Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала


ҰЙЫМДА БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ



бет8/8
Дата09.07.2016
өлшемі1.03 Mb.
#186726
1   2   3   4   5   6   7   8

3. ҰЙЫМДА БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ

ЖЕДЕЛ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРАЛАР


3.1 Қазақстанда бухгалтерлік есепке қолданылатын программаларға жалпы шолу

Дербес ЭЕМ-нің дамуына байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүйесін автоматтандыру 90-жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйені автоматтандыру бөлімдерінен тікелей бухгалтердің жұмыс орнына берілді. Содаң бері бухгалтерлік есеп, казіргі экономика жағдайында кәсіпорындардың барлық меншік формалары мен мөлшерлерінің қаржы-шаруашылық кызметі жайлы ақпараттарын тіркеудегі, өндеудегі және сақтаудан кәделі экономикалық құрал болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстандық, шетелдік, ресейлік фирмалар ірі және шағын кәсіпорындарға бағытталған ен озық үлгідегі жаңа технологияға негізделіп жасалған кешендік бухгалтерлік программаларды ұсынуда. Мұндай өнімдерді жасаушы фирмалар АйТи, Галактика, Диц ІС:, Парус, Информатика, Инфрософт, Инфин, Инэк, КомТех+, Ланкс, ЛокИС, Цефей, Никос-софт, Гарант, Консулътант+, Кодекс және басқалар әр түрлі кәсіпорындарға арналған талдау мүмкіндіктері мол кешендік бухгалтерлік программалар жасауға зор көңіл бөлуде. Мұндай программаларға 1994 жылдан бастап дамыған: ЛУКА-ПРО, ГАЛАКТИКА, 1С: Бухгалтерия, ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ, SOLOMON 4, NAVISION FINANCIALS, SCALA, Алтын, Business express (ВЕ-2), Турбо Бухгялтер, Super Тгее, КОМТЕХ және тағы басқалар жатады.

Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру, онда бухгалтерлік программалар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай программалық жүйелерді жасауда, кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматnандыру мәселелерін тиімді шешетін дайын программалық өнімдерді сатып алуда. Алайда осындай программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (қьтзмет аясын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағатгандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және программаның негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге қосымша мүмкіндіктер береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.

Бухгалтерлік программалардың кұрылымы икемді және ашық жүйелі болуы керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болатын езгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге (бухгалтерлік формаға) өзгеріс енгізе алады деген сөз. Бұл талаптар автоматгандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принцип бойынша іске асырылады.

Икемді күйге келтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйедегі пайдаланушылардың санын, физикалык құрылғылардың ерекшеліктері мен құрамын, қызмет көрсету барысында технологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар бухгалтерлік технологияның өзгеруін қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік технологиялардың өзгеруіне байланысты (шоттар жоспары және баланс құру алгоритмінің өзгеруі) икемді күйге келтіру ағымдағы болуы мүмкін, мүндай жағдайда оны бухгалтердің өзі жасай алады.

Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгізілуі 1-2 айдан 3 жылға дейін, кейде менюді икемді күйге келтіру, есеп беру формасын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейін өзгсреді. Жүйені икемді күйге келтіруді шартты түрде келесі жұмыс мезетіне бөлуге болады:

- кәсіпорында қолданылатын шоттар жоспарьш кұру;

- талдамалы есеп жүргізуді ұйымдастыру;

- бастапқы қалдықтарды енгізу;

- алғашқы құжаттар жинтығымен қамтамасыз ету;

- керекті бухгалтерлік проводкаларды құру;

- стандартты емес есеп беру үлгілерін құру.

Қазіргі кезде әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімділігі шамалы, сондықтан жаңа технологиялар негізінде бухгалтерлік программалар жасау жұмысыньң үлкен мәні бар.

3.2 Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелер

Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді үш топқа бөлуге болады:

- мини-жүйелер;

шағын және орта кәсішрындарға арналған әр сақты (әмбебап) жүйелер;

- ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.

Мини-жүйелер айналымы шағын және жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған. Бұл жүйелерге БАС бухгалтер, бухгалтерия тағы басқалар жатады. Әр жақты (әмбебап) жүйелер терең талданыммен сипатталады және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА, 1С: ПРЕДПРИЯТИЕ, ТВС БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС, ТУРБО БУХГАЛТЕР жатады.

Ірі кәсіпорындарға бағытталған ірі кешендік программалар мен жүйелер, жергілікті есептеу желісі және есептің белгілі бір бөлігіне бағытталған:


  • Негізгі құралдар;

  • Банктік операциялар;

  • Касса;

  • Жалақы;

  • Материалдар;

  • Қойма және тағы басқа осы сияқты ЖОА-ның жиынтығын береді.

Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өндеу құралының, сонымен қатар енгізу және шығару формаларының көзі болып табылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ПРО, ИНТЕГРАТОР, БОСС 1.0, К5 - баланс, СУПЕР -МЕНЕДЖЕР және тағы басқалар жатады.

Негізгі түсініктер

Субконто. Программада талдамалы есеп жүргізу ушін субконто термині енгізілген. Талдамалы есеп жүргізілетін әрбір объекті субконто деп аталады. Талдамалы есеп объектілері (субконто) арнайы картотекалар көмегімен ұйымдастырылады. Мысалы, үйлер мен ғимараттар, компьютерлер, маталар, тағы басқалар. Ал субконтоның түрі бір тектес объектілер жиынтығынан тұрады. Мысалы, негізгі құралдар, тауарлар, материалдар, тағы басқалар.

Аныктамалыктар. Талдамалы есеп жүргізуде және құжаттарды толтыруда қолданылатын біртектес объектілер туралы тұрақты және шартты-тұрақты мәліметтерді сақтайтын орын. Сонымен қатар, анықтамалықтар субконтоның (объектілердің) мүмкін болатын мәндер тізімін құруға, яғни, талдамалы есеп жүргізуге арналған.

Тұрақтыляр анықтамасы. Программадағы тұрақтылар анықтамасы жүйенің жұмысы барысында өзгермейтін немесе сирек өзгеретін деректерді сақтауға арналған. Мұндай деректерге жай мысал ретінде кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, тағы басқа да деректері жатады,

Проводкалярды тексеру анықтамалылығы. Бұл анықтамалық журналға енгізілген проводкалардың дұрыстығын тексеруге, яғни бақылау жасап отыруға арналған. Анықтамалыққа пайдаланушы мүмкін болатын шоттар корреспоңден-циясын енгізеді. Егер енгізу барысында сәйкес параметр қойылған болса, жүйе журналға енгізілетін проводкалардың дұрыстығын тексереді, кері жағдайда компьютер қосымша ақпарат береді.

Есеп беру және өңдеу. Есеп беру әртүрлі ақпараттар алу үшіи қолданылады, ол белгілі бір шарт бойынша алынған егей-тегжейлі ақпараттан немесе нәтижеден туралы. Есеп беру бухгалтерлік нәтижелерге талдау жасаумен бірге құралдар қозғалысын (қалдық-айналым ведомосын, журналдар және тағы басқалар) және салық инспекциясына деректер дайындауға (баланс, салықтық есеп беру, бюджеттен тыс қорларға есеп беру) мүмкіндік береді.

Журнал. Журнал негізгі деректер базасы болып есептелінеді. Кәсіпорында болған күнделікті шаруашылық операциялары құжат арқылы немесе проводка түрінде журналға енгізіліп, сәйкес журналдарда сақталады. Журнал жүйедегі құжаттардың барлық кез келген түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Типтік операция режимі. Типтік операция механизмі жиі кездесетін, стандартты операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру үшін қолданылады, Ол үшін пайдаланушы проводка "сценарийі" жазылған операция үлгісін құрады. Операция үлгісі бір немесе бірнеше проводкалардан тұрады және ол бухгалтердің көмегімен жасалады, ал проводка сомасы үлгіде көрсетілген формула арқылы есептеледі. Операция үлгісін кұрудың тиімділігі - оны бір рет құрып көп рет пайдалануда.

Меню - программаның жұмысын басқаратын командалар тізімі. Менюден керекті команданы таңдау, сілтеменің көмегімен немесе пернелер тақтасындағы меню атауының әрпімен бөлектенген символын басу арқылы орындалады

Мурағат (архив) - кезекті есеп беру кезеңін (ай, апта, тәулік) жабу кезінде осы кезеңдегі журнал (деректер) мұрағатқа жазылады, ал ағымдағы жаңа кезең үшін жаңа журнал ашылады. Мұрағаттағы журналға кез келген уақытта қод жеткізуге болады.

Тәулікті жабу - шаруашылық қызметіне байланысты тәулікті жабу керек болған жағдавда қолданылады. Тәуліктер - бір айға жетпейтін кез келген есепті кезеңнің шартгы атауы.

Айды жабу - келесі есепті кезеңге көшу. "Турбо Бухгалтер" жүйесі. Программа банк және касса операцияларын, жалақы есептеу, негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебін, тауарлы-материалдық қорлар есебін автоматтандыруға, сонымен қатар жинақтау, талдау, сандық және көпалюталы есеп жургізуге мумкіндік береді. "Турбо Бухгалтер 6.5" алғашқы бухгалтерлік құжаттар құруға, сақтауға және ішкі есептемелерді (қалдық-айналым ведомосын, шахматканы, бас кітап тағы басқалар) баспаға шығару мүмкіндіктері бар.

Жүйенің ашықтығы сонда оны кейінгі өзгерістерге байланысты пайдаланушы өз бетінше икемді күйге келтіре алады.

Программаны жұмысқа қосу барысьнда пайдаланушылардың әртүрлі санатына (категориясына) арналған бес модификациясы жасалған.

- Лайт - кіші және орта кәсіпорындарға арналған меңгеруге оңай бухгалтерлік программа.

- Негізгі (базовая) - валютаньщ бір түрімен есеп жүргізетін, кіші және орта кәсіпорындарға арналған кешендік программа.

- Проф - көп валюталы есеп жүргізетін кіші және орта кәсіпорындарға арналған кешендік программа.

- Соло - орта және ірі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебін автоматтандыруға арналған программа.

- Желілік версия - бірнеше пайдаланушылардың бірнеше жұмыс орнымен бір деректер базасы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін желілік программа.

Турбо бухгалтер 6.5-ке қосымша ішкі жүйелер:

Бұл кез- келген меншіктегі кәсіпорын үшін еңбек ақыны есептеуге және кадр жұмысын жүргізуге арналған кәделі программадан тұратын ішкі жүйе.

Бұл жүйе есеп айырысу - төлем құжаттарын және тағы да басқа салык оргавдарына тапсыратын құжаттарды авто-матгы түрде құрады.

"Негізгі құрал" модулі

Нақты объекті бойынша негізгі құралды кіріске алу және пайдалануға беру, негізгі кұралдардың қозғалысын, негізгі құралдың шығынын, қайта бағалау және тағы басқаларға байланысты егжей-тегжейлі есеп жүргізеді.

"Салық төлеуші" модулі

Программа мемлекеттік салық инспекциясына нақты тұлғаның табысы туралы ақпарат, сонымен бірге зейнетақы қорына талап етілегін үлгіде мәліметтерді магниттік жинағыштарда дайындап береді. Жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігі:

- есеп беру құжаттарын қолмен құру;

- есеп беру құжаттарын автоматгы түрде құру.

"Сауда және қойма" модулі

Жүйе көтерме сауда және ұсақ көтерме сауда, өткізу бөлімі мен өндірістік кәсіпорындарды жабдықтау және қызмет керсету саласына арналған. Жүйе сауда және қойма қызметіне байланысты мынадай операцияларды автоматтандыруға арналған:

- тауарлар қозғалысының есебі (сату, сатып алу, қабылдау, босату, ішкі қозғалысы, түгендеу, есептен шығару);

- қоймадағы тауар қалдығының орташа бағасы, Фифо, Лифо әдістері бойынша бағалау;

- сатуға берілген тауарлар есебі;

- тауарлы-материалдық құндылықтарға берілетін тапсырыс есебі;

- тауарлар қозғалысына байланысты банкалық және кассалық операцияларды жүргізу;

- өндіріске материалдарды жіберу (босату) және өндірілген өнім есебі.

Жүйеде сауда қызметіне талдау және бақылау жасау мүмкіндіктері бар:

- сатып алушылар мен жабдықтаушылар бойынша бақылау және талдау жасау;

- сату көлемін талдау;

- пайда мен шығынды талдау;

- ақша қаражатының қалдығын, тауарлар қорын талдау.

"ЛУКА-ПРО" жүйесі. Қазақстандық ПЛЮСМИКРО фирмасы жасаған "ЛУКА-ПРО" жүйесі әртүрлі ауқымдағы кәсіпорыңдар есебін автоматтандыруға арналған.

"ЛУКА-ПРО"-тілін, көмегімен кез келген деректерді өңдеуге болады. Мұндай программаның басқаруымен: жалақы, кадрлар есебі, шаруашылық қызметін талдау есептері жүргізіледі.

"ЛУКА-ПРО" жүйесінде талдамалы есеп жүргізу картотекалар көмегімен ұйымдастырылады. Кәсіпорындағы нақты есеп объектісіне талдамалы карточка-шоты сәйкес келеді. Шаруашылық актілері журналға "қолмен" немесе автоматты түрде енгізіледі. Барлық жазулар проводкаларды тіркеу жур-налына жазылады. Журналдағы жазулар корреспонденттік шоттар және проводкалардың ақшалай сомасын, құжаттарды көрсететін актілерге сілтемелерді және қажет болса заттық (натурал) немесе/және еңбек сипаттамаларын, талдамалы есеп карточкаларына сілтемелерді көрсетеді. Әр кезең үшін, сәйкес жазуларды тіркеу журналы ашылады. Есепті кезеңді жабу кезінде, осы мәліметтердің мәндерімен қоса барлық деректер үшін автоматты түрде мұрағат (архив) құрылады.

"ЛУКА-ПРО" бірнеше шоттар жоспарымен, басты журналмен бір уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әр шоттар жоспары үшін өзіндік базалық валюта, өзіндік есеп беру кезеңі және есеп жазбаларын тудырудың өзіндік ережесі көрсетілуі мүмкін. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өндіріске, саудаға немесе мемлекеттік бюджеттік мекемелерге бағытталған бухгалтерлік есептің көп өлшемді, көп валюталы жүйелерін құруға болады. Өңдеуді автоматтандыру деңгейі бір қатар қосымша құралдармен: есептік тәсімдер (схемалар), түзетуге, кұжат жасауға мүмкіндік беретін қолайлы мәтіндік редакторлар көмегімен орындалады.Программамен жеке режимде және желі бойынша жұмыс істеуге болады. Желідегі жұмыс Novella фирмасының Net -War З.ХХ және 4.ХХ басқаруымен немесе Pervasive Softwave фирмасының 5.ХХ, 6.ХХ версияларының ДҚБЖ Btrieve пен MS Windows NT жүйелерінің басқаруымен орыңдалады.

Жергілікті есеп желісімен жұмыс кезінде әр пайдаланушы тіркелу үшін жеке атау алады. Ол мәліметтерді пайдалануға құқығы барын көрсететін топқа енгізіледі. Пайдаланушының аты парольмен қорғалуы мүмкін.

Заңды тұлғалар картотекасы. Галактика корпорациясының кемегімен жасалған "ГАЛАКТИКА" жүйесі ірі фирмалар (корпорация) кызметін басқаруға арналған желілік жүйе больш табылады. Бұл жүйе әртүрлі саланы: өндіру, тасымалдау, шикізат қорын қайта өңдеу, химиялық және мұнай өнеркәсштерік машина жасау, құрылыс индустриясын және жеңіл өнеркәсіпті қамтиды. Кәсіпорын ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бір-бірімен байланысын бірыңғай жүйе құру арқылы, күнделікті жұмыс жағдайын айқын кескіндеп, келешекті көрсету барысында батыстық аналогтар деңгейінде қызмет атқарады. Жүйенің икемді құрылымы, бір уақытта бірнеше филиалдармен немесе кәсіпорын бөлімшелерімен бірнеше стандарттар бойынша көп жоспарлы қосарлас есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар экономикалық талдау құралдарыньң арқасында жүйе салық салудың айқын тәсілін және салықты артық төлеу мен айыппұлдардан аман болу мақсатында төлемдер құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. «Клиент-сервер» технологиясы бойынша жасалған өте танымал программалық өнім болып табылады.

Галактика жүйесінің құрылымы мынадай контурлардан тұрады:

-әкімшілікті басқару контуры;

- жедел басқару контуры;

- өндірісті басқару контуры;

- бухгалтерлік есеп контуры.

Корпоративті ақпараттар жүйесін әкімшілік басқару мынадай модульдерден тұрады:

- маркетингті басқару;

- қаржылық жоспарлау;

- шаруашылықты жоспарлау;

- жобаны басқару;

- қаржылық талдау және шаруашылық қызметі;

- есеп және кадрды басқару.

Жедел басқару контуры мынадай программалық модульдерден тұрады:

- сатып алуды басқару (жабдықтау);

- қойма есебі;

- сатуды басқару (өткізу);

- көлік;

- жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу;

- консигнациялық тауарларды басқару;

- сауда;


- өндірістегі материалдық құндылықтар есебі.

"ГАЛАКТИКА" жоспарлау, жедел басқару, бухгалтерлік есеп, бақылау және талдау мәселелерін шешеді. Программалық кешеннің жоспарлау есебінде: бюджетті құру, қаржылық жоспарлау; күнтізбелік - желілік (шаруашылық) жоспарлау; өндірісті техникалық дайындау және жоспарлау; қажетті ресурстарды бағалау мәселелері шешіледі. Кәсіпорынды жедел басқару шеңберінде сатуды басқару - материалды-техникалық жабдықтау; сатуды басқару - өнімді өндіру және өткізу; баспа-бас айырбастау операциялары және өзара есепке алуды басқару; сақтаулы қорлар мен материалдық құндылықтардын қозғалысын баскару келісімдік міндеттемелер, жабдықтау-шылар мен есеп айырушыларды басқару; өндірісті басқару; жобаларды баскару» өнімнің өзіндік құнын басқару - тауарлар, қызмет көрсетулер, кадрлар есебі; ішкі және сыртқы іс қағаздарын жүргізуді басқару мәселелері шешіледі. Басқару мәселелерін шешу барысында көптеген есеп беру мәселелері (бухгалтерлік және материалдық есеп, салықтық жоспарлау және тағы басқалар), жедел басқару деректерін қайта өңдеу арқылы қосымша шығынсыз шешіледі.

Бухгалтерлік есеп контуры мынадай кешедік есептерден тұрады:

- негізгі құралдар (НҚ) және материалдық емес активтер (МЕА) есебі;

- еңбекақы есебі;

- кассалық және қаржылық-есептеу операциялары;

- қаржылық шоғырландыру және бухгалтерлік есептемелер.

Бухгалтерлік есеп мәселелерінің кешеніне кассалық және қаржылық есеп беру операциялары; валюталық операциялар есебі; тауарлы-материалдық құндылықтар есебі; негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтер есебі; еңбек және жалақы есебі; нақты шығындар есебі; бас кітапты жүргізу және баланс құру; салықтық есеп; жиынтық және шоғырландыру, бухгалтерлік, қаржылық есеп беру; халықаралық стандарттар бойынша бухгалтерлік және қаржылық есеп берулер жатады. Мұнымен қатар жоспарлау, жобалардың орындалуын бақылау; бюджеттің орындалуын бақылау; өзара қаржылық міндетгемелерді бақылау; ресурстарды пайдалануды бақылау; сапаны бақылау; қайтарымдар мен шағым-талаптарды жұмыспен өтеу; орындаушылар тәртібін бақылау есептері шешіледі.

Талдау мәселесі тобына мыналар жатады:


  • жоспардың орындалуын және ресурстарды пайдалануды талдау;

  • қаржылық және шаруашылық қызметін талдау;

  • техникалық құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануды талдау;

  • маркетингтік шаралар мен жарнамалық компаниялардың тиімділігін талдау;

  • сапаны және шағым-талаптар мен қайтарымдарды анықтайтын факторларды талдау.


ҚОРЫТЫНДЫ

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құңдылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.

Осы диплом жұмысында «Kraft corporation» ЖШС қаржы – шаруашылық қызметін, оның бухгелтерлік баланс көрсеткішін талдап есептер жүргізілген. Осы диплом жұмысын қорытындылай келе, кез келген ұйымның даму стратегиясы жақсы болу үшін оның қаржы –шаруашылық есебі дәл және нақты жүргізілуі тиіс деген ұсыныс айтамын. Ол үшін келесі шараларды орындау қажет:


  • біріншіден, жаңа жоғарғы дәрежедегі техника мен технологияларды пайдалану,соның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажетті соңғы үлгідегі программалар;

  • екіншіден осы заманның бухгалтер мамандарының талаптарына сай білікті мамандарды іріктеу;

  • үшіншіден бақылау жұмысын арттыру және қаржы шаруашылық есебін дер кезінде қадағалау;

  • төртіншіден, қызметкерлер алдында есеп беру.

Дамыған АҚШ және Батыс Европа елдерінде қаржы шаруашылық жұмысты орындауда қазіргі кездегі компьютерлік технологияны қолданумен олар қаражатын жыл сайын екі есе үнемдеуде.

Диплом жұмысының үшінші тарауында Қазақстан бухгалтер мамандары үшін компьютерлік технологияны жетік білудің маңызы қаншалықты зор екендігі айтылады.

Кез келген ұйымның негізгі мақсаты жедел және қатесіз қаржы - шаруашылық есебін дер кезінде орындау. Осы мақсатқа жету үшін біздің ұйымдарға да қаржы шаруашылық есебін жүргізу үшін жаңа ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін дер кезенде енгізу қажет.

Диплом жұмысының негізгі қарастырылу обьектісі болған «Kraft corporation» ЖШС қаржы шаруашылық есебін жүргізетін бухгалтерия бөлімі толық деңгей де болмаса да жеткілікті деңгейде ғылыми техникалық прогрестің жаңа технологияларын қолдануда.

Бүгінгі таңда техникалық прогрестің жаңа технологияларын дер кезінде енгізу көп көлемді қаражатты қажет ететінін ескерсек бұл көрсеткішті жақсы деп бағалауға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарова В.А. Как научиться бухгалтерскому учету. г.Алматы – 2003г.



  1. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы-Алматы: Мерей, 2000ж.

  2. Құлпыбаев С.,Баязитова Ш.,Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу құралы.- Алматы: Мерей, 2001ж.

  3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы І бөлім, Алматы 2003ж.

  4. В.Д.Мельников, Қ.Қ. Ілиясов. Қаржы «Экономика», Алматы 1994ж.

  5. Теория бухгалтерского учета. Журнал «Бико - Принт». 2003 г.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет