Гуманитарлық пәндер



бет32/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

8 практикалық сабақтар
Тақырыбы: Балалар халық ауыз әдебиеті үлгілері.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Балалар ауыз әдебиетіне жататын жанрлар.
2. Балалар ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік ерекшеліктері.
3. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар.
4. Төрт түлік туралы жанрлар.
Пысықтауға арналған тапсырмалар.
1. Балалар әдебиетінің қандай жанрлық түрлері болады?
2. Ауыз әдебиеті жанрлары қай жылдардан бері зерттелді және зерттеуші қандай ғалымдарды атай аласыз?
3.Балалар әдебиетінде қазіргі кезде қай жанрдың түрі басымырақ дамыған? Мысалмен дәлелдеңіз.
4. Бұл аталған жанрлардың бала тәрбиесінде қандай маңыздылығы бар?
5. Мектеп оқулықтарында (балабақшада бағдарламаларында) төрт түлікке арналған қандай өлеңдер кездеседі?
6. Мақал-мәтелдердегі дыбыс үндестігі, саздылығы. Оның мәні. Мысалдар келтіріп дәлелдеңіз.
1-тапсырма. Балалар ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік ерекшеліктерін атап көрсетіп, ауыз әдебиетінің жанрлық түрлерінен мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
2-тапсырма. Өз дәптерлеріңізге жаттаған 10 жаңылтпашты, 5 жұмбақты жазыңыз. (Жазған жұмбақтарыңыз көпшілікке танымал емес, халық жұмбақтары болсын. Жазылған жұмбақтарды топ білім алушыларіне жасырып, шешуін табу. Шешімі табылмаған жұмбақ иесі жеңіске жетеді және ең көп жұмбақ шешкен білім алушы «ақылды, алғыр білім алушы» атанады.)
Жаңылтпаштарды аудиторияда жаттап, айтып үйреніңіз.
3-тапсырма. Мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру. (Топ екіге бөлініп, айтыс түрінде мақал-мәтелдермен жарыс ұйымдастырады). Мысалы:
1-білім алушы:
Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар.
2-білім алушы:
Ексең егін ішерсің тегін.
1-білім алушы:
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жеңілтектің селтеңі бітпес.
2-білім алушы:
Еңбегі аздың, өңбегі аз. т.с.с.
4-тапсырма. Еңбек, адамгершілік, достық тақырыптарының біріне арналған шағын әңгіме құрастыру. Жазылған әңгімеде мақал-мәтелдерді неғұрлым молынан пайдалану керек.
5-тапсырма. Өздеріңіз білетін төрт түлікке байланысты өлеңдерді және өтірік өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу.
6-тапсырма. Жедел тест.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырмаларға қатысты теориялық мәселелерді меңгеру үшін тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Тақырыптың өзектілігіне тоқталыңыз. Бұл тақырыптың осы кезеңге дейін зерттелу мәселесін қамтыңыз. Баспасөз материалдарына шолу жасаңыз. Түрлі зерттеу әдістерін пайдаланып, тақырып мазмұнын ашуға, негізгі мәселелерге назар аударыңыз.
Әдебиет:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
6.Қазақ әдебиетінің тарихы. 7-том. Кеңес дәуірі (1917-1940).Құраст: Қирабаев С. –Алматы,2016




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет