Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет81/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   180
Литература 
1. Миронов В.В. «Трансформации философии в эпоху глобализации» //Журнал 
"Философия хозяйства"//
www.ruscrisis.ru
 
2. Ирхин Ю.В. «Проблемы постмодерна в политике»// Материалы 
XVIII Конгресса МАПН
 
(Квебек)// 
www.imperativ.net/imp12/quebec.html//
 
3. Миронов В.В. Философия под общей редакцией  – М., 2008., с. 341  
 
 
 
 
 


ӘОЖ -2-1 С 37                                                                                              
    
ДІННІҢ  ІЛІМ РЕТІНДЕГІ АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН РОЛІ 
 
Симұқанова Г.С. 
 
Қ.  Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  мемлекеттік университеті 
 
В статье  рассматривается отношение религии и науки в религиозно-
познавательном контексте. Опираясь на научные и религиозные источники в широком 
смысле,  показаны  место и роль религии в обществе.   
The article considers there lationship of religion and science in the religious and 
cognitive on text. Relying on scientific and religious sources in the broad sense shows the place 
and role of religion in society. 
         
Ключевые слова:  религия, общества. 
Key words:   religion, society. 
 
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» Стратегиясында айтылғандай қазіргі замандағы Қазақстан 
тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық келісім мен орнықты саяси жағдайы 
қалыптасқан, көп ұлтты сипаты бар, көп конфессиялы, біртұтас  ел болып табылады. 
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты конфессияаралық 
тұрақтылық пен толеранттылықты сақтауға бағытталған. Еліміз тәуелсіз даму жолына 
түскеннен бастап Қазақстанның рухани әлемінде діни жаңару үрдісі қарқынмен жүруде. 
Осы үрдіс барысында біз діннің – дұрыс түсінген адам үшін парасатқа, иманға жетелейтін 
нығмет, ал қате түсінген адам үшін үлкен қасірет екенін ұққандаймыз. Сондай – ақ, егер 
шалыс кетсек оның бүтіндей елді анархияға ұшырататын құрал екендігін де 
ұмытпағанымыз абзал. Ендеше, діннің мәнін ілім ретінде түсініп, оның адамзат 
қоғамындағы орны мен ролін анықтап алғанымыз жөн. Бұл оңай іс емес, дін туралы бір 
жақты пікір білдіру де, оның өзекті мәселесін түбегейлі шешу де мүмкін емес екендігін 
ескере отырып, біз жұмысымызда мәселенің кейбір таным-тағылымдық  тұстарына 
қатысты  пікірімізді білдіруді жөн көрдік. 
Арғы  тарихқа  көз жүгіртсек, адамзат руханиятының бір бөлігі ретінде өте ерте 
заманда пайда болған дін, әлі күнге өз позициясы адамзат санасының басқа түрлерінің 
алдын бермей келеді. XXI ғасырда да түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай 
әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Дінде 
дүниеге көзқарастық тұстар басым. Адамның табиғат және қоғаммен байланысын  
көптеген ғылым салалары түсіндіреді, алайда дін осы байланыстардың күрделі бейнесін 
түзе алды. Діннің қоғамнан алатын орнын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі 
ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып 
айқындау керек. Дін — дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан 
компонент, қоғамның  белгілі бір кезеңінде пайда болған және күні бүгінге дейін өмір 
сүріп келе жатқан әлеуметтің ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі. 
Қазіргі жаһандану заманында адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай 
қалыптаспақ деген сұрақтар ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер "дүниенің 
жаңа тәртібін" түзуде бірқатар табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, 
адамгершілікке жат құбылыстар азайған жоқ, адам мәніне дұрыс көзқарас та  толық 
қалыптасқан жоқ. Осы тұрғыдан алғанда мұсылмандық шығыс діндерінің өткен тарихы 
біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол тілек - ЖАҢА АДАМ, ЖАҢА 
ҚОҒАМ ҚҰРУ. 
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы – 
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында» 


қазіргі уақытта әлемнің ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіп 
отырғаны айтылған. Өйткені, бұл күндері өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, 
мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен 
құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан 
тартынуымыздың принципті маңызы бар. Бұл туралы «ҚАЗАҚСТАН - 2050» 
Стратегиясында: «Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп 
үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға тиіспіз» - 
делінген [1,78-79]. 
Ислам діні интеллектуалды пайымдауды басшылыққа ала отырып, басқалармен 
бейілді болуды,  адамның өзін-өзі мейлінше жетілдіруімен айналысуын кез – келген 
құбылысты жүрекпен сезінуді ұсынады. Дін — бұл "жүрек" туралы ілім, сондықтан адами 
қатынастарды жүрекпен, дұрыс ниетпен ұғынуға шақырады. Үнді елінде мұндай қатынас 
"бахти" (құдайшылдық), Исламда —"абд"(көнгіштік), Батыста—"агейп" (құдайға деген 
махаббат) деп аталады. Мұндай құдайшылық адам бойына сенім ұялату, иман жидыру 
арқылы ғылыми компетенцияның шекарасын ары жылжытады. Дінді ғылыми зерттеу 
(теология, эгзетика түрінде), қасиетті тексттерді түсіндіру (философиялық, дінтану, 
этнография тұрғысынан) — бұл кәдімгі ақылға сыйымды, мүддеге сай қарапайым 
объектілерден асып түсетін құбылыстарды рационалды түсінуге ұмтылу, дінге рухани 
өмірдің жанды құбылысы ретінде қарау. 
Әл-Фарабидің «Философиялық трактаттарында» "Қарапайым қала тұрғындары 
көзқарастары" атты бөлім бар. Онда жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: Адамның 
негізгі қабілеттері: қоректену, сезім, елестету, ойлау, ұмтылу — бәрі де жүректе 
орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз... жүрек туа біткен 
жылулықтың қайнар көзі". Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік 
туғызады [2]. 
Жүректің қызметімен үрей және үміт байланысты. Аяушылық — бұл басқа үшін 
үрейлену, ол көз жасын тудырады. Сондықтан Библияда христиандар үшін жапа шеккен 
Христос жылаған бейнеде көрсетіледі, ол ешқашан күліп бейнеленбейді. Үрейдің екінші 
жағы үміт. Үміт — "жанған жүректің" дағдарысты күйі. Әл-Фараби де жүрек жылуының 
осындай күйін"отты" деп атаған. Жүректің бұлай жануы жоққа және бір нәрсеге көз 
жеткізе алмаудан туатын мүдде, арманды білдіреді. Сондықтан да ол діни жазбаларда  
"үміттердің жоғарғы үміті" деп қисындап, мазмұндалады, құдайдың өзі Яхпс, Христос 
және Алла деген атты иемденіп, сенушілер үшін үміт құдайы ретінде танылып, абсолютті 
құндылыққа ұмтылудың басты модусы болып табылады. 
Философия тарихына көз жүгіртсек абсолюттің қалыптасу процесіндегі діннің 
маңызына  Гегель де ерекше көңіл аударған. Оның пікірінше: "қабылдап алынған (святое
өнер - дінмен барабар, қабылдап алынған (снятая) дін - абсолютті біліммен барабар". 
Адамзат мәдениетінде  діннің алатын ерекше орны түсіну үшін Гегельдің 
тарихтағы ЕРКІНДІКТІ ұғыну прогресс деп қарастырған пікірін талдаудың танымдық 
маңызы бар.  Оның ойынша, Шығыс тек бір ғана еркін адамды білді, ол - патша,басқаның 
бәрі құлдар; Антикалық Грецияда және Римде қоғамның біршама бөлігі еркін деп 
есептеліне бастады; Христиан діні (жаңа дүниеге өту) жаңа принцип орнатты: ол барлық 
адамдардың  әлеуметтік жікке қарамай "еркіндігі мен теңдігі" припципі. Бұл принцип 
алдымен тек дінде ғана қабылданса, кейіннен бүкіл қоғамдық салаларға жайылып кетті. 
Осы тұрғыдан алғанда Гегель үшін діннің қоғамдық сана формасы ретінде де, таным 
процесінің сатысы ретінде де маңызы бар[3].Дінді —адамзат ойлап шығарған емес, дін —
құдіретті рухтың жемісі деген пікір де өмір сүруге құқылы. Бұл пікір болмыс пен шектік 
шүбәсіз кемелдік арасында жақындық бар екеніне ой салмақ. Дін біздің бір бөлшегіміз 
болып қала бермек, себебі оның қайнар көзі—тарих (ғылыми  тұрғыдан), сондай-ақ оның 
қайнар көзі —мәңгілік (теологиялық тұрғыдан). 
Қазіргі кез- ғылыми техникалық прогресс заманы. Ғылымның қай саласы болмасын 
күрт дамуда,  тіпті ғылымдардың түйісуінен олардың жаңа бағыттары, жаңа салалары 


тууда. Бұрынғы қоғамда дінді мемлекеттен бөлектеп қана қойған жоқ, ғылымдарды да 
діннен бөлектеп, оның жетістіктерін дінге қарсы қоятын саясат үстем болды. Шын 
мәнінде оларды бір – біріне қарсы қою қисынсыз еді. Орта ғасырлық мұсылман ойшылы 
Әл Ғазали өз еңбектеріндеілімнің ҚҰДАЙ (Алла) ЗАҢЫНАН және Ақыл-парасаттан 
туатынын көрсетеді. Ол Алла заңынан болатын ілімді а) -НЕГІЗДЕР ІЛІМІ (бір тәңірлік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет