23
7.Әдебиет танытқышәлемдік әдебиет контексінде жазылған. «Біздің қазақ
Еуропа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақ айтыс
өлеңдері алаңға түсе-түсе барып, алаң алданышына айналып, айтыс-тартыс
түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан, алаң әдебиеті бізде
төтеннен шығып қалды» (1: 276).
Қазіргі әдебиеттанудағы «синкретизм», «типология», «әдебиеттердің
қарым-қатынасы», «ортақ сюжеттер» деген мәселелер туралы А.Байтұрсынұлы
былай дейді: «Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір-біріне
көбінесе ұқсас келеді. Ондай ұқсас болатын себебі:
олар шыққан заманда
халықтың бәрінің бір ананың қолында өскен балалар сияқты көргені, өнегесі,
үлгісі бір болған» (1: 276).
8.А.Байтұрсынұлы пайымдауынша, көркемдік заңдылығы мен оның
шарттары анық және ол барлық тілдегі әдебиеттерге ортақ. Демек,
«адамның жан
қоштау керегінен шыққан» әдебиет – «асыл сөз». Сондықтан
«Сөздің асыл
болатын сырын білген адам сөзді сынай біледі» (1: 337). Өйткені,
«Жүйрік аттың
белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол
сипаттарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады» (1: 337). «...Ақын адам сөздің
асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Асыл сөздің
сипаттарын білу тыңдаушыға да қажет. Абайдан кейін сөзге талғау кіреді.
Айтушы да, тыңдаушы да сөзді талғайтын болды. Олай болғаны – Абай асыл
сөздің айқындап нұсқаларын көрсеткеннің үстіне, аз да болса асыл сөз
сипаттарын айтыпта жұртты хабардар қылды... Жақсы сөздің сипаттарын
білген адам сынай білмекші; сынай білуден сөз талғауы күшеймекші. Солай болған
Достарыңызбен бөлісу: