«гуманитарлыќ білім» факультеті


II.Тыңдап – түсінуге үйрету



бет8/14
Дата25.02.2016
өлшемі0.86 Mb.
#25918
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

II.Тыңдап – түсінуге үйрету


1.Тыңдап түсіну –– сөз әрекетінің түрі, оның сөйлеумен, оқумен және жазумен байланысы.

2.Сөзді тыңдап-түсінудегі қиындықтар

3. Жалпыға ортақ қиындықтар
Тыңдап-түсіну сөз әрекетінің басқа түрлерімен тығыз байланысты. Тыңдап-түсіну де, сөйлеу де сөз әрекетінің ауызекі түріне жатады. Ауызша сөзді қабылдай отырып, тыңдаушы моторлы анализатордьң көмегімен дыбыстық бейнелерді артикуляциялық бейнелерге айналдырады. Сөйтіп, моторлы (сөз қозғау) анализатор мен есту анализаторы арасында берік функционалдық байланыс пайда болады. Осыған орай, тыңдап-түсіну ішкі сөзбен де тығыз байланысты. Дыбыстық бейнелерді артикуляциялық бейнелерге айналдыру арқылы тыңдаушы естігенін ішкі сөзде қайталап отырады. Соның нәтижесінде ол естігенін түсінеді. Демек тыңдағанды түсіну үшін ішкі сөздің маңызы зор.

Тыңдап-түсіну процесіне көру анализаторы да қатысады. Жалпы көру анализаторы сыртқы дүние туралы хабар алуда барлық басқа анализаторлардан артық. Тыңдап-түсіну барысында көру анализаторы тыңдаған сөздің мағынасын түсінуге көп жеңілдік тудырады. Сөйлеу органдары, қимыл-қозғалыс сияқты көру белгілері тыңдауды, естігенін ішкі сөзде қайталауды жеңілдетеді. Демек сөйлеушінің сөйлеу органдарының қозғалысын әр түрлі қимылдары мен ымын бақылау тыңдаушыға естігенін түсінуді жеңілдетеді.

Естігенін түсінуді жеңілдетуде көру анализаторының тағы бір көмегі мынада: егер тыңдаушы тыңдап отырған мәтінінің (текстің) жазбаша нұсқасын көріп отырса, онда ол естігенін әлдеқайда жеңіл түсінеді. Бұдан тыңдап-түсінудің оқумен тығыз байланысы көрінеді. Оның үстіне тыңдап-түсіну мен оқу сөз әрекетінің импрессивтік түріне жатады. Яғни екеуі де сөзді қабылдап, оны түсіну болып табылады. Тек тыңдап-түсінуде ауызша айтылған сезді қабылдап, түсіну керек болса, оқуда жазбаша сөзді қабыл-дап, түсіну керек. Сонымен тыңдап-түсіну сөйлеумен де, оқумен де, жазумен де байланысты.

Сөзді тыңдап-түсінудегі қиындықтар


Тыңдап-түсінуге үйрету барысында оқушылар көптеген қиындықтарға кездеседі. Тыңдап-түсінуге уйретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдорын жақсы білуге тиіс.

Тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар негізінен екі топқа бөлінеді: а) қай тілде болмасын тыңдап-түсінуге үйретуде кездесетін жалпыға бірдей ортақ қиындықтар; ә) тек белгілі бір тілде тыңдап үйренуде кездесетін, арнайы қиындықтар. Аѓылшын тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсінуге үйрету үшін жалпыға бірдей, ортақ қиындықтарды жане қазақ оқушылары неміс тілінде тыңдап үйрену барысында кездесетін қиыңдықтарды білу керек.

Енді тыңдап-түсінуге үйрету барысында кездесетін қиындықтардың аталған түрлерін жеке-жеке қарастырып өтелік.

Жалпыға ортақ қиындықтар


Төменде аталатын қиындықтар кез келген тілде тыңдап-түсінуге үйрену барысьнда кездеседі. Демек, олар қазақ оқушылары неміс тілінде айтылған ауызша сөзді тьңдап-түсінуге үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:

1. Белгілі бір ойды, мазмұнды айтып жеткізу үшін сөйлеушінің қолданған тіл материалы мен оқушылар меңгерген тіл материалының арасьшдағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші оқушының меңгерген тіл материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін. Тыңдап отырған мәтінде кездескен таныс емес сездер, оқылмаған грамматикалық құбылыстар оқушыға тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы — оқушылардьң пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көпдеген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп — жеке айтылғанда аудитор (тьшдаушы) сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз құрамында кездестіргенде, сол аудитор тани алмай қалады. Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін оқушылырдың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын болжауға ұсақ текстерде өткен лексиканы тануға дағдыландыратын жаттығуларды орындау қажет, сондықтан окушыларды кейбір таныс емес сөздері бар мәтіннің мазмұнын түсінуге де дағдыландыру керек.

2. Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Олай болса, неміс тілі мұғалімінін де өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты шетел тілі муғалімдері мен методистері ,мынадай сұрақ қояды: неге алты жыл бойы шетел тілін оқыған оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарын тусінеді де, дәл сол сұрақтарды шетелдік адам қойса, түсінбейді? Бұл жерде сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге ықпал етеді. Мысалы, ер адамның жұмсақ қоңыр даусын тусіну жеңілірек те, әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы дауысты түсіну қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңудің жолы — сабақта техникалық құралдарды, әсіресе магнитофонды жиі қолдану. Магнитофонға ер адамның да, әйел адамның да, баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тыңдату керек. Сонда әр түрлі тембрлі дауыстарды тыңдап, дағдыланған оқушы өз муғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап-түсіне алады.

3. Әдетте мұғалім сабақта немісше сөйлегенде, өте баяу ырғақпен сөйлейді. Мұндағы мақсат — мұғалімнің аѓылшынша айтқанын барлық оқушылар түсінсін дегендік, баяу сөйлесе, оқушьшың түсінуіне жеңіл болады деп ойлағандық. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, одан тезірек сөйлегенде, түсінбей қалады. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де, ілесе алмай қалады. Соның салдарынан олар қалыпты ырғақпен айтылған сөзді түсіне алмайды.

4. Мұғалім сабақта аѓылшынша сөйлегенде, тағы мынадай бір қателік жасайды. Айтқанымды оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол аѓылшынша бір айтқанын бірнеше рет қайталап айтады (әдетте 3-4 рет). Осыған әбден дағдыланып алған оқушылар мұғалім сөйлей бастағанда ауелде оның сөзіне, мүлдем құлақ аспайды. Айтканын екінші, үшінші рет қайталауын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, тек бір-ақ рет айтады. Қайталап тыңдауға дағдыланған оқушылар алғашқыда айтылған сөзді тыңдамай, оны естімей қалады да, түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардың тыңдап-түсінуіне үлкен қиындық келтіреді.

Тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсіну үшін оны оқушыларға бір-ақ рет тыңдату керек. Ал сол түсінген мазмұнды қайталап айтып беру керек болған жағдайда оны екінші рет тыңдатуға болады. Олай болса, аѓылшын тілін оқыта бастағаннан ақ мұғалім өз сөзін қайталамауға тырысуы тиіс, сөйтіп оқушыларды бір айт-қаннан тусінуге дағдыландыру керек.

5. Жалпыға ортақ келесі қиындық : егер тыңдаушы сөйлеушінің бет-әлпетін көріп, оңың сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді. Мысалы, үлкен аудиторияда соңғы қатарда отырған адам лекцияны (баяндаманы) нашар түсінуінің себебі оның нашар естуіне байланысты емес, онын лекторды (баяндамашыны) нашар көруіне байланысты.

Нағыз коммуникация барысында аудитор сөйлеушіні көре алмайтын жағдайлар кездесуі ғажап емес. Мысалы, сөйлеуші көрші бөлмеде болуы мүмкін. Сондай-ақ телефонмен сейлескенде де тыңдаушы сөйлеушіні көре алмайды. Радиохабарларды тыңдағанда да дикторды көріп, оның бет-әлпетін, сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайлар тыңдап отырған сөзді түсінуді ауырлатып, көп қиындықтар келтіреді.

Магнитофонға жазылған мәтіндерді тыңдауға дағдылану нәтижесіиде оқушылар сөйлеушіні көрмей, оның сөзін тусінуте үйренеді.

6. Жалпыға ортақ қиындықтардың келесі түрі аудитивтік мәтіннің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уакыт тек басқа адамның сөзін тындағанда, тыңдаушы шаршап, жалығады, сондықтан тыңдағанын түсіне алмайды. Дегенмен оқушылардың алғашқы сатыда тез шаршайтынын ескере отырып, 1,5—2 минут ұзақтық дұрыс деуге болады. Одан артық болса, оқушылар шаршайды да, тыңдай алмайды, түсінбейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет