15. Практикалық сабақтар
Тақырыбы: Ауыз әдебиеті шығармаларында кездесетін троп пен фигура түрлері.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ауыз әдебиеті шығармаларында кездесетін троп пен фигура түрлеріне мысал келтіріңіз.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаға қатысты тақырыптарды қамтитын теориялық мәселелерді көрсетілген әдебиеттерді пайдалана отырып меңгеріңіз. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау барысында ғылыми терминдерге назар аударыңыз, түсіндірмесін жазып алыңыз және термин диктантына әзірлеңіз.
Әдебиет:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
6.Қазақ әдебиетінің тарихы. 7-том. Кеңес дәуірі (1917-1940).Құраст: Қирабаев С. –Алматы,2016
8.3 Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушытің өзіндік жұмысы (БОӨЖ)
1-БОӨЖ тапсырмалары
Шығарманың сюжеті мен композициясы
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
1-тапсырма. С.Қалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша конспект жазыңыз.
Жоспар:
1.Ақынның шығармашылығы мен өмірі.
2.Балаларға арналған еңбектері.
3.Ақын көтерген тақырып.
4.Ақын шығармаларының жанрлық түрлері.
5.Ақынның өзіндік ерекшеліктері.
2-тапсырма. Ақынның «Қандай болып өсемін» жинағына талдау жасаңыз.
Талдауда ескерілетін жайттар:
1.Еңбек қай жылы, қай баспадан жарыщ көрген?
2. Бұл жинақта ақынның қандай тақырыпқа арналған шығармалары енгізілген? 3. Жинақ қандай бөлімге жəне тарауларға бөлінген? Неліктен бұлай бөлінген? 4. Қандай жанрлық шығармалар қамтылған?
5. Ақынның поэзия жанрындағы ерекешелігі неден байқалады?
6 Ақын тілінің өзіндік өрнегіне мысал келтір.
Әдебиет:
Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014
«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.
Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |