7
Жұрттың ықылас-пейілін аударған іске Дала губернаторы да көңіл
аударып, Халық ағарту министрлігіне Ақмола, Семей облыстарындағы ауыл
мектептерінің жұмыстарын ұйымдастырып, оны жолға қоятын лауазымдық
штат ашуды сұрайды. Оның өтініші министрлік кеш болса да тарапынан қолдау
тауып, Халық ағарту министрлігінің Бастауыш мектептер жұмыстары жөніндегі
департаменті 1901 жылдың 16 қарашасында Батыс Сібір оқу округінің
басшысына (попечителіне) арнайы хат жолдайды.
Онда Ақмола және Семей
облыстары ауыл мектептерінің жұмысын ұйымдастыру үшін халық мектептері
директоры
лауазымы
штатын
ашу
мәселесі
Мемлекеттік
кеңесте
қарастырылатынын және оған кезінде Бөкей Ордасы, қазіргі таңда Торғай
облысы халық мектептерінің инспекторы лауазымындағы Стас кеңесші
А.Алекторовтың кандидатурасы ұсынылып отырғандығы туралы хабардар
етеді
(ТОМА, қор 126, тіз.4, іс 168, п.9 -9 п.с.ж.)
1902 жылдың 4 наурызында А.Алекторов жаңа лауазымға бекітіледі.
А.Байтұрсынұлы 1902 жылдың 1 сәуірі күні Ақмола және Семей облысы халық
мектептері директоры А Алекторовтың атына директордың ісжүргізушісі
қызметіне алу туралы өтінішін жазады. Өтініштің мазмұны екі бөліктен
құралған. Бірінші бөлікте Орынбаев мектебі және Қостанай педагогикалық
сыныбының мұғалімі А.Байтұрсынұлы директордан ісжүргізуші лауазымына өз
кандидатурасын Батыс-Сібір оқу округінің басшысына ұсынуды өтінеді. Екінші
бөлікте ол өзінің білімі туралы ақпарат береді
және Торғай облысында
6 жылдық ұстаздық қызметті өтелгенін хабарлайды. Құжаттың соңына «Мұғалім
Ахмет Байтұрсынов» деп қол қояды
(ТОМА, қор 126, тіз.4, іс 385, п.2).
Өз
кезегінде А.Алекторов Батыс-Сібір оқу округінің басшысы растаған хабарды
алысымен А.Байтұрсынұлының өтінішіндегі ақпараттарды тілге тиек ете отырып,
оның кандидатурасын Батыс-Сібір оқу округінің басшысына ұсынады.
Ұсыныстың хатталған мерзімі – 1902 жылдың 17 сәуірі, құжаттың жазылған
мекені – Қостанай қаласы. Ұсыныста ол мұғалім А.Байтұрсынұлының басқа
мамандыққа және басқа облысқа ауысуына ешқандай кедергі жоқ, себебі ол 6
жылдық мерзімді өтеген деп жазады: «К сему считаю долгом присовокупить, что
обязательный срок на должности учителя им высмержен и прияпятствий к его
перемешению не имеется»
(ТОМА, қор 126, тіз.4, іс 385, п.1).
1. Өтініш жазылған уақытта (1902 жылы) А.Байтұрсынұлы
Орынбаев
(Урумбаев) мектебінде және Қостанай педагогикалық класында мұғалімдік
қызмет атқарып жүрген;
2. А.Байтұрсынұлының Орынбор мұғалімдер мектебінің курсын аяқтаған
туралы куәлігінің номерленген таңбасы - 260;
3. 1902 жылдың 26 наурызда оның Торғай облысының территориясында
атқарылуға тиісті 6 жылдық мұғалімдік қызметінің мерзімі өтелген.
Торғай облысы халық мектептерінің инспекторы жұмысын тапсырған
А.Алекторов Омбыға келіп, 1902 жылдың 2 мамыр күні Батыс Сібір оқу
округінің басшысы Лавреньтевке ауденцияға рұқсат сұрап телеграмма жолдап,
оған оң жауап алады
(ТОМА, қор 126, тіз.4, іс.168, п.40).
А.Алекторов жаңа
қызметке жалғыз келмейді,
оның қасында тамыр-досы, ісжүргізуші
лауазымындағы А.Байтұрсынұлы болады.