physical culture, physiotherapists, physical education coaches, physical therapy, massage, correction.
Қазіргі кезде дамуында аутқуы бар балалардың саны жыл сайын артуда Қазақстан
ӛсті, соның ішінде жүйке жүйесінің аурулары 1,5 есе артқан. Қазақстан Республикасының Ұлттық
генетикалық регистрі мәліметтері бойынша біздің елімізде жыл сайын 2000-нан 3500-ге дейін туа
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г.
83
біткен және тұқым қуалау патологиясымен туылады, бұл жаңа туылған 1000 нәрестеге шаққанда
20,0-24,3 құрайды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша
орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдалуының жиілігі осы жас санатындағы балалардың
сырқаттанушылық құрылымында 7,5-22,4% құрайды. Бұл жағдайды ӛсу қарқынын танытып отырған
әлеуметтік құбылыс деп анықтау қажет, ӛйткені 2015 жылға қарай ол 11%-ға артады деген болжам
бар. Балалар мүгедектігінің құрылымында мидың органикалық зақымдалуы нәтижесінде пайда
болатын балалардағы церебралдық сал (БЦС) ең алдыңғы қатарда тұр (30%-70%). Дамыған елдерде
оның жиілігі 1000 нәрестеге 2,5-5,9 құрайды. Әдебиеттегі мәліметтерге сүйенсек, Ӛзбекстанда БЦС
кездесу жиілігі біршама жоғары деңгейде – 1000 нәрестеге 8,9. Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің статистикалық есептеріне сәйкес неврологиялық дерті бар науқастар балалар
мүгедектігінің жалпы құрылымында 1/3 (31-33,5%) құрайды, соның ішінде балалардағы церебралдық
сал үлесіне жартысынан астамы тиесілі (57,5-62,1%). Қазақстан Республикасында 2007 жылы БЦС
диагнозымен 14 жасқа дейінгі 8301 бала тіркелеген. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мүмкіндігі шектеулі
адамдардың түрлі ӛнеркәсіп орындарында жұмыс істей алатындығына және соған барынша жағдай
жасаудың маңыздылығына баса назар аударды. Осы орайда церебралдық сал ауруы бар балаларды
болашақ ӛмірге, қандай да бір мамандықты игеруге даярлауда олардың жалпы моторикасын дамы-
тудың қажеттілігі ерекше орын алады.
Балалардағы церебралдық салдың ерекшелігі балада туыла салысымен қозғалыс тарапындағы
бұзылыстармен сипатталатындығы болып табылады. Қимыл-қозғалыс бұзылыстарымен қатар осы
сырқат кезінде сӛйлеу тілінің бұзылыстары, есту бұзылыстары, зият жетіспеушілігі, тырысу
синдромы байқалуы мүмкін. Осы орайда зият қабілеті қалыпты немесе шекаралық жағдайда болғанда
қозғалыс тарапындағы бұзылыстарды түзету баланың танымдық үрдістерінің барынша дұрыс
қалыптасуына зор үлесін қосады. Әсіресе ерте жастағы балаларда моторлық қызмет психиканың
қалыптасуымен ӛте тығыз байланысты болатындығы мәлім, сондықтан оны біріктіріп психомоторика
саласы деп те атайды. Түзете-дамыту шараларын неғұрлым ерте бастау аса аса маңызды болып
табылады.
Церебралдық сал болған балаларға педагогикалық кӛмек кӛрсету жүйесінің ұйымдастырылу
мәселесі кӛптеген зерттеулерде қарастырылған. Олардың барлығында балалардың дене дамуын
ескеру ең маңызды алғышарт ретінде қарастырылған. Сал ауруының этиопатогенезіне, осы дерт
кезіндегі қозғалыс тарапын дамытуға байланысты еңбектерді атап кететін болсақ, бұл Л.О. Бадалян,
Е.И. Гусев, М.В. Ипполитова, С.С. Ляпидевский, Е.М. Мастюкова, Л.М. Шипицына, В.А. Исанова,
Ш.А. Булекбаева, С.П. Евсеев, Л.В. Шапкова, А.И. Репина, С.Ж.Сыздыкова зерттеулері.
Осы тақырыптың ӛзектілігі сондай-ақ церебралдық сал болған балалардың қоғаммен қарым-
қатынас жасауға, бірлесіп әрекет жасауға деген мұқтаждығы мен осыны әр кез іске асыра алмауы
арасындағы қарама-қайшылықтарға байланысты. Бұл қимыл-қозғалыстың шектеулі екендігіне, ӛзіне-
ӛзі қызмет кӛрсете алмауға, үйде оқытылуға және т.б. себептерге байланысты болады. Церебралдық
сал болған балалардың қозғалыс белсенділігі олардың психологиялық ахуалына ӛте үлкен әсер етеді.
Олардың дене дамуымен физиотерапевттер, дене тәрбиесінің жаттықтырушылары, арнайы педа-
гогтар айналысатындығы белгілі. Негізінен үйде оқитын мұндай науқастарға қысқа мерзімге
стационарға, санаторийлерге жатып, қозғалыс тарапын дамыту жеткіліксіз болғандықтан, адаптивті
(бейімдеу) дене тәрбиесін пайдалана отырып, осы балалардың жеке дара ерекшеліктерін ескере
отырып қозғалыс сферасын, атап айтқанда жалпы моторикасын қосымша дамыту тиімді шара болып
табылады.
Балалардың церебралдық сал ауруының этиологиясы, патогенезі және клиникалық кӛрінісі.
«Балалардың церебралдық сал ауруы» (БЦСА) (детский церебральный паралич (ДЦП)) тер-
минімен мидың онтогенездің ерте сатыларында зақымдануы салдарынан пайда болатын, денені
дұрыс қалпында ұстап тұра алмаумен және ерікті қозғалыстарды орындай алмаумен білінетін
синдромдарды атайды. Қимыл-қозғалыс бұзылыстары (салданулар, парездер, координация бұзы-
лыстары, еріксіз зорлық қозғалыстар) ақыл-ес, сӛйлеу, есту ӛзгерістерімен, тырысу ұстамаларымен,
сезіну бұзылыстарымен қатар жүруі мүмкін. БЦСА ағымы үдемелі емес, резидуальды (қалдықтық)
патологиялық жағдай болып табылады. Жүйке жүйесінің әртүрлі құрылымдарының ӛзара қарым-
қатынасының ӛзгеруіне байланысты жас ұлғайған сайын неврологиялық симптомдар біршама түзелуі
мүмкін.