Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет36/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   132
oku kural personald baskar

 
 
6 - Тақырып : Кадрды қабылдау және жинақтау 
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі: 
1. Жұмысқа қабылдау үдерісі мен оның сипаттамасы 
2. Кадрларды жинақтау үдерісіне әсер ететін факторлар
 
 
 
1. Жұмысқа қабылдау үдерісі мен оның сипаттамасы. Жұмысшы күшін 
жинақтау келешек өзгерістерді өзара шарт мерзімінің аяқталуы, өндірістік іс-әрекет 
бағыттарының өзгеруі және оларда қызмет жасайтын кадрлардың қысқаруы және т.б. 
ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді дайындаумен түсіндіріледі. 
Жинақтау дәстүрлі түрде сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. 


33 
Персоналды басқару үдерісіндегі бастапқы кезеңі – кадрларды жинақтау және 
іріктеу. Персоналды басқарудың барлық келешектегі іс-әрекеттері ұйымға қандай адамдар 
жинақталғанына және іріктелгеніне байланысты болады. Қажетті жұмыскерлерді жалдау 
үшін төмендегілерді білуі қажет: 
- жұмыс кезінде олар қандай тапсырмаларды орындайды? 
- олардың жеке және қоғамдық сипаттамалары қандай? 
Персоналды басқарудағы ең маңызды мәселе болатын жұмыстардың мазмұнын 
талдау арқылы алуға болады. 
Жұмыс мазмұнын талдау - бұл жұмыстардың мазмұнын жүйелі және терең 
зерттеу үдерісі. Мұндай талдауды әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы жүргізуге 
болады. Егер бұл күнделікті әр түрлі жұмыстарға қатынасты болса, онда жақсы бақылау 
ақпарат көздері есебінде күнделікті бақылау жүргізген жөн. Кейбір жағдайда бұл 
ақпаратты алу үшін тікелей орындаушылар мен олардың бастықтарының көмегіне 
жүгінеді. Дегенмен мұндай зерттеулерде субьективті факторлардың әсері күшті болады. 
Жұмыс мазмұнын талдау арқылы лауазымдық нұсқауларды жасауға мүмкіндік 
туады. Бұл іс қағазында орындаушылардың негізгі мәселелері, керекті дағдылары, 
жауапкершілікті және құзыры көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет