2-БОӨЖ тапсырмалары
Шығарманың тақырыбы мен идеясы.
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
1-тапсырма.Ақынның əр жанр түрлеріне арнаған шығармаларынан ұнағанын көшіріп алыңыз. Ұнағанын жаттаңыз.
2-тапсырма. Төменде берілген өлеңдердің ерекшелігін көрсетіп, жан-жақты талдау жасаңыз.
Таң.
Күншығыстан нұр алып,
Қалғып-мүлгіп жатты ну.
Жусан желден ырғалып,
Жасап кетті жаттығу.
Қырат-жота жондарын
Күнге төсей қалыпты.
Шөпте беті қолдарын
Шыққа жуып алыпты.
Көбелек жүр әуреде:
Қонып жидек,мойылға.
Күннің қызы-сәуле де
Кірісіпті ойынға
Кімге не артық
Тәкаппарға көз артық-
Көріп тұрып көрмейді.
Жарымеске сөз артық
Жөн сөйлеуді білмейді.
Не істесе де оңдырмас-
Артық қолы олақтың.
Тілазарды тыңдамас
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әр уақта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауларға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да,-
Бәрі артық!
Әдебиет:
Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014
«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.
Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы
3-БОӨЖ тапсырмалары Образ және оның түрлері.
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
Онда мына мәселелерге көңіл бөліңіз :
1.Өмірі
2.Өлеңдері
3.Поэмалары.
4.Прозасы.
5.Балаларға арналған шығармалары
6.Жазушының балалар әдебиетіндегі орны .
Тапсырмалар .
1-тапсырма .С.Мұқановтың «Бақташының баласы »повесін оқып, аннотация жазыңыз.
2- тапсырма « Бақташының баласы »повесінің тарауларының негізгі тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.Жандоосқа мінездеме беріңіз.
Әдебиет:
Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014
«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.
Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |