Практикалық мақсат дегеніміз оқушылардың шетел тілін сөз әрекетінің әр түрінде қатынас құралы ретінде игеруі. Демек, оқушылар - шетел тілінде ауызша айтылған сөзді тыңдау арқылы түсінуге, жазбаша мәтіндерді (текстерді) оқып, олардың мазмұнын тікелей немесе сөздіктің көмегімен түсінуге және өз ойын сол тілде ауызша, жазбаша түрде жеткізе білуге тиіс. Ең алдымен күнделікті тұрмысқа қажет сөйлеу және оқу іскерліктері дамытылады. Ал жазбаша сөзді дамыту мақсатқа жетудің бір жолы ретінде ғана қаралады. Оқушылардың қабілетін шетелдік досына, құрбысына хат жаза алатындай дәрежеде дамытса, сол жеткілікті.
Сөз әрекеті белгілі тақырыптар төңірегіне құрылады. Мысалы, орта мектепті бітірушілер бағдарлама бойынша 1000 сөзді меңгеруге және сол тілде сөйлеу үшін қажетті грамматикалық құбылыстарды білуге тиіс.
Сонымен орта мектепте шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты дегеніміз оқушылардың ауызша сөздегі (сөйлеу мен тыңдап-түсінудегі) және оқудағы іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Жазу — оқытудың мақсаты емес, ол оқыту мақсатына жетудің кұралы ғана.
Жалпы білім беру мақсаты
Шетел тілін оқу процесі ана тілін меңгеруді жақсартуға көп әсерін тигізеді. Оқушы шетел тілін үйрену арқылы ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек түсінеді. Толып жатқан аударма жаттығулар жасап, оқушылар шетел тіліндегі сөйлемдердің ана тіліндегі бірнеше варианттарын табады, сөйтіп ана-тілін бұрынғысынан, әлдеқайда жаксы меңгереді.
Шетел тілін үйрену оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда, мәтінге, тақырыпқа жоспар құру, жоспарға, суретке қарап, әңгіме айту оқушылардың логикалық жүйелі ойлауын дамытады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында оқушылар оның жүйесі, ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алады. Мысалы, белгілік және белгісіздік категориясы, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шақ жүйесінің ерекшеліктері туралы білімін толықтыра түседі. Бұл мағлұматтар оқушылардың жалпы білім деңгейін арттырады. Жоғары класс оқушылары
тілін үйреніп отырған елдің тарихы, географиясы, әдебиеті, мәдениеті жөнінде жазылған мәтіндерді оқып, танысады. Сөйтіп, олар өздерінің білім деңгейін көтеріп, ой-өрісін кеңейте түседі.
Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары
Шетел тілін оқыту оқушылардың жан-жақты дамып, жетілуіне: дүниеге көзкарасының, ойы мен есінің, сезімі мен эмоциясының, рухани және эстетикалық, көзқарасының, мінезінің қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан-жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етеді. Шетел тілі пән ретінде оқушыларды ұлттық патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеуге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында окушылар әр түрлі текстерді оқиды, тыңдайды, мазмұнын айтып береді. Олардың мазмұны оқушыларға өз халқын сүюді, өзге халықтарды сыйлауды үйретуге тиіс. Шетел тілін оқу оқушылардың бойында еңбекке деген дүрыс көзкарасты қалыптастырып, дамытуға тиіс.
Оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың дара тұлғалар болып қалыптасуына тілдік материалды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгерудің маңызы үлкен. Лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілік көрсетіп, корытынды жасауға дағдылануға тиіс. Шетел тілін оқып-үйрене отырып, оқушылар өз ойын жүйелі түрде айтып жеткізе білу, шетел тілінен алған білімін, үйренген іскерліктері мен дағдыларын жаңа ситуацияларда шығармашылықпен қолдану іскерлігін меңгереді.
Шетел тілін оқытудың мазмүны
Тіл материалын (лексиканы, фонетиканы, грамматиканы) іріктеп алуда жетекші рольді лексика атқарады. Ең алдымен лексика іріктеліп алынып, соған сәйкес грамматикалық материал іріктеледі. Орта мектепте оқытылуға тиісті грамматикалық ережелер сөздермен жұмыс істеуге жетекші болуға тиіс. Ол үшін іріктеп алынған грамматикалық ережелер көптеген сөздерді қамтуы керек. Әйтпесе, олар өз қызметін атқара алмайды. Сондықтан әуелі лексикалық минимумды, сонан соң сөздермен жұмыс істеуге лайықты, оларды жинақтап қорытатын грамматикалық ережелерді іріктеп алу керек. Бүдан кейін тіл материалы мен тақырыптар минимумын ескере отырып, текстер мен ана тілінде жоқ ұғымдарды іріктеп алуға болады.
Сөз материалы деген ұғымға Г. В. Рогованың пікірі бойынша, сөз үлгілері, монолог және диалог түріндегі айтылымдар үлгісі, белгілі тақырыптарды қамтитын текстер енгізіледі. Бұл текстерде әр түрлі функционалдық стильдер: көркем текстер, қоғамдық-саяси стиль мен ғылыми-көпшілік стиль көрініс табады.
Сонымен қатар оқытудың мазмұнына сөз материалын да енгізу керек деген ұсыныс орынды сияқты. Олай болса, оқытудың мазмұны мынадай компоненттерден тұрады: арнайы іріктеліп алынған, меңгеруге жататын тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық материал) ауызша және жазбаша сөзді дамытуға негіз болып табылатын тақырыптар; ауызша және жазбаша текстер; оқушылардың ана тілінде жоқ тіл қүбылыстары; фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфо-графиялық дағдылар; оқыту барысында анықтама әдебиетті қолдану іскерлігі; сөз материалы (сөз үлгілері, монолог пен диалог түріндегі айтылымдар үлгілері).
II. Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолданудың маңызы және олардың түрлері.
1..Шетел тілін оқытудың техникалық құралдары.
2.Еліктеуіш жаттығулар.
3.Трансормациялық жаттығулар.
Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогреске жол ашып отырған жағдайда оқу-тәрбие жұмысында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Шетел тілін оқыту процесін жеделдету мен жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды қолданудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:
Техникалық құралдар оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.
Техникалық құралдар мұғалімге оқу-тәрбие процесін өмір шындығына жанастыру мүмкіндік береді.
Сабақта техника құралдарын қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырады, сөйтіп сабақтың тиімділігін арттырады.
Техникалық құралдарды қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.
Техникалық құралдар тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушылардың бойында тыңдап-түсіну іскерлігі мен дағдыларды қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Шетел тілдерін оқыту барысында техникалық құралдар аса қажет және олар шетел тілдерін оқыту мұғалімінің негізгі көмекшісі болып табылады. Сондықтан шетел тілдерін оқытуда техникалық құралдар кеңінен қолданылуға тиіс.
Мектепте шетел тілдерін оқытуда пайдаланып жүрген техникалық құралдар екі топқа бөлінеді: а) аудитивтік құралдар (яғни сөзді жазып алып, оны қайтадан айтып беретін құралдар) және ә) визуальдық құралдар; сондай-ақ осы екі түрін қатар, біріктіре қолданатын аудио-визуальдық деп аталатын құралдар бар.
Техникалық құралдардың бірінші тобына күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон жатады. Бұл құралдарды аудитивтік деп атау себебі: олардың көмегімен оқушылар шетел тілінде күйтабаққа немесе магнитофон таспасына жазылып алынған сөзді тыңдайды. Екінші топқа әртүрлі проекторлар (диапроекторлар, кинопроекторлар, эпидиаскоп т.б.) жатады. Бұл құралдардың көмегімен мұғалім экранға әр түрлі суреттер, диафильмдерді, кинофильмдерді көрсете алады. Оларды сабақта жеке-жеке қолдануға да, бірге қолдануға да болады.
Оқытудың техникалық құралдары сабақта әр түрлі мақсатқа қолданылады. Олардың көмегімен тіл материалын түсіндіруге, оны бекітуге, сондай-ақ сөз іскерліктері мен дағдыларын қолдануға болады. Техникалық құралды фонетикалық дағдыларды дамытуда оқушылар мен мұғалімге үлкен көмек көрсетеді. Мұнда негізінен күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон оқушылар шетел тілінде диктордың үлгілі сөзін тыңдап, дыбыстардың қалай айтылатынын, сөздердің екпінін, сөйлемдердің интонациясын естиді де, оған еліктеу арқылы шетел тілінің дыбыстарын дұрыс айтуға, сөздердің екпінін дұрыс қоюға, сөйлемдерде дауыс ырғағын, интонациясын бұлжытпай айтуға дағдыланады. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін күйтабақ ойнатқанан гөрі магнитофон тиімдірек, өйткені магнитофонға мұғалім өзі жаза алады, мұнда әр дыбыстан, сөзден кейін үзіліс жасауға мүмкіндік бар. Сөз шапшаңдығын да мұғалім, өз оқушыларының шама-шарқына мөлшерлеп өзгертіп отырады.
Магнитофонның көмегімен фонетикалық дағдыларды қалыптастыр-ғанда, мұғалім таспаға жеке-жеке дыбыстарды арасына үзіліс қалдыра отырып жазады. Сондай-ақ құрамында жаттықтырылуға тиісті дыбыстар бар сөздер мен сөйлемдерді де үзіліспен жазып алады. Оқушылар әуелі жеке дыбыстарды тыңдап, арасындағы үзілісте сол дыбыстарды дұрыс айтып жаттығады. Сосын сөздер мен сөйлемдерді тыңдап, үзілісте оларды қайталап айтады.
Оқу техникасын дамытуда да магнитофон оқушылар мен мұғалімге көп көмектеседі. Тексті дауыстап оқу оқушыларға, әсіресе оқытудың алғашқы сатысында көп қиындықтар тигізетіні белгілі. Осы қиындықтарды жою үшін мұғалім оқылуға тиісті тексті магнитофонға жазып алады. Оны әуелі үзіліссіз, сосын әр сөйлемнен кейін үзіліс жасай отырып жазады. Оқушылар алдымен үзіліссіз жазылған тексті тыңдап, осы тексті қалай оқу керектігі туралы хабардар болады. Сосын мұғалім сол тексті үзіліспен тыңдатады. Әр сөйлемнен кейінгі үзілісте оқушы сол сөйлемді оқиды. Үзілісте әр дыбыстың, сөздің айтылуын, сөйлемнің дауыс ырғағын дикторға еліктеп оқу нәтижесінде оқушылар текстегі әр сөйлемді дұрыс оқуға үйренеді. Бұдан соң оқушылар тексті қайтадан үзіліссіз тыңдай отырып, дикторға ілесе оқиды.
Техникалық құралдар лексикалық, материалды менгеруде де өз көмегін көрсетеді. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін визуальдық қуралдарды пайдалана отырып, түсіндірілетін сөздің мағынасын білдіретін заттардың суреті көрсетіледі. Сондай-ақ әр түрлі қимылдарды сурет арқылы көрсетіп, етістіктердің мағыналарын түсіндіреді. Визуальдық қүралдардың көмегімен предлогтардың мағынасын схемалар арқылы түсіндіруге болады. Оларды жаңа сөздерді бекіту үшін де қолдану керек. Әр түрлі заттардың суреттерін көрсете отырып, мұғалім түрлі сұрақтар қояды. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында жаңа сөздерді қолданады.
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіргеннен кейін олардың қолданылуын автоматтандыру үшін магнитофонды қолданып, алмастыру жаттығуларын орындауға болады.
Техникалық құралдар грамматиканы меңгеруде пайдалы қызмет атқарады. Ол үшін грамматикалық құбылысты бекітуге арналған жаттығуларды магнитофонның көмегімен орындаған дұрыс. Жаттығулар орындалуы жеңіл, нұсқау айқын, әрi алуан болғаны жөн. Әр жаттығуда бір ғана тапсырма, шешуі біреу-ақ болғаны дұрыс. Магнитофонның көмегімен лексикалық және грамматикалык материалды бекіту үшін мынадай жаттығулар жасау керек: еліктеуіш жаттығулар, орын алмастыру жаттығулары, сұрақ-жауап және трансформациялық жаттығулар
Техникалық кұралдар тіл материалының қолданылуын автоматтандырумен қатар сөз іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырып, оларды дамытуға көп септігін тигізеді, яғни тыңдап түсіну, монолог және диалог түрінде сейлеу оқу және жазу іскерліктерін техникалық құралдар көмегімен қалыптастырып, дамытуға болады.
Тыңдап түсіну іскерлігін қалыптастыру барысында оқушылар белгілі қиындықтарға кездеседі. Бұл қиындақтар сөзді тыңдау үстінде сөйлеушіні көрмегендіктен, оның бет әлпетін, қимылдарын бақылай алмауға; сөздің нағыз коммуникация процесінде қайталанбайтындығына; сөздің темпіне (шапшаңдығына); әр сөйлеушнің өзіне сөйлеу ерекшеліктері, дауыс ерекшеліктері болуына байланысты. Бұл аталған қиындықтарды жеңуде мұгалім мен оқушыларға күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон зор көмек көрсетеді. Күйтабак пен магнитофон таспасынан оқушылар баяулатылмаған нормалы темппен айтылған сөзді тыңдап дағдыланады, әр түрлі сөйлеушілердің дауысын естіп, оған кұлақтары үйренеді т. б.
Магнитофон арқылы оқушылар дыбысталуы ұқсас сөздер мен омонимдерді тыңдап, ажыратуға дағдыланады. Ал магнитофон мен диапроектор оқушылардың аудитивтік іскерлігін дамытады. Оқушылар белгілі бір тексті тыңдап отырғанда, оны көрнекі түрде көрсететін диафильм кадрларынан көріп отырса, тыңдап отырған текстің мазмұнын әлдеқайда жеңіл түсінеді.
Техникалық құралдар оқушылардың сөйлеу іскерлігін дамыту үшін қолданылады. Мысалы, магнитофонның көмегімен сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынадай жұмыстар істеледі:
а) оқушылар магнитофоннан бір әңгімені, содан соң
магнитофоннан сол текстің мазмұнына қойылған сұрақ-
тарды тыңдайды. Әр сұрақтан кейінгі үзілісте оқушы
сұраққа жауап беруге тиіс;
ә) оқушылар магнитофоннан бір диалогтың немесе әңгіменің басын тыңдайды да, оны өздері әрі қарай жалғастырады;
б) магнитофоннан оқушылар сөйлеуге әр түрлі стимул-
дар алады да, сол стимул бойынша сөйлейді т. б.
Сөйлеу іскерлігі мен дағдыларын дамытуға магнитофоннан басқа проекторлар да қолданылады. Проектор арқылы экранға диафильмді, диапозитивті (слайдтарды) т. б. суреттерді түсіруге болады. Бұдан кейін оқушылар осы экрандағы суреттерді бейнелейді. Сөйлеу іскерлігін дамыту үшін, әсіресе, диафильмдерді қолдану тиімді. Диафильмді оқушыларға көрсетпес бұрын мұғалім біршама дайындық жұмысын жүргізуге тиіс. Ең әуелі мұғалім диафильмнің әр кадры суреттелген монтаж қагазын дайын-дайды. Мұнда ол оқушыларға таныс емес грамматикалық кұбылыс болмауына көңіл бөлуге тиіс. Суреттеуде оқушыларға бұрыннан таныс сөздер қолданылады. Егер суреттеу барысында біренсаран таныс емес сөз болса, онда мұғалім диафильмді көрсетерден бұрын ондай сөздердің мағнасын оқушыларға алдын ала түсіндіреді.
Осындай дайындық жұмыстарынан кейін мұғалім оқушыларға диафильмді көрсете отырып әр кадрды ауызша суреттейді. Кейбір маңызды сөйлемдерді оқушыларға қайталатады. Сосын диафильмді екінші рет көр-сетіп, әр кадрға сұрақтар қояды, оқушылар оларға жауап беру арқылы диафильмнің барлық кадрын суреттеп шығады (дайындығы жақсы класта оқушылар диафильмнің кадрларын мұғалімнің сұрақтарысыз суреттеуіне болады). Осылай оқушыларды сөйлеуге дағдыландырамыз.
Алайда бұл тәсіл оқушыларды репродуктивтік сөзге ғана үйретеді. Ал өз ойын айтуға үйрету үшін диафильмді суреттеп болған соң, оны талқылау керек. Оқушылар осы диафильмнің оқиғасына байланысты, оның басты кейіпкері туралы өз ойларын ортаға салып, бағалап отыруы керек. Сонда ғана оқушыларды продуктивтік сөзге үйрете аламыз.
III.Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру.
1.Шетел тілін оқытуддағы фонетикалық дағдылардың маңызы.
2.Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға қоятын бағдарлама талаптары.
Шетел тілін орта мектепте оқытудың басты мақсаты — сол тілді бағдарламада белгіленген көлемде меңгеру болса, бұл мақсатқа жету үшін-оқушылар әуелі белгілі мөлшерде тіл материалын игеруі керек. Онсыз сөз іскерлігі мен дағдыларын дамыту мүмкін емес. Тіл материалына мыналар жатады: 1) фонетика, 2) грамматика, 3) лексика, 4) орфография, 5) идиоматика мен фразеология. Шетел тілін оқытудың практикалық мақсатына жету үшін аталған білім салаларының бәрі қажет. Оқып отырган шетел тілін қатынас құралы ретінде қолдану үшін соған қажетті және жеткілікті мөлшерде фонетикалық, грамматикалық құбылыстарды, лексиканы меңгеру керек. Тіл материалын игеру — шетел тілін оқытудың мақсаты емес, керісінше, сол тілді қатынас құралы ретінде меңгерудің алғышарты, алға қойылған мақсатқа жетудің құралы. Тіл материалын игеру дегеніміз оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын меңгеру деген сөз. Демек, шетел тілін оқыту процесінде тіл материалымен оқушыларды таныстырып қою жеткіліксіз, оларға осы материалдың қалай қолданылатынын көрсетіп, оны дұрыс қолдануға дағдыландыру керек.
Адамдар бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасағанда ауызша сөзді қолданады. Олай болса, шетел тілінің дыбыстық жағын үйренудің ауызша сөз үшін маңызы зор. Егер адам шетел тілінде сөйлегенде сол тілдің дыбыс-тарын дұрыс айтпаса, онда оны тыңдаушылар түсінбеуі мүмкін, яғни адамның ойын өзгелерге түсінікті түрде жеткізе алмағаны. Демек, ол сол тілді қатынас құралы ретінде пайдалана алмады деген сөз. Сондықтан сөйлеп үйрену үшін фонетикалық дағдылар ауадай қажет. Онсыз адам сөйлей алмайды, ал сөйлей қалғанда, оны тыңдаушылар түсінбейді.
Фонетикалық дағдылардың қажеттігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушынын дұрыс калыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдап отырып естігенін түсіне алмайды. Оның себебі: адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда естігенін іштей қоса айтып отырып оны өз санасында қалыптасқан дыбыс жүйесімен салыстырады, сөйтіп оны таниды, түсінеді. Ал оның санасында дұрыс қалыптасқан дыбыс жүйесі, фонетикалық дағдылары жоқ болса, онда ол естігенін танымайды; түсінбейді. Демек, фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, сонымен қатар басқа адам сөйлегенде, біреудің сөзін тыңдап түсіну үшін үлкен роль аткарады.
Жазба текстерді оқығанда адам оны іштей дыбыстап отырады. Демек, оқу кезінде де ішкі сөз қатынасады. Олай болса, оқығанын түсіну үшін жақсы қалыптасқан фонетикалық дағдылар қажет. Ал дауыстап оқуда бұл дағдылардың қажеттігіне ешқандай күмән жоқ, өйткені жазба текстегі хабарды өзгелер де тыңдай отырып, түсінсін деген мақсатпен дауыстап оқиды. Фонетикалық дағдылары қалыптаспаған адам дауыстап оқыса, оны ешкім түсінбейді. Сондықтан шетел тілін оқытуда фонетикалық дағ-дыларды қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек.
Фонетикалық дағдылардың шетел тілін оқытуда алатын орнын, маңызын ескере отырып, бағдарлама оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қояды. Шетел тілін оқыта бастаған кезде, оқушылардың санасында ана тілі мен орыс тілінің белгілі бір жүйесі қалыптасады. Бұл жүйелер ағылшын тілін оқып үйренуге өзінің біршама ықпалын тигізеді. Ана тілінің тиімсіз ықпалы, әсіресе шетел тілінің дыбыстарын айтуға көп тиеді, өйткені ана тіліндегі дыбыстарды айту дағдылары — ең берік дағдылар. Сондықтан шетел тілінің дыбыстарын айту оқушыларға өте ауыр соғады. Осыған байланысты орта мектепте шетел тілінің, бағдарламасы белгілі бір фонетикалық минимумды іріктеп алуды талап етеді.
Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға қоятын бағдарламаның екінші талабы — апроксимация принципіне сүйену. Апроксимация деген —ағылшын тілінің дыбыстарын дәл француздай айту емес, соған жақындату деген сөз. Егер оқушы ағылшынша сөйлегенде, кейбір дыбыстарды қате айтса да, ондай қателер оның сөзін түсінуді ауырлатпаса немесе мүлде түсініксіз етпесе, ондай кателерге қарсы күресіп, түзетпей-ақ қойса да болады. Міне, апроксимация принципі дегеніміз осы. Бұдан шығатын қорытынды оқушулардың сөзінде фонематикалық қате болмауы керек. Оқушылар ағылшын тілінің фонемаларын дұрыс айтып үйренуі қажет, өйткені фонематикалық қателер сөздің мағнасын, сөйлемнің мәнін өзгертіп жібереді, оқушының сөзін түсінуді ауырлатады, тіпті мүлде түсініксіз етеді. Ал фонетикалық қателер сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнін өзгертпейді, ондай қатесі бар сөзді түсінуге ешқандай нұқсан келтірмейді. Сондықтан фонетикалық қателерді түзетіп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Фонематика-лық жағынан дұрыс айтылса, сол жеткілікті. Апроксимация принципін қолданудың тағы бір тиімді жағы — оқушылардың қатеден қорқуын жоюға көмектеседі.
Орта мектепте оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын келесі талап — сөздердің дауыс екпінін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Барлық дыбыстарды дұрыс айтқанмен, сөздердің дауыс екпіні дұрыс қойылмаса, онда айтылған сөзді түсіну қиын немесе түсіну мүлде мүмкін емес. Сондықтан оқушылар әр сөздің дауыс екпінін дұрыс қойып үйренуі керек.
Әр сөздің дыбыстарын дұрыс айтып, оның екпінін дұрыс қойғанда сөздің фонетикалық жағы толық қамтылды деуге болмайды, өйткені барлық дыбыстарды дұрыс айтьш, жекелеген сөздердің екпінін дұрыс қоя білгенмен, сөйлемде фразалық екпін дұрыс қойылмаса немесе үзілістер өз орнында болмаса, ондай сөзді түсіну өте қиын. Мысалы, қазақ тілінде мынадай сөйлемді тыңдап көрейік: «Ағаш /үйді Қызылжар/ мен Ақмоладан /жалдаған орыс/ үйшілері салып /жатыр да, өзгелерін/ елуден /аса қазақ/ жігіттері қалап жатыр». Бұл сөйлемдегі әр дыбыс дұрыс айтылып, әр сөздің екпіні дұрыс қойылып тұрғанмен, сөйлемді түсіну өте қиын, өйткені мұнда сөйлем синтагмаларға дұрыс бөлінбеген, фразалық екпін дұрыс қойылмаған, сондықтан сөйлемнің дауыс ырғағы (интонациясы) да дұрыс емес. Бұл сөйлемнің мәнін түсінуге үлкен нұқсан келтіреді.
Сондықтан сөйлемді синтагмаларға дұрыс бөліп, дауыс ырғағын дұрыс келтіру сөйлеп тұрған адамның сөзін дұрыс түсінуге көп себін тигізеді. Олай болса, оқушыларға дыбыстарды дұрыс айтқызып үйрету мен қатар, оларды сөздердегі дауыс екпінін дұрыс қоюын, сөйлемді синтагмаларға дұрыс бөле білуін, дауыс ырғағын дұрыс келтіруін қадағалау жөн. Фонетикалық дағдыларлды қалыптастыру, оларды әріқарай дамыту, жетілдіру жөнінде бағдарламаның қоятын талаптары осылар. Бұл аталған фонетикалық дағдылар шетел тілін оқып үйренудың алғашқы жылында қалыптастырылады да, одан кейінгі кластарда әрі қарай дамытылып жетілдіріледі.
Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру жолдары
Шетел тілдерін оқыту методикасында бір қезде фонетикалық дағдыларды саналы түрде қалыптастыру керек пе, болмаса еліктеу арқылы қалыптастырған жөн бе деген мәселе төңірегінде айтыстар болған. Қазіргі
кездегі методика осы екі жолдың екеуін де пайдалану керек деген қорытындыға келіп отыр. Мысалы, бірінші топқа жататын дыбыстарды әдетте үлгі сөйлем құрамында енгізіп, сол үлгі сөйлемді меңгеру барысында оқушылар осы дыбыстарды еліктеу жолымен игеріп алады. Бұл дыбыстардың айтылуы қазақ тілінің дыбыстарымен бірдей немесе өте ұқсас болғандықтан, олармен жұмыс істеуге арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Еліктеу арқылы игеруге бұл дыбыстар ыңғайлы.
Екінші және үшінші топқа жататын дыбыстарды, сондай-ақ айтылуы қиын тиетін дыбыстар тіркестерін меңгеру ушін оларды арнайы түсіндіру керек және бұл дыбыстар мен дыбыстар тіркестерінің айтылуын арнайы жаттығулар арқылы автоматтандыру керек.
Дыбыстарды түсіндіру негізгі төрт компоненттен тұрады: 1) дыбысты көрсету; 2) осы дыбыстың айтылу жолын, оның артикуляциясын түсіндіру; 3) ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға арналған жаттығулар; 4) дыбысты оқушының айтып дағдылануы.
Дыбысты көрсету дегеніміз — сол дыбысты мұғалімнің анық, айқын түрде айтуы. Мұғалім жеке дыбыстың өзін немесе сол дыбысты сөз құрамында, сөйлемде айтып көрсетуі мүмкін. Ал дыбыстың артикуляциясын түсіндіру барысында мұғалім сол дыбысқа ұқсастау ана тілінің дыбысын айтып, олардың айырмашылығын көрсетеді, сөйлеу ағзаларының қандай қалыпта болуы керектігін түсіндіреді, артикуляциясын көрсетеді. Ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажырату үшін мұғалім ағылшын тілінің жаңа дыбысын, сонымен қатар сол дыбысқа ұқсас қазақ тілінің дыбысын айтады, оқушылар жаңа дыбысты бiліп тануға тиіс. Түсіндіру кезеңі жаңа дыбысты оқушылардың айтуымен аяқталады. Оқушылар әуелі тағы бір рет тыңдап алады да, әуелі дыбысты хормен, сосын жеке-жеке айтады. Дыбысты айту жеке дыбысты айтумен немесе сол дыбысты контексте (сөз құрамында, сөйлемде) айтумен аяқталады. Сосын осы дыбыстарды жаттықтыру, автоматтандыру, дағдыны кадыптастыру басталады.
Дауыс ырғағын, интонацияны үйреткенде еліктеу мен тусіндіру қатар қолданылады. Мұнда индуктивтік және дедуктивтік жолды пайдалануға болады. Егер дедуктивтік жолды пайдалансақ, онда мұғалім улгі сөйлемді айтып тұрып, оның дауыс ырғағындағы, интонациаясындағы ерекшеліктерді түсіндіріп отырады. Индуктивтік жол көбірек уақыт алады. Мұғалім оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы үлгі сөйлемнің айтылу ырғағындағы, интонациясындағы ерекшеліктерді оқушылардың өздері айтуына жетектейді. Бұл тәсіл уақытты көбірек алғанмен, өте тиімді жол. Оқушылар өздері ашқан жаңалықты естерінде жақсы сақтап қалады.
Оқушылардың бойында фонетикалық дағдыларды (жеке дыбыстарды дұрыс айту, сөздердің дауыс екпіні дұрыс қою, сөйлемдердің дауыс ырғағын мәндеріне келтіру дұрыс айту дағдыларын) қалыптастыруда оқушыларға өлеңдер мен ән үйретудің үлкен маңызы бар. Оқушыларға өлең мен ән үйрету барысында мынадай жұмыстар істеледі. Әуелі мұғалім оқушыларды өлеңнің авторымен таныстырады, оның туған жылын, өміріне байланысты даталарын айтады, шығармашылық ерекшеліктерімен таныстырады. Үйреткелі отырған өлеңнің шығу тарихын, өлеңдегі окушыларға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тек содан кейін өлеңді оқуға кіріседі. Әуелі мұғалім өлеңді өзі оқып береді немесе магнит таспасынан тыңдатады. Жалпы өлең, ән үйретуде магнитофонды қолдану тиімді. Мұғалім өлеңді магнит таспасына бірнеше рет жазады. Бірінші рет бүкіл өлеңді ешқандай үзіліссіз, сосын өлеңнің әр жолынан кейін, бұдан кейін әр шумақтан кейін үзіліс жасап жазады да, ең соңында тағы да бір рет үзіліссіз жазады. Одан соң мұғалім оқушыларға өлеңнің үзіліссіз жазылған нұсқасын тыңдатады. Оқушылардың міндеті — өлеңнің қалай оқылуымен танысу, оның мазмұнын түсіну. Оқушылардың өлең мазмұнын дұрыс түсінгенін білу үшін мұғалім оны ана тіліне қара сөзбен аудартады. Егер өлең бұрын қазақ тіліне аударылған болса, мұғалім әдеби аударманы оқып береді. Осыдан кейін оқушылар магнитофоннан немесе мұғалімнің айтуынан өлеңнің әр сөйлемін үзіліспен тыңдап, үзілісте қайталап оқиды. Сосын оқушылар шумақты хормен қайталайды. Ең соңында тақпақты үздікссіз тыңдап, дикторға жайлап ілесіп, тақпақты түгел оқып шығады. Содан соң өлеңді оқушыларға жеке-жеке оқытуға болады. Әр оқушы өлеңді тез әрі қатесіз оқи алатын болғанда ғана мұғалім үйде оны жаттап келуге тапсырма береді. Келесі сабақта мұғалім әуелі оқушыларға өлеңді магнитофоннан үзіліссіз тыңдатады, сосын үзіліспен тындатып, үзілісте қайталап айтқызады да, содан кейін оны жатқа сұрайды.
Оқушыларға ән үйрету де осы тәсілмен жүргізіледі. Әннің сөзін жаттап алғаннан кейін мұғалім оқушыларға осы әнді магнитофоннан тыңдатады. Әнді бірнеше рет тыңдағаннан кейін, әншіге ілесіп, оқушылар да әнді айтады. Сөйтіп, әнді әбден үйреніп алғанша қайталайды.
IV..Ағылшын және қазақ тілдері дыбыс жүйелерінің салыстырмалы сипатамасы.
1.Ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс меңгеруіне тиімді ықпалдары.
2.Ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс меңгеруіне тиімсіз ықпалдары.
3.Дауыс ырғағын интонацияны үйрету.
Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар екі топқа бөлінеді. а) тыңдауға арналған жаттығулар; ә) дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар. Бұл екі топ бір-бірімен тығыз байланысты және фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін екеуі де қажет.
а) Тыңдауға арналған жаттығулар. Тыңдауға арналған таза фонетикалық жаттығулар сан жағынан онша көп емес. Тыңдау, есту дағдылары арнаулы жаттығуларды орындау үстінде дамытылады. Тыңдауға арналған жаттығулар фонетикалық есту дағдыларын дамытып, жаңа фонемалар мен интонемалардың дифференциалдық белгілерін анықтайды. Тыңдауға арналған жаттығуларды тек есту арқылы, сондай-ақ жазбаша текстке сүйене отырып та орындауға болады. Тек есту арқылы орындалатын фонетикалық жаттығуларға мынадай мысалдар келтіруге болады. Бірқатар дыбыстарды (сөздерді) тыңдап, (...) дыбысын естігенде қол көтеріңдер: дыбыстар жұбын тыңдап, сол жұптағы екі дыбыс бірдей болған жағдайда қолдарыңды көтеріңдер; сөйлемді тыңдап, ол сөйлемде (...) дыбысы неше рет қайталанғанын айтыңдар; мына сөйлемдерді тыңдаңдар да, сұраулы (хабарлы, бүйрық, аяқталмаған) сөйлем естігенде қол көтеріңдер; мына сөйлемдерді тыңдаңдар да, олардың әрқайсысында канша синтагма (такт, екпін) барын айтыңдар т. б.
Графикалық сүйенішпен (яғни жазбаша текстке сүйене отырып) орындалатын жаттығулар мынадай болуы мүмкін. Бірқатар сөздердің (сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) ішінен мұғалім диктор айтқан сөздің (сөз тіркесінің сөйлемнің) астын сызыңдар (әр қатардан тек бір ғана сөз (сөз тіркесі, сөйлем) айтылады; мұғалімнің сөзінде кездескен сөйлемдердегі екпін түсіп тұрған сөздердің астын сызыңдар; тыңдап отырған сөйлемдерде /тексте тік сызықшалар арқылы узілістерді таңбалаңдар; мүғалімнің/ диктордың дауысы көтерілген сөздердің астын сызыңдар т. б. Тыңдауға арналған жаттығуларды орындау нәтижесінде окушылар шетел тіліндегі сөзді тыңдауға үйренеді; дыбыстарды, дыбыс тіркестерін, интонациялық қурылымдарды тану қабілетін жетілдіреді. Кейін тыңдауға арналған жаттығулар дыбыстарды, дыбыстар тіркестерін, дауыс ырғағын еліктеп айтуға үлгі болады. Тыңдауға арналған жаттығуларды мұғалімнің сөзін тыңдау арқылы да, магнитофонға жазылған сөзді тыңдау арқылы да орындауға болады. Алайда әр тапсырманың жаңа түрін орын-дағанда, әуелі оқушылар мұғалімнің сөзін тыңдауға тиіс, тек содан кейін ғана ұқсас жаттығуларды магнитофон арқылы тыңдап жаттығу керек.
ә) Дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар дыбыстау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Егер дыбыстарды айтар алдында оқушылар үлгіні тыңдап отырса, бұл жаттығулардың тиімділігі арта түседі. Мұндай жаттығулар жеке дыбыстар, буындар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер негізінде құрылуы мүмкін. Бұларда материал анаология бойынша (барлық мысалдарда бір ғана белгі) немесе оппозиция принципімен (мысалдарда белгілі бір белгі қарама-қарсы қойылады) ұйымдастырылуы мүмкін, не материалды еркін түрде беруге болады.
Дыбыстарды қайталап айтуға арналган жаттығуларды тыңдау арқылы да, жазбаша текстке сүйене отырып та орындауға болады. Тыңдау арқылы орындалатын жаттығулар мыналар: Мұғалімге/дикторга ілесіп, мына дыбыстарды (буындарды, сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді) айтыңдар, көрсетілген белгіге көңіл бөліңдер; құрамында (...) дыбысы бар сөздерді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер; сөйлемді кайталаңдар, оған мұғалім атаған сөзді қосыңдар т.б. Ал графикалық сүйеніш көмегімен мынадай жаттығулар жасауға болады: берілген сөйлемдердің екпінін, үзілістерді белгілеп, оларды дауыстап оқыңдар; мына сойлемдердін дауыс ырғағын (логикалық екпінін) өзгертіп оқыңдар т. б. Фонетикалық дағдыларды қалыптастырып, дамыту ушін бұлардан басқа мынадай жаттығулар жасалады: жаңылтпаштарды, тақпақтарды, шағын диалогтарды, прозадан үзінділерді жаттап алу,оқулықтағы текстерден узінділерді дауыстап оқу т. б.
V.Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.
1.Тіл топтары.
2.Тіл категориялары.
Шетел тілінде сөзді меңгеруге кажетті грамматикалык дағдыларды қалыптастыру үшін біршама жаттығуларды орындау қажет. Орта мектепке бөлінген сағат саны француз тілінің барлық грамматикалық құбылыстарын автоматтандырылған дағды мөлшерінде меңгеруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан грамматикалық материалды шектеу керек. Ол үшін ағылшын тілінде сөзді меңгеруге қажет грамматикалық қүбылыстарды іріктеп алған жөн.
Грамматикалық материалды іріктеу үшін мына мәселелерді анықтап алу керек: а) іріктеудің объектісін, яғни нені іріктеуді: ә) іріктеудің мақсатын, яғни грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің қай түрінде қолдануды: б) іріктеудің көзін, яғни қайдан іріктеуді: в) іріктеу барысында қандай критерийлерге сүйенуді.
Іріктеудің объектісі — грамматикалық құбылыс. Грамматикалық кұбылыс дегеніміз белгілі грамматикалық мағынасы бар форма. Демек, іріктеу кезінде грамматикалық форма да, грамматикалық мағына да есепке алынады, минимумге енгізіледі. Іріктеудің мақсаты — ағылшын тілін қатынас құралы ретінде іс жүзінде меңгеруге қажетті және жеткілікті грамматикалық құбылыстарды таңдап алу, яғни ауызша сөзді және оқу іскерліктерін меңгеруге қажетті құбылыстар минимумге енуге тиіс.Олай болса, методистердің активтік және пассивтік грамматикалық минимумдарды іріктеуді талап етуі дүрыс . Яғни ауызша сөзге және оқуға арналған минимумдар бөлек іріктеледі. Ауызша сөзге арналған минимумды оқыған адамдардын, ауызекі сөзінен, керкем әдебиет кейіпкерлерінің сөзінен іріктеу ұсынылады. Сөздің бұл түрлері әдеби сөйлеу тілінің стилін айқын көрсетеді. Оқуға арналған минимумды жазба текстерден іріктеген жөн. Бұл текстерде кітабижазба стиль анық көрінеді.
Ауызша сөзді меңгеруге қажетті және жеткіліклі грамматикалық минимумды іріктеуде И. В. Рахманов мынадай критерийлерге сүйенуді ұсынады: а) грамматикалық құбылыстың ауызекі тіл стилінде жиі қолданылуы; ә) берілген форманын, аналогия бойынша сондай формалар жасау үшін үлгі боларлық кабілетті; б) синонимдерді минимумға кіргізбеу Бұл үш принцип кейінгі методикалық еңбектерде де қолданылады. Бұларға қосымша Н. Б. Соколова мынадай критерийлерге сүйенуді ұсынады: в) грамматикалық құбылыстың нормативтігі, г) оқушылардың меңгерген
лексикалық қорын есепке алу. Сонымен активтік (репродуктивтік) сөзді меңгеруге қажетті граматикалық минимумды іріктеп алу үшін жоғарыда аталған бес критерийге сүйену керек. Бірінші критерий бойынша ауызекі сөзде көп тараған, жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстар минимумға енгізіледі; мысалы, етістіктің осы шағы, сын есімнің шырайлары, модаль етістіктер т.б. құбылыстар.
Грамматикалық минимумды іріктеудің екінші критерийі- нормативтік. Тіл – нормативтік сипаты бар құбылыс. Қатынас құралы қызметін атқару үшін, сөйлеушілердің (оқырмандардың, тыңдаушылардың) өзара түсінуін қамтамасыз ету үшін минимумға кіретін грамматикалық формалар мен конструкциялардың аналогия бойынша басқа формаларды жасауға үлгі боларлық қабілеті , мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау типтері, келер шақтың жасалуы т.б.
Оқуға үйретуге арналған (пассивтік) грамматикалық минимумның өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ауызша сөзге үйретуге арналған (активтік) минимумға қарағанда әлде қайда үлкен әрі активтік минимум пассивтік минимумның құрамына кіруге тиіс. Пассивтік минимумда оқитын әдебиеттің саласына байланысты әр түрлі функционалдық стильдің ерекшеліктері қамтылады.
Оқуға арналған минимумды іріктеуде методистер мынадай критерийлерге сүйенуді ұсынады. а) грамматикалық құбылыстың кітаби-жазба стильде көп тарағандығы, ә) оның көп мағыналылығы, б) оқып тыңдап отырған текстің мазмұнын түсінуге қажеттігі, в) мағынасын контекстен немесе аналогия бойынша түсінуге болатын грамматикалық құбылыстарды минимумға қоспау.
Бірінші критерий бойынша грамматикалық минимумға тек кітаби- жазба стильде жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстар енгізіледі де, ауызша сөзге тән құбылыстар минимумынан алынып тасталады. Екінші критерий кітаби-жазба стильден жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстардың ішінде көп мағыналыларын ғана минимумға енгізуді талап етеді. Үшінші критерий текстің мазмұнын түсіну үшін қажет жоқ грамматикалық құбылыстарды минимумынан алып тастауды талап етеді, ал төртінші критерий үшіншіні толықтырады.
Грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда грамматикалық материалды методикалық тұрғыдан ұйымдастырудың маңызы зор, өйткені сөз әрекетінің әр алуан түрлерінің грамматикалық жағын меңгеру үшін істелетін жұмыстың нәтижесі, яғни орта мектепте шетел тілдерін оқытудың қорытынды нәтижесі грамматикалық материалды ұйымдастыруға байланысты.
VI.Грамматикалық материалды үйымдастыру.
1.Тіл материалдарын концентрлерге бөлу.
2.Түсіндіруге тиісті граматикалық құбылыстың ерекшелігі.
3.Оқушылардың жас ерекшелігі.
Eгер грамматикалық құбылыс тек рецептивтік мақсатта қолданылуға тиіс болса, яғни оқып (тыңдап) отырған тексті түсіну үшін қажет болса, онда әуелі оның формасын анықтап, сосын оның қандай мағына беретінін түсіндіру керек. Ал грамматикалық құбылыс репродуктивгік мақсатта яғни өз ойын білдіру үшін қолданылатын болса, онда әуелі айтылуға тиісті мазмұнды анықтап, сосын сол мазмұн шетел тілінде қандай формалар арқылы айтылатынын түсіндіру керек. Грамматикалық материалды ұйымдастыруда қазіргі кездегі методистердің басым көпшілігі қолдап отырған келесі қағида — материалды концентрлерге бөліп орналастыру.
Материалды концентрлерге бөліп орналастыру оқушылар шетел тілін оқи бастағаннан-ақ сөзді қарапайым болса да, тілдің нормасына сай дұрыс- құрып дағдылануы үшін қажет. Бұл қағиданы жүзеге асыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі фактор шешуші роль атқарады: a) қиындық бірте-бірте арттырылуға тиіс дейтін дидактикалық ереже, ә) коммуникация мұқтаждығы, яғни оқушыларды әуелі тіл арқылы қатынас жасау үшін қажетті құрылыстармен таныстыру.
Грамматикалық материалды методикалық тұрғыдан ұйымдастырудың келесі тәсілі — жекелеген құбылыстарды біріктіріп, ереже түрінде қорытындылау. Жеткілікті мөлшерде практикалық материалды меңгерген кезде жалпылауыш ережелерді қолданып, жүйеге келтіруге болады. Грамматикалық кұбылысты түсіндіру қысқа, айқын, дәл болып, негізгі уақыттың жаттығуларға бөлінгені жөн. Ереже ана тілінде берілуге тиіс.
Қазіргі кезде шетел тілін оқыту теориясы мен практикасында қолданылып жүрген грамматикалық материалды ұйымдастыру тәсілдерінің бірі — материалды үлгі кұрылымдар немесе сөз үлгілері түрінде ұйымдастыру. Сөз үлгілерінің методикалық тұрғыдан айрықша құндылығы мынада: олар тілдің әр түрлі аспектілерін — грамматиканы, лексиканы, фонетиканы — сөзде қолдануға әзір сөйлемдер түрінде біріктіреді, сөйтіп оқушыларға ережеге сүйене отырып сөйлемдер кұрастырудың орнына үлгінің жаңа түрі болып табылатын сөйлемдер құруға мүмкіндік береді.
Сонымен грамматикалық материалды методикалық тұрғыдан ұйымдастырудың функционалдық, концентрлерге бөлу, нұсқау-ережелер мен жалпылауыш ережелерді қолдану, сөз үлгілерін қолдану тәсілдері бар. Бұл тәсілдер бір-бірімен тығыз байланысты, грамматикалық материалды тусіндіруде, оны бекітуде олар комплексті түрде қолданылады.
Грамматикалық материалды түсіндіруде мынаны ескеру керек: а) түсіндірілуге тиісті грамматикалық құбылыстың ерекшелігі, оның сипаты; ә) бұл құбылыстың сөз әрекетінің қандай түрінде қолданылатыны; б) оқушылардьщ жас ерекшелігі. Осы жағдайларды ескере отырып, оқушы-ларға грамматикалық кұбылыстарды түсіндірудің қазіргі кездегі методикада мынадай үш жолы қолданылады: 1) лексикалық жол, 2) индуктивтік жол және 3) дедуктивтік жол.
Жоғарыда айтылғандай, бүкіл грамматикалық материал 5-кластан 11 -класқа дейін концентр принципімен орналастырылады да, 11-класта жуйеге келтіріледі. Бағдарлама бойынша төменгі және ортаңғы сатыда оқытылатын грамматикалык құбылыстар репродуктивтік және рецептивтік сөз турлерінде қолданылады, сондықтан оқушылар оларды бір жағынан танып, түсіне алуға тиіс, екінші жағынан өз сөзінде қолдана білуге тиіс. Бұл құбылыстардың бір қатары, әсіресе төменгі кластарда, лексикалық жолмен түсіндіріледі. Олай ету себебі: 1) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты — төменғі класс оқушылары нақты ойлайды, оларға жалпылауыш ережелерден гөрі жеке, нақтылы заттар тусініктірек; 2) төменгі класс оқушыларының лексикалық сөз қоры тым аз. Ал грамматикалық ереже көптеген сөздерді қамтымаса, жалпылауыш ереже беруге ерте. Осыған байланысты төменгі кластарда, әсіресе V класта көптеген грамматикалық құбылыстар лексикалық жолмен тусіндірілуге тиіс.
Грамматикалық құбылысты лексикалық жолмен түсіндіру дегеніміз мынау: муғалім ереженің орнына үлгі сөйлем береді. Сосын сол форманың жасалуы, оның қолданылуы туралы ешнәрсе айтпастан, үлгі сөйлемнің мағынасын түсіндіреді. Оқушылар сөйлемнің мағынасын тұтас бір единица ретінде, яғни жаңа бір сөздін мағынасы сияқты түсінеді. Бұл үлгі сөйлем ереже орнына жүреді. Үлгі сөйлемнің мағынасын ашуда мұғалім жаңа сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын тәсілдерді пайдаланады: көрнекілік, контекст, ана тіліне аудару т. б. Сондықтан бұл жолды лексикалық жол деп атайды (басқаша атаулары: грамматиканы құрылымдар, модель, сөз үлгісі арқылы түсіндіру.
Ереже орнына жүретін сөйлем беріліп, оның мағынасы түсіндірілгеннен кейін сол грамматикалық құбылысты алғашқы бекіту сатысы басталады. Ол үшін оқушылар берілген үлгі сөйлемді хормен және жеке-жеке қайталайды. Бұл құбылысты одан әрі бекіту үшін ауызша орын алмастыру жаттығулары жасалады. Синтаксистік құрылым өзгермейді, бірақ сөйлемнің бір сөзі басқа сөзбен алмастырылады. Ол сөзді алмастыруды жеңілдету үшін мұғалім оқушыларға өздері ағылшынша атауын білетін заттардың суретін көрсетіп отырады да, оқушылар сол сөзді сөйлемдегі басқа сөздің орнына қолданады. Сөйтіп оқушылар үлгі сөйлемге қарап, жаңа сөйлемдер құрады. Бұл жаңа сөйлемдер — үлгі сөйлемнің варианттары. Осы жолмен мұғалім оқушылардың жаңа грамматикалық кұбылысты қолдануын автоматтандырады.
Оқушылар бір модельдің көптеген варианттарын меңгергеннен кейін грамматикалық құбылысты қорытып, оларға ереже ұсынылады. Әдетте бұл жоғарғы кластарда болады. Грамматикалық құбылысты іс жүзінде меңгерген оқушыларға грамматикалық ереже шығару онша қиынға түспейді. Оқушылар өздері үйренген модельдерін ұмытып қалмау үшін оларды әлсін-әлсін қайталап отыру керек.
Грамматикалық материалды лексикалық жолмен түсіндірудің практикалық маңызы зор. Бұл әдісті қолданғанда, шетел тілі сабағында ана тілінің қолданылуы қысқарып, шетел тілі ахуалы пайда болады. Бірақ есте сақтайтын бір жайт — әуелде лексикалық жолмен түсіндірілген грам-матикалық материал кейін ереже болып қорытылуы керек. Сонда оқушылар берік білім алады.
ә) Грамматикалық материалды тусіндірудің индуктивтік жолы. V кластың соңында және одан жоғарғы кластарда грамматикалық материал ереже түрінде түсіндіріледі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты және ортаңғы сатыда өтетін грамматикалық материалдың сипатына сай VI—VIII кластарда грамматикалық материалды индуктивтік жолмен түсіндірген жөн. Шетел тілінің грамматикалық құбылысына сәйкес келетін құбылыс ана тілінде бар болса, оны түсіндіру үшін индуктивтік тәсілді пайдаланған тиімді.
Грамматикалык материалды индуктивтік жолмен түсіндіру дегеніміз – мұғалімнің жетекшілігімен көптеген нақты мысалдарды бақылау нәтижесінде грамматикалық ережені оқушылардың қорытуы. Оқушылардың өз бетіше жұмыс істеуі, бақылауы, ережені қорытуы олардың белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады, талдау жасауға дағдыландырып, салыстыруға үйретеді. Демек индуктивтік жолдың үлкен тәрбиелік мәні бар.
Мысалдарды бақылап отырып, ережені оқушылар өздері қорытып айтқаннан кейін мүғалім сол ережені толық, дәл етіп тағы бір рет айтып береді де, жаттығулар жасауға кіріседі. Индуктивтік тәсілдің ұлкен тәрбиелік мәні болғанмен, оның бір кемшілігі бар — ол көп уақыт алады. Соның салдарынан сабақта жаттығулар жасауға аз уақыт қалады. Ал грамматикалық қүбылыстың қолданылуын автоматтандыру үшін көп жаттығулар жасау керек. Бұл кемшілікті жоюға дедуктивтік тәсіл көмектеседі.
б) Грамматикалық материалды түсіндірудің д е д у к т и в т і к ж о л ы . Дедуктивтік жол дегеніміз — ережені мүғалім мүмкіндігінше қысқа, дәл түсіндіреді де, грамматикалык қүбылысты бекітуге жаттығулар жасайды. Бүл әдісті көбінесе жоғары кластарда колданады. Дегенмен, ортаңғы кластарда да осы тәсілді қолдануға болады.
Индуктивтік және дедуктивтік тәсілдер бір-бірімен тығыз байланысты. Бүларды кейде бір-бірінен ажыратып қарау киын. Сондықтан оларды кейде индуктивтік-дедуктивтік тәсіл немесе дедуктивтік-индуктивтік тәсіл деп атайды.
Грамматикалық материалды түсіндіргенде мүғалім мынаны есінен шығармауы керек:
1) Грамматиканы түсіндіргенде тек оқушыларға таныс лексиканы қолдануға болады. Мүны б і р ғана қиындык принципі деп атайды.
2) Грамматикалық материалды текст оқудан бүрын өту керек. Бұл принциптің аты — материалды алдын ала ауызша өту принципі.
3) Грамматикалық материал орта мектепте ана тілінде түсіндіріледі. Шетел тілінің грамматикалық терминдері ана тілінде оған сәйкес қүбылыс болмағанда ғана қолданылады.
Грамматиканы түсіндіргенде, жоғарыда айтылғандай, функционалдық принципті қолдану қажет, яғни бұл қүбылыс өз ойын айту үшін репродуктивтік сөзде немесе оқып (тыңдап) отырған тексті түсіну үшін рецептивтік сөзде қолданылама соны ескеру керек. Демек, грамматикалық ережелер өз ойын айту немесе тексті түсіну үшін нұсқау түрінде берілуге тиіс. Грамматиканы оқытудағы басты міндет сол грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамыту болғандықтан, шетел тілін оқытуда грамматикалық материалды бекітуге арналған жаттығулар жетекші орын алады. Грамматикалық дағдыларды қалыптастырудағы басты қиындық тілдің жекелеген фактілерін есте сақтап қалуда емес, сол фактілерді қолдануда. Грамматикалық материалды бекітуге арналған жаттығулар төмендегі талаптарға сәйкес болуға тиіс:
1) Жаттығулар грамматикалық материалмен жұмыс істеуге уйретуге тиіс.
2) Олар сөз әрекетінің дамытылып отырған түрлерінің психофизиологиялық және лингвистикалық заңдылықтарына сәйкес келуі керек.
3) Жаттығулардың коммуникативтік бағдары болуға тиіс.
4) Жаттығулар дидактиканың жеңілден ауырға қарай деген принципіне сәйкес болуға тиіс.
5) Олар оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс.
VII -VIII. Лексикалық дағдыларды қалыптастыру. Лексиканы іріктеу критерийлері.
1.Түбірлес сөздер.
2.Мағынасы сайкес келмеитін сөздер.
3.Мағынасы сайкес келетін сөздер.
4.Мағыналары жартылай ұқсас сөздер.
5.Сыныптар бойынша лексика көлемі.
6.Пассивтік сөздік.
7..Активтік сөздік.
Оқу процесінде оқушылар меңгеруге тиісті шетел тілі аспектілерінің ішінде аса маңыздысы — лексика, өйткені шамалы болса да, сөздік корын игермей, шетел тілін іс жүзінде меңгеру мүмкін емес. Kейбір грамматикалық материалды меңгермегендіктен, сөзде грамматикалық қателер бола тұрса да, адамдар арасында қатынас болуы мүмкін, олар бір-бірімен тұсінісе алады. лексиканы меңгеру өз алдына оқыту мақсаты екен деген қорытынды шықпау керек. Маңызы қандай зор болғанымен лексиканы меңгеру оқытудың мақсаты емес, тек сол мақсатқа жетудың өте маңызды құралы. Сонымен лексиканы лексика үшін емес, оны сөзде қолдана алу үшін меңгеру керек, яғни басқа адамдардың сөзін оқып немесе тыңдап-түсіну, өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде жеткізу үшін қажетті лексиканы қолдана алатындай шамада меңгеру жөн. Онсыз шетел тілінде сөз іскерліктері мен дағдыларын меңгеру мүмкін емес.
Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлеміне үлгі бағдарлама мынандай талаптар қояды. Шетел тілін оқытудың бүкіл курсында, яғни V кластан XI класты бітіргенше мектеп окушылары 1000 сөз меңгеруге тиіс. Оның ішінде 700 сөзді оқушылар рецептивтік сөзде де, репродуктивтік сөзде де қолдана алатындай, ал қалған 300 сөзді тек рецептивтік сөзде қолданатындай дәрежеде меңгеруге тиіс. Соның ішінде кластар бойынша лексика көлемі мынадай болуы керек.
V класта оқушылар 300 сөз менгеруге тиіс. Бұл сөздерді олар рецептивтік сөзде де, репродуктнвтік сөзде де қолданып, сөйлегенде, текстерді оқығанда танып, түсінуге тиіс. VI класс оқушылары V класта үйренген 300 сөзге қосымша 200 сөз үйренеді, небәрі 500 сөз. Бұл сөздерді де оқушылар өз сөзінде қолдана алуға және тексті оңып (немесе тыңдап) отырғанда танып, түсінуге тиіс. VII класта оқушылар 700 сөз үйренеді. Яғни 500 сөзді олар өткен кластарда үйренген, VII класта жаңадан 200 сөз үйренеді. Оның ішінде 600 сөзді оқушылар рецептивтік және репродуктивтік сөзде қолдана білуге тиіс, ал 100 сөзді тек рецептивтік түрде меңгеруге, яғни танып тусінуте тек. VIII класта жалпы меңгерілуге тиісті сөз саны 800, оның ішінде репродуктивтік сөзде қолданылатыны — 650, қалған 150 сөзді оқушілар рецептивтік түрде қолдану үшін, яғни тек танып, түсіну үшін меңгереді. IX класта жалпы меңгерілетін сөз саны —900, оның ішінде продуктивтік түрде меңгерілетіні —700, 200 сөз рецептивтік түрде меңгерілуге тиіс. X класта жалпы сөз саны —950, рецептивтік және репродуктивтік түрде меңгерілетіні —700, тек рецептивтік түрде менгерілетіні —250 сөз. XI класта оқушылар 1000 сөз меңгеруте тиіс, оның ішінде 700 сөзді олар рецептивтік сөзде де, репродуктивтік сөзде де қолдана білуге тиіс, ал қалған 300 сөзді тек рецептивтік түрде колданады.
Сонымен бағдарлама орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемін 1000 сөзбен шектеп отыр. Мұның мәні бар. Қиындығы орташа текстердің 80%-ін тусіну үшін ең жиі қолданылатын 1000 сөз жеткілікті. Одан кейінгі жиі қолданылатын екінші мың сөз 8 —10%, ушінші мың сөз тек 4% қосады, төртінші және бесінші мың сөз небәрі 2% қосады екн. Олай болса белгілі принциптер негізінде іріктеліп алынған алғашқы екі мың сөз текстің 85—90%-ін түсінуге мүмкіндік береді, ал бірінші мың сөзге сүйеніп текстің 80%-ін түсінуге болады. Сондықтан бағдарлама орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемін 1000 сөзбен шектеп отыр. Бұдан орта мектепте меңгерілуге тиісті 1000 сөзді іріктеп алу қажеттігі туады.
Шетел тілдерін оқыту барысында сол тілдің барлық, сөздік қорын меңгеру мүмкін емес, өйткені шетел тілін оқытуға бөлінген уақыт шектелген. Совет методикасында лексикалық минимумды іріктеудің негізгі прин-циптерін біршама толық түрде қамтыған И. В. Рахманов ең әуелі активтік сөздік пен пассивтік сөздікті ажырату қажеттігін атап көрсетеді. Ол әуелі пассивтік сөздікті іріктеу принциптері келтіреді: 1) сөздердің тіркесу қабілеті, 2) стильдік шектелмегендігі, 3) семантикалық құндылығы, 4) сөз тудыру құндылығы, 5) көп мағыналылығы, көмекші сөз ретінде қолданылу мүмкікдігі және жиілігі. Бұлардың алғашқы үшеуі негізгі, соңғы төртеуі қосымша принциптер. Осы принциптер негізінде пассивтік сөздікті іріктеп алған соң, соның ішінен активтік сөздікті іріктеп алу керек. Ол үшін жоғарыда аталған принциптерге қосымша тағы да екі принцип қолданылады: синонимдерді минимумға енгізбеу және ұғымдарды түсіндіру принципі.
Қазіргі кезде методикада қолданылып жүрген сөздерді іріктеу принциптерін үш топқа бөледі: I топ — статистиқалық принциптер, II топ — методикалық принциптер, IIІ топ — лингвистикалық принциптер. Бұл принциптер бір-бірімен тығыз байланысты және жоғарыда аталған И. В. Рахмановтың принциптеріне сүйеніп, оларды одан әрі дамытады. Бұл принциптер мыналар:
I топқа жататын негізгі принциптер — сөздің қолданылу жиілігі және оның көп тарағандығы. Сөздің қолданылу жиілігі деп оның бір тексте немесе зертелген текстердің бәрінде неше рет кездескен санын айтады.Ал оның көп тарағандығы дегеніміз – зерттелген текстерде сол сөздің кездесуі (әр тексте ең болмаса бір рет кездесуі). Сөздерді минимумға іріктеп алу үшін бұл екі принципті жеке-жеке емес, комплексті түрде пайдаланған жөн.
II топқа орта мектепте шетел тілдері оқыту мақсатын ескеретін принциптер жатады, яғни активтік лексиканы бір бөлек, пассивтік лексиканы бір бөлек іріктеуді талап ететін принциптер. Бұл топқа жататын принциптер мыналар: а) бағдарламада белгіленген тақырыптарға сәйкестік принципі. Бұл принцип бойынша минимумға тек орта мектепте окытылатын тақырыптарға сәйкес келетін сөздер ғана енгізіледі; ә) үғымды бейнелеу принципі, яғни минимумға көптеген ұғымдарды бейнелеуге қатысатын сөздерді енгізу принципі. Бұл принцип негізінде арнайы терминдер мен белгілі топтар ғана қолданатын сөздер (мысалы, кәсіптік сөздер) минимумға енгізілмейді; б) семантикалық принцип бойынша минимумға бағдарламалық тақырыптарға байланысты аса маңызды сөздер іріктеліп алынады.
III топқа жататын принциптер мыналар: а) сөздердің бір-бірімен тіркесу қабілетін ескеру. Бұл принципке негізінде минимумға неғұрлым көп сөздермен тіркесіп, көптеген сөз тіркестерін құрайтын сөздер енгізіледі; ә) сөз тудыру құндылығы, яғни сөздің туынды сөздерге негіз болу қабілеті. Бұл принцип бойынша неғұрлым көп туынды сөздерге негіз бола алатын, сөйтіп жаңа сөздің мағынасын болжауға, өз бетімен ашуға мүмкіндік беретін сөздер алынады; б) сөздің көп мағыналылығын ескеру принципі; в) минимумға стилистикалық тұрғыдан шектелмеген сөздерді енгізу принципі бойынша тілдің әр түрлі стилінде қолданылу сөздер іріктеліп алынады; г) сөздердің кө-мекші сөз ретінде колданылу мүмкіндігін ескеру принципі және ғ) синонимдерді минимумға енгізбеу принципі.
Активтік сөздерді іріктеуде I, П топ принциптері толық пайдаланылады да, III топ прикциптерінің кейбіреулері қолданылады: синонимдерді енгізбеу, тіркесу қабілеті, сөз тудыру кұндылығы және көп мағыналылық принциптері.
Пассивтік сөздерді іріктеуде I топ принциптері мен
семантикалық принцип, сөз тудыру құндылығы, көп мағыналылық принциптері және тақырыпқа қатыстылығы пайдаланылады.
1.Тестілік сауалнама.
1.Шет тілін оқытудың ең көне әдісі.
А) Бір уақыттылы
В) Қазіргі ауызша- лингвистикалық
С) Грамматикалық-аудармалы
Д) меңгерту әдісі
Е) дедуктивті
2. Грамматикалық- аудармалы әдіс қашан кеңінен таралды?
А) 11,14 -ғасырда
В) 18,19- ғасырда
С) 20- ғасырда
Д) қазіргі таңда
Е) 17- ғасырда
3. Меңгерту әдісінің 1-ші бағытын атаңыз.
А) оқу бағыты
В) жазу бағыты
С) практикалық бағыт
Д)аудару бағыты
Е) сөздік бағыты
4. Қарым-қатыныстықтың негізі не?
А) сөйлеу
В) жазу
С) ассимиляция
Д) оқу
Е) көрсету
5. Білім беру мақсаты нені білдіреді?
А) ақыл ойды дамыту
В) шет тілінде сөйлеу
С) білім беру
Д) қабылдау
Е) салт-дәстүрді дамыту
6. Палмер әдісі неге негізделген ?
А) ауызша тіл
В) жазу
С) оқу
Д) ойнау
Е) көрсету
7. Шет тілін оқытудың неше мақсаты бар?
А) 3
В) 5
С) 7
Д) 10
Е) 2
8. Қазіргі жаңа әдіс дегеннен нені түсінеміз?
А) жазу
В) ойнау
С) оқу
Д) тыңдамалы-лингвистикалық дағды
Е) көрсету
9.Монологтың неше түрі бар?
А) 7
В) 3
С) 5
Д) 8
Е) 2
10.Ерікті сабақ не үшін оқытылады?
А) сабақты тереңірек оқу үшін
В) ойнату үшін
С) балаларды тәрбиелеу үшін
Д) топтарды біріктіру
Е) көмек беру
11. Сыныптан тыс жұмыс қалай оқытылады?
А) қажеттілік үшін
В) еріксіз
С) ерікті
Д) ойын үшін
Е) үйде
12. Ұзақ оқыту принципі
А) оқушының жазуы
В) оқушының көруі
С) оқушының сөйлеуі
Д) оқушының аударуы
Е) оқушының есте сақтауы
13. Саналы ұғынудың принципі
А) оқушы жазғанда
В) оқушы ойнағанда
С) оқушы көргенде
Д) оқушы түсінгенде
Е) оқушы аударғанда
14. Көрнекіліктің принципі
А) тыңдаған кезде
В) көрнекілік көрсету
С) ойнату
Д) аудару
Е) түсіндіру
15.Метод термині шыққан тіл ?
А) латын
В) грек
С) ағылшын
Д) неміс
Е) орыс
16.Әрекетшілдіктің принципі
А) аудару
В) ойнау
С) жазу
Д) оқушыларды сөйлеуге тарту
Е) түсіндіру
17.Оқушылар оқу барысында сөйлеудің қандай дағдысын үйрену керек ?
А) тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу.
В) ойнау
С) жаттығу жасау
Д) бірге жұмыс жасау
Е) дыбыстарды білу.
18. Шет тілін оқыту әдісі қандай ғылыммен тығыз байланысты ?
А) анатомия
В) педагогика
С) физика
Д) өнер
Е) геология
19.Ағылшын тілі кабинетіндегі құрал –жабдықтар не үшін қажет ?
А) оқушыларды қызықтыру үшін
В) ойын үшін
С) өлең айту үшін
Д) эстетика
Е) оқытушы үшін
20.Ағылшын тілінде сөздердің орын тәртібі
а) тұрақты
в) ауыспалы
с) орын тәртібі жоқ
д) қатаң, қатал
21.Меңгерту әдісі пайда болды;
А)19 ғ.
В) 17ғ.
С)20 ғ.
Д)21 ғ.
Е) қазіргі таңда
22.Оқытудың тәжірибелік мақсаты;
А) оқу
В) жазу
С) шет тілін қолдану
Д) тыңдау
Е) ойнау
23.Оқытудың білімділік мақсаты;
А) ақыл –ойды дамыту
В) оқып тыңдау
С) тыңдау
Д) сөйлеу
Е) жазу
24. Оқытудың мәдени мақсаты ;
А) оқу
В) жазу
С) тілін үйреніп жатқан елдің салт- дәстүрлерімен танысу
Д) тыңдаумен танысу
Е) саясаттанушылармен танысу
25. Оқыту барысындағы оқытушының қолданатын материялы;
А) тақта
В) қалам
С) дәптер
Д)оқытушы кітабы
Е) магнитафон
2.Тестілік сауалнама.
1.Көрнекі құралдарды ата;
А) тақта, магнитафон
В) дәптер
С) оқытушы кітабы
Д) журнал
Е) газет
2.Грамматиканы үйренуде қандай жұмыс пайдалырақ?
А) оқу
В) ауызша қайталау
С) жазу
Д) саналы ұғыну
Е) есте сақтау
3.Сыныптан тыс жұмысының типін ата;
А) топ
В) жеке-дара
С) сабақтар
Д) консультация
Е)кештер мен жиналыстар
4. Оқу процесін бақылау әдісі
А) ой топшылау
Ә) белсенділік таныту
Б) мұғалімнің сабақ жүйесіндегі қолданатын әдіс-тәсілдерін бақылау
В) қорытынды шығару
5.Балалар бақшасында ағылшын тілі сабағы;
А) 45 мин
В) 25 мин
С) 20 мин
Д) 1 сағат
Е) 10 мин
6. Балалар бақшасында ағылшын тілін оқытуға кеңес беріледі;
А) 7 жастан
В) 4 жастан
С) 5 жастан
Д) 2 жастан
Е) 8 жастан
7. Мына сөздердің қайсысы нақты сөздер;
А) дүние, сену;
В) шын, уәде;
С) көше, аспан;
Д) жырақтау, бағалау;
Е) бірге, арасында;
8. Мына сөздердің қайсысы абстракт сөздер ;
А) дүние, үй;
В) кітап, ай;
С) оқу, би;
Д) мен, біз;
Е) Лондон, Минск;
9. Мына сөздердің қайсысы құрылымдық;
А) менің, біз;
В) ұзын, биік;
С) уәде, шын;
Д) әдемі ;
Е) тамаша;
10. Сөйлеуге оқытудағы ең маңызды не?
А) монолог
В) диалог
С) жазу
Д) аудару
Е) оқу
11.Грамматиканы оқытудың маңызы не?
А) саналы ұғыну
В) тыңдау
С) аудару
Д) жазу
Е) сөйлеу
12.Сөйлеуді дамытуға қандай жаттығулар ұсынылған?
А) жазу
В) тыңдау
С) айтып беру
Д) ауызша жаттығулар
Е) информация алу
13.Жазбаша бақылау жұмыстарының түрлерін ата.
А) шығарма
В) хат
С) диктант, мазмұндама
Д) оқиға
Е) айтып беру
14.Ауызша бақылау жұмыстарының түрлерін ата.
А) хат
В) шығарма
С) диктант
Д) айту, сұрақ қою және жауап беру.
Е) тыңдау
15.Тыңдау қандай принциптерге негізделген?
А) көрнекілік
В) жеке дара қасиет
С) жазу
Д) оқу
Е) тыңдау
16. Ағылшын тілін оқытудың маңызы құрайды:
А) үйреніп жатқан тілдің тарихы мен әдебиетін оқыту
В) Лингвистикалық-психологиялық және әдістемелік құрамы
С) оқу
Д) жаттығу орындауды дамыту
Е) жазуды дамыту
17.Ойынды қолдану қайсы дәрежеде пайдалы екенін белгіле:
А) орта дәрежеде
В) жоғары
С) бастауыш
Д) ерте дәрежеде
Е) факультатив
18.Ағылшын тілі сабағында басылымдармен (газетпен) жұмыс пайдалы:
А) мұғалімнің көмегімен жаңа сөздерді таныстыру.
В) қызықты мәлімет
С) артикль түрі
Д) сөздер қоры
Е) грамматикалық жаттығулар
19.Грамматиканы оқыту немен басталады?
А) грамматикалық жаттығулармен
В) жаңа сөздер құрылымы мен таныстырудан
С) саналы ұғындырудан
Д) ауызша жаттығулардан
Е) ана тілімен салыстырудан
20.Сабақта ең маңыздысы не?
А) көрнекі құралдар
В) топтық жұмыс
С) оқушылардың белсенділігі
Д) оқу
Е) мақсаты және маңызы
21.Жай орта мектептерде ағылшын тілін оқыту басталады:
А) 7 ші сыныпта
В) 9 щы сыныпта
С) 3 ші сыныпта
Д) 4 ші сыныпта
Е) 1 ші сыныпта
22. Әрбір ағылшын сабағы басталуы керек:
А) үй жұмысынан
В) ауызша жаттығудан
С) фонетикалық жаттығудан
Д) жазудан
Е) оқу
23. Тесттер не үшін қолданылады?
А) үй жұмысына
В) оқуға
С) оқытудың жетістігін өлшеу үшін
Д) жазуға
Е) ойынға
24. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың маңызы не?
А) тесттер
В) тапсырмалар
С) оқу
Д) ойындар
Е) жазу
25. Оқудың түрлерін ата:
А) жазу
В) таңдау
С) көріп шығу
Д) хормен және жеке
Е) ауызша және үнсіз
ЕКІНШІ АРАЛЫЌ БАЌЫЛАУ
ЕКІНШІ АРАЛЫЌ БАЌЫЛАУ № | Таќырыбы | Балл | Баќылау т‰рі | 1. |
Шетел тілін оқытуда лексиканың маңызы
1.Ағылшын тілі лексикасының методикалық типологиясы
2.Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлеміне қойылатын бағдарлама талаптары
| 1 б |
Коллоквиум
| 2. | Тыңдап – түсінуге үйрету
1.Тыңдап түсіну –– сөз әрекетінің түрі, оның сөйлеумен, оқумен және жазумен байланысы.
2.Сөзді тыңдап-түсінудегі қиындықтар
3. Жалпыға ортақ қиындықтар
| 2 б | Семинар с±раќтары.
Коллоквиум
| 3. | Тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар
1.Тіл (дайындық) жаттығулар
2.Сөз жаттығулар (творчестволық жаттығулар)
| 1 б |
Дµњгелек ‰стел
| 4. | Сөйлеуге үйрету методикасы
1.Сөйлеу — сөз әрекетінің бір түрі.
2.Монолог сөзге үйрету
| 2 б | ‡й тап.бойын. тусін.с±рау. | 5. |
Ағылшын тілінде оқуға үйрету
1.Оқу — сөз әрекетінің бір түрі
2. Оқытудың құралы
| 3 б
| Тест.
Коллоквиум
| 6. |
Дауыстап оқудың түрлері
1. Хормен оқу
2.Жеке-жеке оқу
| 1 б | Семинар с±раќтары. | 7. | Шетел тілін оқыту методикасында оқуға байланысты іскерліктер
1.Тіл материалын түсінуге қажетті іскерліктер және оларды дамытуға арналған жаттығулар.
2. Мәтіннің мазмұнын түсінуге қажетті іскерліктер және оларды дамытуға арналған жаттығулар.
|
3 б
| ‡й тап.бойын. тусін.с±рау. Глоссарий | 8. | Ағылшын тілінде жазуға үйрету.
1. Жазу — сөз әрекетінің түрі:
2. Жазу техникасын меңгеруде — орфографиялық дағдыларды меңгеру.
| 2 б | Тест. | | Барлыѓы | 15 б | |
Достарыңызбен бөлісу: |