Гуманитарлық пәндер



бет26/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Бекіту сұрақтары:

  1. Әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері және балалармен байланысы

  2. Классикалық үлгідегі балалар әдебиеті

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
15 Дәріс. Балалар әдебиеті дамуының қазіргі проблемалары. Әдеби процесс ұғымы мен балалар әдебиеті процесінің даму жайы. Балалар прозасы, балалар поэзиясы, балалар драматургиясының даму жайы. Балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі.
Сағат саны-1
Жоспары
1. Балалар әдебиеті дамуының қазіргі проблемалары.
2. Әдеби процесс ұғымы мен балалар әдебиеті процесінің даму жайы.
3. Балалар прозасы, балалар поэзиясы, балалар драматургиясының даму жайы
Біздің қазақ балалар әдебиетінде, оқулықтарды қоспағанда, соңғы жылдарға дейін балалардың көркем әдебиеті ғана дамып келді. Ыбырай Алтынсариннен бастау алатын бұл жазба әдебиетке Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин сынды әдебиет алыптары орыс әдебиетінің ірі өкілдері Александр Пушкин, Лев Толстойлардың орыс балалар әдебиетіне қосқан үлесіндей елеулі үлес қосты. Елдің ең басты болашағын ойлау деген сондай-ақ болар. Балаларға арнап әдейі көркем дүние жазбағанымен, үлкен дүниелерінен үзінді болса да, бірді-екілі шығармалар ақын-жазушылардың қай-қайсысынан да табылады.
Ал балалардың көркем әдебиеті Сапарғали Бегалин мен Өтебай Тұрманжанов, Сейітжан Омаров сынды ақсақалдарымыздан басталады. Сол ақсақалдарымыздың ізін басып, бұл салада қатарласа үзеңгі қағыстыра еңбек еткен Мұзафар Әлімбаев, Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Әнуарбек Дүйсенбиев, Нәсіреддин Сералиев, Мүбарак Жаманбалинов, Оспанхан Әубәкіров, Жәнібек Кәрбозин, Қастек Баянбаев, Машқар Гумеров, Қабдыкәрім Ыдырысов, Жақан Смақов, Мұхамеджан Етекбаев, Құрманбай Толыбаев, Әбдібай Табылдиев, Есентай Ерботин, Абдырахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Ескен Елубаев, Марат Қабанбаевтар қазақ балалар әдебиетін жаңа биікке көтерді. Мырзабек Дүйсенов, Мәди Айымбетов, Несіпбек Айтов, Жарасқан Әбдірашев, Роза Әбілқадырова, Совет Әлімқұлов, Жақау Дәуренбеков, Танат Дәуренбеков, Зейнелғаби Иманбаев, тағы басқа көптеген ақын-жазушылар балалар әдебиетінің іргесін кеңейте түсті.
КІТАПТАРДЫҢ ТАРАЛЫМЫ НЕГЕ АЗ? Елімізде 8000-нан астам кітапхана бар екен. Ал кейбір кітап басылымдары тіптен аз тираж шығарылады.
Сонда қазіргі уақытта кітапханалардың сұранысын да қамтамасыз ете алмай отырмыз.Не істеу керек? Кітап тарату жүйесін құрмай, іс оңға баспайды. Жазушылар өз тарапынан құра алмайды. Мол қаржы керек. Және жазуды доғарып, кітап тарату ісімен шұғылданатын кәсіпкерге айналу керек. Дүкендер ашу керек. Өз дүкені болмаса, кітап дүкендері үстіне 50 пайызға дейін қосып сатады. Сөйтіп, кәсіпкердің кітап саудасынан пайда түсірмек тұрмақ, қарызға белшесінен батуына тура келеді. Бағасы шарықтап кеткен кітапты, кім ала қойсын. Ауыл мектептеріне жетуге жол шығыны тағы бар. Жеткенмен мектеп маңында сауда жүргізуге тыйым салынған.
Болмашы тиражбен шыққан кітапқа, тіпті, кітапты шығарған фабрика іргесінде тұрса да, алматылық оқушылардың да қолы жете алмайды. Өйткені, кітап дүкендеріне біреу ертіп бармаса, өздігінен бара алмайды. Қауіп көп, қайшыласқан машиналарда қисап жоқ. Біреу ертіп барса, бағасы оттай. Негізгі бағасына 50 пайыз үстемелеп қойған. Бұл да жаңа кітап оқушылар қолдарына бірден жете алмай, араға дүкен деген алыпсатардың араласып кетуінен туындаған жағдай. Әйтпесе, кітапқа қойылатын үстеме баға баяғыдай кітап құнының 10 пайызынан аспауы қажет қой. Монополияға қарсы комитет мұндай жағдайға жол бермей балалардың алғысына кенелсе ғой шіркін! Олардың бұл істі жолға қоюға ықыласы болмаса, не істеу керек? Балаларға арналған кітаптарды тарату мекемелерін қайта құруды Мәдениет және ақпарат министрлігі, болмаса, Білім және ғылым министрлігі қолға алар. Әйтпесе, соғыс кезінде, соғыстан кейінгі жылдары шара-бара деген арбалы кісі ауылдарды, үйлерді аралап жүріп: «Айна бар, тарақ бар, алмағаның қарап қал», – деп әндетіп, ұсақ-түйек тауарларын саудалаған ғой. Соның кебін киіп, ұсақ кәсіпкер болып, мектептердің қасына барып, үзілістерде кітап сатуға ынталы кісілерге білім және ғылым министрлігі рұқсат берсе, кітаптардың аздап болса да, таралуына септігі тиетін секілді. Мектеп кітапханаларын жаңа кітаптармен қамту үшін әкімшіліктер облыстық бюджеттен қаржы бөлуі керек.
Бөлмесе не істейсің? Өз күніңді өзің көр…«Балаларға арналған көркем әдеби кітаптар азайып кетті», – дейді тұтынушылар. Бұл – шындық. Көбейту үшін не істету керек. Ақын-жазушылардың қаламақысын көбейту керек. Конкурстарды көбейту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет