Гуманитарлық пәндер


-тапсырма. «Ер Төстік»ертегісіне жоспар жасаңыз және сол жоспар бойынша мәнерлеп айтуға дайындалыңыз. 3-тапсырма



бет38/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

2-тапсырма. «Ер Төстік»ертегісіне жоспар жасаңыз және сол жоспар бойынша мәнерлеп айтуға дайындалыңыз.
3-тапсырма. «Ер Төстік» ертегісінен төменде көрсетілген үзіндіні жаттап алыңыз.
Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп,көп жасаумен ұзатады.Сонда Кенжекей әкесінің берген еншісіне,мінгізген ат,арттырған жасауына разы болмайды. «Әкем маған жылқыдан Шалқұйрық атты берсін,жасаудан Ақсырмалы сауытты берсін,түйеден құба інгенді берсін»,-дейді.
Кенжекейдің әкесі қызына ашуланып,кісісін қайтарып жібереді. «Қызыма айта бар:Ерназардың байлығы оған жетеді.Шалқұйрық атты сұрағаны несі?Шалқұйрық жылқымның құты,құтқа қыз ие болған жер бар ме екен?Құба інген түйемнің басы,түйемнің басын сұрағаны несі,қызда ондай түйе артқан бар ма екен?Ақсырмалы сауыт атадан ұлға қалатын мұра,мені қызым қу бас дегені ме?Қызым өйтіп жаулығын білдірмесін»,-дейді.
Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты. «Шалқұйрықтың сұрағаным,ерге лайық ат еді,ер мінсін деп едім;Құба інгенді сұрағаным,ер қосын артсын деп едім;Ақсырмалы сауытты сұрағаным,Ер Төстік ер еді,сол ер кисін деп едім»,-депті.
Әкесі Кенжекейдің сөзінен жеңіліп,сұрағандарын беріпті. «Қызыма сәлем айт,Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын,қондырса кесір болады»,-депті.
Сонымен Ерназар келіндерін алып,қайта береді.Бір күні көші жар басында тігулі тұрған жарты лашыққа кездеседі.Бұл перінің қызы Бекторының лашығы екен.Көш тұсынан өтіп бара жатқан кезде лашығынан шығып,шайқақтап,перінің қызы Бекторы былай дейді:
-Сүйген де жарың ЕР Төстік,
Құтты болсын,Кенжекей!
Мінген де атың Шалқұйрық
Құтты болсын,Кенжекей!
Артқан да түйең Құба інген
Құтты болсын,Кенжекей!
Киген де сауытың Ақсырмал
Құтты болсын,Кенжекей!
Жар басында демесең
Жарты лашық демесең,
Біздің үйге түсе кет!
Көбікті саумал іше кет!-дейді.
Перінің қызы Бекторының тиісе сөйлегенін жақтырмай,Кенжекей мынадай жауап береді:
-Перінің қызы,Бекторы,
Шайпау сөзің қой,Торы,
Сүйген де жарым Ер Төстік,
Өз жарымды сүйемін!
Мінген де атым Щалқұйрық,
Өз атымды мінемін.
Артқан да түйем Құба інген,
Өз түйеме артамын!
Киген сауытым Ақсырмал,
Өз сауытым киемін!
Жар басында демеймін,
Жарты лашық демеймін,
Қайтсең де үйіңе түспеймін.
Бал берсең де ішпеймін.
Перінің қызы,Бекторы,
Шайпау сөзіңқой,торы!
Осылай деп Бекторының бетін қайтарып тастайды. «Қап бәлем,Кенжекей,саған қылармын!»-деп Бекторы тісін қайрап қала береді.
Әдістемелік нұсқау: Презентациялауға қатысты теориялық мәселелерді меңгеру үшін тізімде ұсынылған әдебиеттерді пайдаланыңыз. Негізгі ойларыңызды тұжырымдап слайдқа салыңыз және кестелі сызбалар пайдаланыңыз. Баяндау барысында слайдтарды ұтымды пайдалануға, оған сілтеме жасауға, презентацияға суреттер, видео, аудио материалдар кіріктіруге және негізгі мәселелерді жинақы баяндауға назар аударыңыз.
Әдебиет:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
6.Қазақ әдебиетінің тарихы. 7-том. Кеңес дәуірі (1917-1940).Құраст: Қирабаев С. –Алматы,2016




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет