Бекіту сұрақтары:
Ақындардың балаларға арналған шығармалары және олардың тақырыптары
Ерекшеліктері
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
14 Дәріс. Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары. Балалар әдебиетіндегі байланыс. Әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері.
Д.Дефо («Робинзон Крузо»), А.С.Пушкин («Балықшы мен балық туралы ертегі», «Салтан патша туралы ертегі», «Алтын айдарлы әтеш» ертегілері, Х.К.Андерсен ертегілері, Ж.Верн («Капитан Гранттың балалры», «Он бес жасар капитан», «Сырлы арал» т.б.) Л.Толстой («Акула», «Арыстан мен ит» т.б), Р.Киплинг («Маугли»), Ш.Айтматов ( «Ақ кеме», «Ерте қайтқан тырналар»т.б.) шығармалары. Аталған жазушылардың өмірбаяндары, шығармаларының тәрбиелік және көркемдік ерекшеліктері.Әлем халықтарының ертегілері.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері. Д.Дефо («Робинзон Крузо»), А.С.Пушкин («Балықшы мен балық туралы ертегі», «Салтан патша туралы ертегі», «Алтын айдарлы әтеш» ертегілері
2. Х.К.Андерсен ертегілері, Ж.Верн («Капитан Гранттың балалры», «Он бес жасар капитан», «Сырлы арал» т.б.) Л.Толстой («Акула», «Арыстан мен ит» т.б),
3. Р.Киплинг («Маугли»), Ш.Айтматов ( «Ақ кеме», «Ерте қайтқан тырналар»т.б.) шығармалары
1.Даниель Дефоның өмірі мен шығармашылығы. Даниель Дефо европалық ақиқат романның жаңа дәуірдегі негізін қалаушы. Дефоның шығармашылық жолы ағылшын прозасы дамуының бүтін бір дәуірін қамтиды. Ағартушылық романдары тарихымен алғашқы баспалдақтардан көріне жүріп, XIX ғасырдағы әлеуметтік ақиқат шындықты жазды. Романшы Дефоның салт-дәстүрін тек Филдинг, Сиоллет қана емес, Диккенс те дамытты.
Даниель Дефо әртүрлі жанрдағы романдарды: қызық оқиғалы, өмірбаяндық, тәлім- тәрбиелік, психологиялық, тарихи, саясат тақырыбында романдар жинақтады. Өзінің шығармашылық жолында осының бәрі бір формада жинақталып тұрмағандықтан, Дефо оның кеңістігіне батылдықпен кірісіп, роман жанрында маңызды бағытты жобалап, зерттеді. Дефо әлеуметтік романды дамытты.
Дефо ағылшын журналистика саласының дамуына да үлкен үлес қосты. Оның жан-жақты және энергиялық айқындылығы буржуазиялық іскерлік пен саясат, жарқын публицистика мен талантты жазушылығына ерекше байланысты.
Даниель Дефо Лондон қаласында тұратын ет сатушы және май шам фабриканты Джеймс Фонның жанұясында дүниеге келген. Дефо пуритандық діндер академиясына оқуға беріледі, бірақ ол дін жолын жалғастырушы болмады. Оны өмір басқаша қырынан қызықтырды, қауіпті коммерциялық шаралармен шұғылданды, бірнеше рет өзін банкрот деп жариялап, кредиторлар мен полициялардан қашуға тура келді. Бірақ Дефоның буржуазиялық кәсіпкерлерге деген қызығушылығы шектелмеді. Оның жалындаған күш-қуаты саясат пен публицистика саласында жарыққа шықты.
1685 жылы католиктік және абсолюттік монархияны құруға ұмтылған король Яковь ІІ-ге қарсы көтеріліс ұйымдастырған герцог Монумотпен бірге көтеріліске шықты. Бұл көтерілістің жеңілісінен соң Дефо ұзақ уақыт, ауыр жазадан құтылу үшін, жасырынуға мәжбүр болды. 1688 жылы «Даңқты Революцияны» жанашырлықпен қарсы алды және Вильгельм ІІІ Оранскийдің ұстаған бағытын қолдады.
Дефо бұқара халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту жолдарын ойластырды. Ол өзінің сан түрлі жаңартылған және сол кездегі бар қоғамдық тәртіптің өзгертілген нұсқаларын көрсетті. Ол туралы өзінің трактаттары мен памфлеттерінде жазды. Дефоны көп мәселеер: отандастарының оқу-ағартуы, әйелдердің білім алуы жөніндегі сұрақ, жетім-жесірлер мен туа біткен саңырауларға, соқырларға, ақыл-есінен айырылған адамдарға қоғамдық топ тарапынан жеңілдіктер жасау мәселесі және тағы басқалары толғандырды. Дефоның көптеген памфлеттері өз атынан жазылмады, сонда да оның авторлық бейнесі көрініп қалып отырды. Халық Дефо шығармашылығымен қауышып отырды, ал автор болса өзіне төнген қауіптен қорықпады, тіпті ол үшін түрмеге де түсті.
Дефоның әдебиет саласындағы бастамасы 1697 жылға жатады, осы жылы оның «Жобалар туралы тәжірибе» («Опыт о проектах») атты алғашқы памфлеті шықты. Онда Дефо кредиттік банк және сақтандыру компаниясы, жаңалықтарды жеткізу жолын жақсарту, әдеби тіл нормаларын жақсарту жөніндегі академия құру ойын тереңдетті, әйелдердің міндетті түрде білім алуы керектігін жазды.
«Кедейдің жолдамасы» («Ходатайство бедняка») памфлетінде (1698 ж.) Дефо байларды қорғап, кедейлерді қанайтын заңға қарсы шықты. «Біздің заңымыздың торына кішкентай шыбындар ілініп, ал үлкендері оны тесіп өтеді»,-деді «Таза қанды ағылшын» («Чистокровный англичанин») атты сатиралық өлеңінде. Дефо аристократиялық дворяндарға қарсы демократиялық мінезін көрсетті және адам құқын дәлелдейтін оның тегі емес, оның лайықты іс-әрекеті екенін айтты. Содан соң ол тағы да абақтыға қамалды.
Дефоның артына қалдырған туындылары 350 кітаптан астам. Бұған дейінгі тізімге сүйенсек, өзінің әлем таныған кітабы – «Робинзон Крузо». Тіпті бұл кітап емес, іші тұнған оқиға. Ол қазір де ғасырдан ғасырға жалғасын табуда. Мұнда адам өмірі қиял – ғажайыптан тұратындығын көрсетеді [1].
Достарыңызбен бөлісу: |