Гуманитарлық пәндер



бет35/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

3- тапсырма. Ы.Алтынсаринның аударма саласындағы шығармаларын топтап, өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз.
А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов аудармаларымен салыстырып талдаңыз.
Егіннің бастары
(И.Крыловтан)
Бір адам жас баласын жанына алды,Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Бейне бір жалғыз өзін көпке балап
Қыдырып әрі-бері жүрді-дағы Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Егінші егін еккен жерге барды. Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап,
Аралап,әр егінді қарап жүрді, Бұл бидай көтеріп тұр басын көкке,
Кезі еді пісіп тұраған егін түрі. Қарайды шекірейіп өзге көпке,
Бастарын дәнге толған төмен салып, Өзіне өзгелерін теңгермейтін,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды. Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?
(Ы.Алтынсарин)
4-тапсырма. Ы.Алтынсаринның балалар бақшасында ( мектеп оқулықтарында) оқылатын шығармаларын атаңыздар. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесін мазмұндап беріңіз.
5-тапсырма. Ы.Ал тынсариннің әңгімелеріне ұқсатып, бүгінгі өмірге сәйкес келетін балаларға арнап шағын әңгіме құракстырыңыз.Әңгіменің құрылысын сақтап жазыңыз(басы,ортасы,соңы болатынын ескеріңіз).
6-тапсырма.Жедел тест орындау.
1.Ы.Алтынсаринның «Қазақ хрестоматиясының» жарық көрген жылы?
а) 1775 ә) 1874 б) 1875 в) 1879 г) 1776
2. Өлең қандай ұйқаспен жазылған?
Кім сендерді,балалар,сүйетұғын,Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.Ғылым іздеп,тез қайтпай көпке кетсең,
Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай. Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін!-
а) Қара өлең ұйқасы. ә) Шұбартпалы ұйқас. б) Кезектес ұйқас в) Егіз ұйқас. г) Ерікті ұйқас
3. «Қыпшақ Сейтқұл», «Ағаш үй мен киіз үй» шығармаларының тақырыптары.
а) мейіріиділік . ә) Талапшылдық б) Еңбексүйгіштік. в) Адамгершілік. г) Табиғат.
4. «Балам,сен әкеңнің өсиетіне түсінбеген екенсің,оның мәнісі былай:әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында тұқымын төкпей-шашпай жиып алсаң,сонда сен байлықтың астында қаласың, көп байлыққа душар боласың, ашта,жалаңаш та болмайсың. Байлық –жерде,еңбекте»,-деген үзінді Ыбырайдың қай шығармасынан?
а) Мейірімді бала . ә) байлық б) Сәтемір хан в) байлық неде? Г) Лұқпан әкім.
5.Л.Н.Толстойдың «Цар и рубашка» ертегісін жазушы қандай атпен аударған?
а) жалқау ә) бақытты адам б) үнді в) жақсылық пен жамандық. г) Қарға мен құрт.
6. «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың»,-деген ғибрат сөйлемдері қай шығарма соңында кездеседі?
а) бақша ағаштары ә) бай баласы мен жарлы баласы. Б) шеше мен бала в) әке мен бала. Г) надандық.
7.Ы.Алтынсарин жазған табиғат тақырыбындағыөлеңнің аты?
А)жаз. ә)жазғытұрым. Б)қыс. В) қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай. Г)күз.
8. Өнер білім бар жұрттар көзіңді ашып-жұмғанша, тастан сарай салғызды.Жылдам хабар алғызды,- Айшылық алыс жерлерден деп аталатын өлең жолдары қай ақынның шығармасынан?
А) Абай. Ә) Ыбырай б) Сұлтанммахмұт в)Ілияс г)Мағжан
9. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегенінде ауыз әдебиеті жанрының қай түрі болды?
А)жұмбақ ә) жаңылтпаш б)мақал-мәтел в) ертегі г) мазақтама.
10. Ыбырай ашқан мектеп алғаш рет қай жылы ашылды?
А) 1861 ә) 1862 б)1863 в)1864 г)1865
Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаға қатысты тақырыптарды қамтитын теориялық мәселелерді көрсетілген әдебиеттерді пайдалана отырып меңгеріңіз. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау барысында ғылыми терминдерге назар аударыңыз, түсіндірмесін жазып алыңыз және жағдаят әзірлеңіз.
Әдебиет:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
6.Қазақ әдебиетінің тарихы. 7-том. Кеңес дәуірі (1917-1940).Құраст: Қирабаев С. –Алматы,2016




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет