Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет14/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан табылады» (1: 241). Осы екі 
түрлі сөз жүйесінің айырмашылығы туралы: «Сөзді жалаң түрінде айтқанда, 
күш көбінесі зейін жағына салынып, пайым терең, мағына күшті, пікір дәлелді 
болып, айтылған сөз адамның ақылына қонуы көбірек көзделеді. Сөзді көркем 
түрінде айтқанда, күш көбінесе қиял мен қиыс (түйіс) жағына салынып, сүгіреті 
толық, меңзеуі мерген, қисыны қызық болып сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы 
көбірек көзделеді». Себебі, «Сөз ақылға қонады шындығымен, көңілге ұнайды өңі 
үйлестігімен, өң үйлесуін жарастық, келістік дейміз. Келістік – көрік негізі» 
(1:242). А.Байтұрсынұлы осы ретте ойлаудың екі түрін ажыратып берген: «адам 
ойлағанда нәрсеге тиісінше ойлайды, иә көңілінің түйісінше ойлайды... Бір нәрсе 
туралы сөйлегенде, иә тиіс жағынан, иә түйіс жағынан алып сөйлейміз. Мәселен, 
кісі жайынан сөйлегенде, иә тиіс жағынан алып, түсін, тұрпатын, мінезін, құлқын, 
туысын, тұрмысын, ісін айтамыз, иә түйіс жағынан алып, сүйетін, сүймейтінімізді, 
сыйлайтын, сыйламайтынымызды айтамыз. Сол секілді, әннің дауысы тиіс жағы 
болады. Әннің бізге әсері түйіс жағы болады. Нәрсенің тиіс жағы өзінде бар шын 
жағы; нәрсенің түйіс жағы өзінде жоқ, жабатын жала. Қоятын кінә, жағатын опа, 
адам апарып жапсаратын нәрсе» (1:243). 
А.Байтұрсынұлының келесі тұжырымдары да бүгінгі әдебиеттануға 
қажетті болып табылады: «Жалаң сөз нәрсені тиіс жағынан алып, пайым 
бойынша сөйлейтін шындық сөзі, шын әңгіме болады. Көркем сөз нәрсені түйіс 
жағынан алып, қиял бойынша сөйлейтін, шын емес, шығарғы әңгіме болады. 


19 
Көркемсөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі. Жалаң сөз зейін байлығына 
қарайтын нәрсе, көркем сөз қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сөз 
дүниені тұрған қалпында алып айтады. Көркем сөз дүниені көңілдің түйген, 
қиялдың меңзеген әлпіне түсіріп айтады» (1: 243). Көркем сөздің негізгі 
ерекшілігі осылай анықталған. 
Көркемсөз несімен көркем? Оның басқадан ерекшелігі неде? Оған былай 
делінген: «Көркем сөз – айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп, 
қақиқат түрінде айтады. Көркем сөз – айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, 
әліптеп, көбінесе ұйғару түрінде айтады, жалаң сөз дүниеде шын болған, шын 
бар нәрселерді әңгіме қылады. Көркем сөз болуға ықтимал деген нәрселерді де 
алып сөз қылады; қатты қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға, жоқ 
нәрсені барға ұйғарып сөз қылады. Қисынын келтіріп, қиялдан туғызып әдемі 
әңгіме шығару ақындық дарыған адамның ғана қолынан келеді. Жалаң сөзді 
қара сөз делініп, көркемсөздің дарынды сөз деп аталу мәнісі осыдан» (1: 244). 
Бұл ойды А.Байтұрсынұлы нақтылай түседі: «Қарасөз – жаратынды, тиіс 
ғалам турасындағы әңгімеде, дарынды сөз ұйғарынды түйіс ғалам 
турасындағы әңгіме»
«Тиіс ғалам турасында сөйлегенде, жай күйінде жабайы тілмен тиісін 
айтамыз. Түйіс ғалам турасында сөйлегенде, көңіл түюінше өң беріп, дем беріп, 
көрнекі тілмен айтамыз. Бірақ тиіс ғалам турасында сөйлегенде де айқындық 
үшін ажарлау керек болса, жалаң лебіз орнына көрнекі лебіз жұмсалады». Ең 
басты айырмашылық былай деп берілген: «Дарынды сөз адамның ойына өң 
береді, көңіліне күй түсіреді, қара сөзден адам тек ұғым алады» (1: 244). Бұл 
басқа әдебиеттерге де ортақ екені туралы: «Арабша қара сөзді шығарманы 
насыр деп, дарынды сөзді шығарманы назым деп айтады ... қазақша айтқанда, 
қара сөз, дарынды сөз деп жүгінеміз» (1: 244). 
Қарасөзденадам тек ұғымаладыекен. Осы тұстабұлұғымтүрлеріаталған:
1) Есұғымыяғниескекерекұғым. 2) Іс ұғымыяғниіскекерекұғым» (244). Осы 
реттеА.БайтұрсынұлыМ.Бахтинның «Эстетика словесного творчества» (1975) 
еңбегінің басты қағидаларын сонау XX ғасыр басында қазақша былай айқындап 
бергені таңғалдыра түседі. «Қара сөз нәрсені тиісті жағынан сөйлейді» дегенге 
келесі ой жалғасқан: «Нәрсе турасында тиісінше сөйлеу үшін тиісінше ойлау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет