Гуманитарлық пәндер



бет23/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Бекіту сұрақтары:

  1. Б.Бұлқышев және балалар әдебиеті

  2. Ж.Жабаев және балалар әдебиеті

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
13 Дәріс ХХ ғасырдың 60-90жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері.Балалар жазушылар қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр алуандығы: а) бала табиғатына тән мінездердің көрініс беруі (Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, С.Қалиев, Қ.Баянбаев, Е.Елеуов), ә) үлгілі адамдар өміріне құрылған шығармалар (С:Бегалин,Қ.Әбдіқадыров, М.Иманжанов), б) туған жер табиғаты ( М.Мақатаев, Қ.Аманжолов, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, О.Бөкей), в) өз халқын сүюі ( Ж.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Жақыпбаев, Т.Айбергенов, М.Шаханов). Бастауыш сыныпта өтілетін ХХ ғасырдың 60-90жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері.
Сағат саны-1
жоспары
1. Балалар жазушылар қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр алуандығы:
2. Улгілі адамдар өміріне құрылған шығармалар (С:Бегалин,Қ.Әбдіқадыров, М.Иманжанов),
3. Туған жер табиғаты ( М.Мақатаев, Қ.Аманжолов, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, О.Бөкей),
1.Сөз өнері ғылымындағы жанр мәселесі- аса күрделі проблемалардың бірі.Қазақ балалар әдебиетінде жанр мәселесінде де түрліше пікірлер көрінеді. Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған А. Байтұрсынов жанр сөзін қолданбаған.Ол “ шығарманың мазмұны төрт түрде айтылады:1. Жай сөйлеу түрде. 2. Сөйлестірген түрде. 3. Хат түрінде. 4. Аралас түрде” деп жазады.А. Байтұрсыновтың бұл жүйелеуі негізінен тектік(род) тұрғыдан жүзеге асқандығы көрінеді.
Академик З. Қабдолов “ Әдеби жанр термин ретінде шартты,екі мағынада қолданылады:1. әдебиеттің тектері- эпос,лирика,драма; 2. әдеби шығарманың түрлері – әңгіме,роман,баллада, поэма,комедия, трагедия,т.б” деп жазады.Әрі қарай”әдебиеттің тегі-жанр,әдеби шығарма-жанрлық түр”-деп түсіндіреді. Профессор Т. Қожакеев “Жанр дегеніміз-белгілі бір шығарманың көрініс табу формасы” деп біледі.”Белгілі бір шығарманың,газет материалының өзіне ғана тән,өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық,тілдік,стильдік,тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын нұсқайды. Р. Нұрғалиев “ Жанр-тудыратын элементтер деп- сюжет түзілісі,композиция,тақырып,поэтика,бір сөзбен шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік құралдарды айтуға болады” деп,жанр ұғымының аса күрделі көркемдік құралдарды айтуға болады”-деп,жанр ұғымының аса күрделі көркемдік компоненттердің жиынтығынан құралатындығына назар аударады.
Жанр туралы пікірлерді келтіріңкіреп отырғандағы мақсатымыз-бұл мәселенің күрмеуінің күрделілігіне,шешілуі оңай бола қоймайтығына назар аудару.Оның бір ұшығңы жалпы әдебиеттану ғылымындағы “тек” (род), “түр” (вид), “жанр” категорияларының ұғымдық жағынан бір-бірінен ажыратылмай келе жатқандығына да байланысты болса керек. Жанр сөзі “тектің”,”түрдің” синонимі ретінде қолданылып,”поэзия жанры”,”проза жанры”,”лирика жанры”,”сын жанры” деген тіркестер жиі кездесіп жүр.Осы сияқты түрлі шатасулар болмау үшін алдымен,тек,түр, жанр ұғымдарын жеке категория ретінде мағынасын ажыратып нақтылау керек. Біздіңше,”текті”(род) эпос,лирика,драма; “түрді” (вид) поэзия,проза, драма; “жанрды” әңгіме,повесть,роман,дастан,комедия,трагедия,драма, т.б. атауларында ара жігін айырған жөн.
Жанр дегеніміз-“тек” пен “түрдің”, тағы басқа түрлі көркемдік компоненттердің бір-біріне кірігіп,түрліше құрамда қолданылуы барысында пайда болған әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан түрі.
Жанрдың әдебиеттегі жағдайы осылай болғанда,оның сынындағы күйі бұдан да күрделілеу.Ол күрделілік әдеби сынның көркемдік,ғылыми,публицистикалық сипаттарынан,қоғамдық-рухани өмірде атқаратын қызметтерінен тікелей туындайды. Әдеби сын жанрларын анықтау оның осындай сан сипатты табиғатына тікелей байланысты.
2. Қазақ кеңес балалар әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына елеулі еңбек еткен Калмақан Әбдіқадыров {1903—1964), 1935 жылы «Амантай», «ТәттІ кауын» атты суретті кітапшалар шығарды. Соңынан жас өспірімдердің еліктеуіне тұрарлық, спорт мәселесіне байланысты.
«Қажмұқан» атты повесін ұсынды. Мұнда жер жүзілік чемпион атағын алған, біраз мемлекеттерді аралап жүріп күрестен, өле-өлгенше жауырыны жерге тимеген кеңес спортшыларының ірі шебері, алтын, күміс және қоласы бар барлығы 45 медальға ие болған Қажмұқан Мұңайтпасовтың палуандық — спорттық өмір жолымен таныстырады. Жазушы Қажмұқан мен Поддубныйдың достығы, жарқын образдары арқылы жас өспірімдерге көп ұлтты Кеңес Одағындағы интернационалдық тәрбиенің мызғымас күшін, бірлігін, кеңестік патриотизмнің туысқандық бірлестігін және халықтар достығының тарихи тамырларын суреттеп берген. «Жолдас жазушылар, жас буындарды тәрбиелеуде, балалар әдебиетін жасауда ең бірінші жауапты комсомол жазушылар. Партия осылай деп отыр. Біз өзіміздің жеткіншектеріміз үшің коммунистік балалар әдебиетін жасауымыз керек. Дәуірге тұрарлық балалар әдебиетін жасамай партияның сенімін ақтай алмаймыз» деген болатын жазушы Саттар Ерубаев өзінің «Балалар әдебиетін жасайык» деген-мақаласында жазылған.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі аға жазушы Сапарғали Бегалин өз өмірбаяны мен оқушыларын былай деп таныстырған еді.
«Мен 1895 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Дегелек аулында тудым. Есейе келе өз үйімнің аз ғана малын бағып, қолғанат болдым. Әрі ауылдағы молдадан оқып, ескіше хат таныдым. Содан сон керуенмен Семейге келдім, осы жерде менің нағыз еңбек қызметім басталды. Бір уақыт пристаньда жүкші болдым. Бұдан кейін Семейдсгі оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Құлжановтың үйінде атын күтіп, үй жұмысына болыстым. Ол кісі кешкіліктерде маған орыс тілін үйренуге көмектесті. Соның көмегі арқылы мен приход мектебіне түстім, оны 1915 жылы бітірдім. Жаз айларында пристаньда жұмыс істедім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет