Х. ДосмҰхамедов


Python сұрыптауға арналған бірнеше алгоритм қолданады: көпіршікпен, кірістіру, біріктіру және сұрыптауды таңдау бойынша. Біріктірумен сұрыптауда



бет27/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95
Жуйелик программалау Python

Python сұрыптауға арналған бірнеше алгоритм қолданады: көпіршікпен, кірістіру, біріктіру және сұрыптауды таңдау бойынша.
Біріктірумен сұрыптауда есеп кіші өлшемді ішкі есептерге бөлінген кезде, олардың әрқайсысы рекурсивті шешіледі, кейін нәтижелері құрамдастырылып, аяғында бастапқы есептің шешімі шығады. Біріктірумен сұрыптау алгоритмі келесі қадамдардан тұрады:
Әр кезектілік бұзылып, екі бірдей бөлікке бөлінеді. Егер элементтердің кезектілігінде тақ сан болса, онда бөліктердің біреуі басқасына қарағанда бір элементке көп болады.

Бір элементтен қалғанша жалғастырасың.


Біріктіруді бастайсың, ол үшін екі элементтен алып біріктіресің. Сұрыптау үшін өзара салыстырасың.


Ары қарай әр кезектіліктің бірінші элементін алып, оларды өзара салыстырасың.
Сосын екінші элементтерді салыстырасың. Келесідей кезектілік шықты. Мұндай алгоритм төрт элементтен тұратын кезектілік үшін қолданылады.


Аяғында сұрыпталған кезектілік шығады.

Python программлау тілінде біріктірумен сұрыптау келесі түрде жүзеге асырылады:

1-сурет
Нәтижесінде келесі кезектілік шығады:

2-сурет
Таңдаумен сұрыптауды орындау кезінде алгоритм орнында салыстыру түрінде көрсетіледі. Онда кезектілік екі бөлікке бөлінеді, сұрыпталған бөлік сол жақтың соңына, ал кезектіліктің сұрыпталмаған бөлігі оң жақтың соңына орналасады. Сұрыптау басында сұрыпталмаған бөлік – барлық тізім.


Таңдаумен сұрыптау үшін кезектілікті аласың. Кіші элементті таңдап, оны сол жақ шеттегі элементпен ауыстырасың және ол сұрыпталған тізімнің бөлігі болады. Яғни кезектілікте 1 және 3 сандарының орындары ауысады.
Осыдан кейін ол келесі 5-элементке өтеді және сәйкесінше, сұрыптаудың алгоритмі қайталанады, яғни сұрыпталмаған бөлікте кіші элементті іздейсің. Кіші элементті тапқан соң, сенің келесі қадамың – 5 және 2 -нің орнын ауыстыру.

Сәйкесінше, келесі элементке өтесің, бұл – 6. Кіші элементті іздейсің. Бұл – үш. Тізімнің соңына дейін сұрыпталғанша жалғастырасың.

Python программалау тілінде біріктірумен сұрыптау келесі түрде жүзеге асырылады:

3-сурет
Нәтижесінде келесі кезектілік шықты:

4-сурет


Сұрыптау әдістері. Тізім мәннің өсуі бойынша сұрыпталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет