Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет7/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

ҚАРҚАРАЛЫ. 1904 жылдың қыркүйек айында А.Байтұрсынұлы 
Қарқаралы уездік мектебіне ұстаз әрі меңгеруші болып тағайындалады. Оның 
Қарақаралыдағы ұстаздық қызметі Ресей империясы аумағында болған үлкен 
тарихи оқиғамен тұспа-тұс келеді. 1905 жылы Ресей патшалығында тарихта 
«Қанды жексенбі» деп атанып кеткен бірінші орыс революциясы орын алады. 
Толқудың туындауына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Ішкі фактор 
қатарына монорхиялық режимнің қыспағынан туындаған әлеуметтік-
экономикалық жағдайлардың күрделенуі себеп болса, сыртқы факторда Ресей 
империясының Жапон соғысында әбден титықтап, тиімсіз бейбіт келісім 
жасауы отқа май құйңандай болады. Толқуды күшпен, зорлықпен басқан патша 
әлеуметтің көңілін аулау, қоғамның талабын орындау мақсатында «17 қазан» 
манифестін жариялап, заң қабылдайтын парламент институтын құру, 
азаматтарға саяси құқық пен еркіндік, атап айтқанда, сөз, ар-ұят, жиналыс, жеке 
тұлға еркіндігі мәселеріне рұқсат беріледі.
Ә.Бөкейхан бастаған Алаш азаматтары «17 қазан» манифестін үлкен 
үмітпен қабылдайды. Белгілі Алаштанушы С. Аққұлының жазуынша, қазақ 
зиялылары манифесті қазақ арасына таратуда белсенділік пен шапшаңдылық 
танытады. Құжаттың мазмұнын қалың қазақтың ортасына жеткізу үшін 
Ә.Бөкейхан мен Райымжан Мәрсекұлы оны қазақ тіліне аударып, оны 10 000 
дана етіп типографиядан басып шығарады. Тираждың барлығы қазақ даласына 
таратылады. Мұнымен қатар олар манифестің қазақ тіліндегі аударма нұсқасын 


10 
облыстық «Акмолинские областные ведомости» газетінің қазақша қосымшасы 
«Дала уалаятының газетінде» жариялайды 
(Аккулы, 2016: 403).
Қарқаралы уездік мектебінің меңгерушісі А.Байтұрсынұлы империя 
кеңістігінде орын алған аталмыш саяси өзгерістерге байланысты қоғамдық 
ашық қайраткерлік қызметке көшеді. Ол Қарақаралы құзырхатын 
ұйымдастырушылардың бірі болады. Оның Қарақаралы кезеңіндегі күрескерлік 
қызметі М.Дулатовтың еңбегінде былайша баяндалады: «В начале ХХ в. живя в 
Каркаралах А.Б. принимает участие в революционных движениях: работая в 
первое время нелегально, а затем после обнародования манифеста 17 октября 
1905 г. являась одним из видных и активных руководителей киргизских масс. 
Вскоре наступает реакция, революция уходит в подполье, а А.Б. продолжает 
работу в подпольных организациях. Однако подходит расплата: среди
товарищей оказывается провокатор (Т.Чингисов), который и выдает А.Б. и 
других» 
(Дулатов, 1922: 20).
ҚР мемлекеттік орталық архивінде М.Дулатов «арандатушы Т. Чингизов» 
деп атаған кісінің «Жеке ісі» сақталған. Онда Қарқаралы уезі Ақсары 
болысының Итаяқ Саптыаяқов деген кісінің Семей губернаторына 
1911 жылдың 20 қазанында жазған домалақ арызы тіркелген. Онда Қарақарлы 
қаласының фельдшері Татимбет Чингисовті алаяқ, арандатушы, үкіметке қарсы 
кісі деп көптеген дәлелдер келтіре отырып, фельдшерлік қызметке 
Ж.Ақбаевтың
2
көмегімен орналасқанын, оның 1904 жылы мұғалім 
А.Байтұрсынұлымен жақын қарым-қатынас орнатып, үкіметке қарсы насихат 
жүргізу үшін қаржы жинағанын, министр Булыгинның атына арыз жазғанын 
айтады» 
(ҚР МОА, қор.15, тіз.3, іс 410, п.122 п.с.ж.). 
Арызға қол қоюшының 
аты-жөніне қарап арыздың анонимдік екенін болжауға болады. Қалай болғанда 
да, арандатушы Т.Чингисов өзі жасаған арамдық ісіне ұқсас әрекеттің құрбаны 
болған сынды. 
1909 жылдың 1 шілдесінде А.Байтұрсынұлы Семей түрмесіне жабылып, 
онда тоғыз ай бойы жазықсыз отырады 
(Имаханбет, 2010, 41). 
А.Байтұрсынұлын арашалауға Алаш азаматтары араласады. Кадет партиясының 
мүшесі, І Думаның депутаты Ә.Бөкейхан Санкт-Петербургтегі «Речь» газетінде 
«Киргизский народный поэт в тюрьме. Из Семипалатинска.» атты шағын 
мақала жариялауды ұйымдастырады. Мақала басылымның 1909 жылғы 19 
қарашасындағы №318 санында жарияланады. Онда. «Вздешней тюрьме 
томится 5-й месяц Ахмед Байтурсунов, талантливый киргизский поэт. В 1909 
году он издал книгу «Крык Мысал – Сорок басен», перевод в стиках 40 басен 
Крылова»,- деп басталған мақала түрмедедегі А.Байтұрсынұлына айып 
тағылмағанын, оны босату жөнінде жазылған арыздар губернатор тарапынан 
жауапсыз қалып отырғанын хабарлаумен аяқталады 
(Речь, 1909, №318).
А.Байтұрсынұлын арашалауға дос-жарандарымен қатар жары Бадрисафа 
Байтұрсынова да белсене араласады. Оның билік органдарына жазған 
шағымдары архивтік мұрағаттарда сақталған. 1910 жылдың 21 ақпанындағы 
2
Ж.Ақбаев – Қарақаралы петициясын ұйымдастырған кісі ретінде патша үкіметінен тарапынан қудалауға 
ұшыраған қайраткер. 


11 
Ішкі істер министрлігінің қаулысымен оны қазақ даласынан тыс жерге 2 жыл 
мерзімге жер аударылсын әкімшілік жаза шығарылады 
(ООМА, қор 21, тіз.9, 
іс4, п.70-71п.с.ж.). 
Жазаны өтейтін мекен ретінде А.Байтұрсынұлы Орынбор 
қаласын таңдайды. Семей облысының губернаторы Тройницкий жасырын, жала 
шағымды жалау етіп А.Байтұрсынұлын қазақ даласынан сыртқы кетуге 
мәжбүрлейді. 
Губернатордың 
қыспағымен 
қоныс 
аударған 
А.Байтұрсынұлының жаңа мекенде жұртына жасар қызметтің кең арнасы 
ашылады. 1914 жылы Семей губернаторы Тройницкий мырза қызметтен 
кеткенде А.Байтұрсынұлы былай деп жазды: «Өз басым Тройнитскиге 
алғыстан басқа һеш нәрсе айтпаймын. Өйткені жалған жала, жасырын шағымға 
инабат етіп, бұлдаушы болмаса, менің үстімнен жасырын шағым болмас еді. 
Жасырын шағым болмаса, мен Қарқаралыдан Оренбургқа қуылмас едім. 
Оренбургқа қуылмасам, Қарқаралыда тұрып, осы істеп отырған ісімді істей 
алмас едім. Елу-алпыс балаға ғана арнап берген сабақтан алты миллион қазақты 
алаламай істеп отырған ісімді артығырақ көремін» 
(Қазақ газеті, 2018: 61).
Түйіндей келгенде, 1905 жылғы бірінші орыс революциясының әсері 
және патшаның «17 қазан» манифесі арқылы патшалық үкіметтің империя 
құрамындағы ұлт мәселесіне көңіл аударуы қазақ оқығандарына үміт отын 
жағады. А.Байтұрсынұлы Омбы-Қарқаралы кезеңінде ағартушылық майданда, 
азаттық күрес жолында шығармашылық та, саяси күрескерлік тұрғысынан да 
шыңдалып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет