Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет13/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

негізінен поэтика, стилистика, өлең құрылысына қатысты мәселелер көбірек 
сөз болады. Автор үлкен тілші-ғалым болғандықтан, оның қазақ поэзиясының 
ерекшеліктерін осы мәселелерге байланысты тексеріп талдайтыны түсінікті. 
Автор поззия тілінің бейнелілігін, сөз қолдану тәсілдерін мұқият зерттеп, 
теңеу, ауыстыру (метафора), алмастыру (метонимия), шендестіру, арнау, 
қайталақтау, дамыту, бүкпелеу секілді ұғымдарды әдеби термин ретінде 
қолданады. Сөйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін, «оралым», «қайшы 
оралым» деген сияқты түрлерін ажыратып көрсетеді. Қазақ өлеңінің 
ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындай, бунақ, тармақ, шумақ ұғымдарын 
қалыптастырды.3:64б. 
Академиктер Ш.Қ.Сәтбаева мен Р.Нұрғали Әдебиет танытқыш әдебиет 
теориясы деп айтқан еді.Тіл құралы мен Тілтану ғылымының негізі мен пән 
сөздерін 20 ғасыр басында қалыптастырып берген А.Байтұрсынұлы екенін 
академик Рабиға Сыздықова сонау 1977 жылы жария етіп, оны Ұлт Ұстазы 
ақталғаннан кейін өз зерттеулерінде дәләлдеп берді. (5) 
Әдебиет танытқышты меңгерген М.О.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, 
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаиловтар бұл іргелі зерттеудің басты теориясын совет 
кезіндегі зерттеулерінде ұстанды. Қазақ өлең құрылысы, қазақ әдебиеттануы 
мен әдебиет теориясының басты терминдерін Ахмет Байтұрсынұлы 
қалыптастырып бергені осылай реттелді. 
«Әдебиет танытқышта» асыл сөздің тектері мен түрлері «адамның жан 
қоштау керегінен шыққан» нәрселерге жатқызылады. Асыл сөз адамның жан 
сақтау емес, жан қоштау керегіне, қажетіне бағытталған: «Нәрсенің жайын, 
күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. 
Қазақша – асыл сөз, арабша – әдебиет, еуропаша – литература»... Әдебиеттің 
басқа ғылымдардан айырмашылығы туралы былай делінген: «Алдыңғы өнердің 


18 
бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай 
сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, 
қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға 
болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді». 1:151б. 
«Әдебиет танытқышта» белгілі әдебиет терминдерінің қазақша баламасы 
көңілге қонымды әрі нақты дәлдікпен қолданысқа енгізілген. Бұл зерттеудеәр 
«пән сөзі» (А.Байтұрсынұлы) - категория өзінің логикалық дамуы, қалыптасқан 
жүйесі бар түсінік ретінде теориялық тұрғыда айқындалған. Мысалы: 
«Байымдаманың зор мүшесі төртеу: бастамасы, ұсынбасы, баяндамасы
қорытпасы» (1:168). Демек әр пән сөзі мен теориялық тұжырымның ішкі 
заңдылықтары мен мақсаттыры анықталып, парадигма ретінде анықталған. 
А.Байтұрсынұлы «Қарасөз бен дарынды сөз жүйесі» атты тарауда қарасөз 
бен көркемсөз аражігі анықталған. Сөйлеу түрлерін әдебиетші былай деп бөлген: 
«Жалаң лебізбен айтылған сөзді ғана сөйлеу дейміз де, көрнекі лебізбен айтылған 
сөзді жырлау, толғау дейміз... Жалаң лебізді сөздерді қара сөз деп, көрнекі лебізді 
сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ ( 1:241). Осы тұста әдебиетші бүгінгі 
әдебиеттанудағы «сөйлеу жанрлары» түрлерін былайша айқындап береді: 
«Асылына қарағанда, «қарасөз» деген мен «сөйлеу» деген екеуінің мағынасы бір 
болып, «дарынды сөз» деген мен «жырлау», «толғау» дегеннің мағынасы бір 
болып, бірінің орнына бірі айтыла береді. Қарасөзді шығармалардың да, дарынды 
сөзді шығармалардың да түрлерінің өлеңдісі, өлеңсізі болады (1:241 ). 
А.Байтұрсынұлы асыл сөз несімен өзіне назар аударады дегенге былай 
дейді: «Сөздің асыл болуы – ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының 
көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз көркемдігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет