
оқытуда оқушының табиғи ерекшелiктерiн ескеру;
-
оқытуда оқушыларды зорлықпен оқытуға болмайды;
-
оқушыға оқу материалы түсiнiктi болуын қадағалау;
-
оқытуды жекеден жалпыға, оқу мазмұнын белгiлiден белгiсiзге қарай игеру;
-
оқытуда оқушының тәжiрибесiне және индукциялық тәсiлiне сүйену.
В.Раткенiң педагогикалық идеялары ол өлгеннен соң ХIХ ғасырда мектептерде пайдаланыла бастады да, ХХ ғасырдың орта шеңiнде ең жоғары бағасын алды.
-
ҮІ-XVIII ғ.ғ. Ресейдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікір
Достарыңызбен бөлісу: |