13
Нағыз ғылыми еңбек өз ұлтына, еліне адал қызмет ету қажеттілігінен тууы
абзал екенін ғалым іргелі зерттеулерімен бізге аманат етті. Осы ретте «Тіл
құралының» жөні ерекше. Бұл басылымда отарлаудан көзі ашылмаған жұртына
сонау совет кезінде қазақ тілін үйрету мен оны оқытудың басты негіздері
анықталған. Бұл туралы 1989 жылы академик Рабиға Сыздықтың жазған болатын:
«А.Байтұрсынұлы қазақша Әліппе жасап араб
таңбалары негізінде ұлттық
әліппеге реформа жасап, филологиялық пән сөздеріні қалыптастырып , ғылымның
негізгі салалары: Дыбыс жүйесі фонетика, Сөз жүйесін морфология, Сөйлем
жүйесін грамматика тұңғыш рет негізін салып берді. Ғалымның бұл іргелі
зерттеулері бірнеше монографияға арқау болып, заманындағы ғалымдардың
лайықты
бағасын ие болып, күні бүгін қазақ тіліндегі филология ғылымының
басты негізгі ұстанымдары болып саналады».(Тіл Тағылымы Алғы сөз. 18 б.)
А. Байтұрсынұдының лингвистикалық зерттеулерінде қазіргі тілтану мен
әдебиет теориясының негізі қаланып, біз пайдаланып келе жатқан терминдердің
авторлығы да анықталды. Ғалым тек ғылыми зерттеулермен шектелмей,
олардың күнделікті сұранысты өтейтін оқулықтар арқылы нақты білім беру
саласына дер кезінде еңгізуі шынайы ғылыми іскерліктің үлгісі болып қала
бермек. Ғылыми зерттеу тек атақ үшін емес, халыққа қызмет ету, ана тілінде
білім беру үшін жасалғаны осы ретте айқындалаған.
Ғалымның
«Оқу құралы» Қызыл Орда 1926 жыл «Биссмилляхи рахмани
рахим» сөздерімен ашылады. АБ қазақша Әліппе жасауы,
араб таңбалары
негізінде ұлттық әліпбиге реформа жасап, қазақ тіл білімінңің терминдерін
алғашқы болып қалыптастыруы және оның негізгі салаларын: дыбыс жүйесін
фонетика, сөз жүйесін морфология, сөйлем жүйесін грамматика тереңдей
зерттеп, бірнеше оқулыққа арқау еткен еңбектері күні бүгін маңызын жойған
емес. Бұлар: Тіл құралы, 1 бөлім . Фонетика; Тіл құралы, 2 бөлім Морфология;
Тіл құралы, 3 бөлім. Синтаксис; Әдебиет танытқыш; Баяншы,
методикалық
жазбалар; Тіл жұмсар, 1 бөлім. Практикалық грамматика; Тіл жұмсар, 2 бөлім.
Практикалық грамматика. Оқу құралы балалар әліппесі; Әліппе; Сауат
ашқыш.Ересектер әліппесі; Әліппе астар Әліппеге методикалық нұсқау;
Оқу құралы. Хресторматия Т.Шонанұлымен бірге. Ер Сайын. 23 Жоқтау.
Орынборда 1914 жылы шыққан Тіл құралының тараулары: Сөз
мүшелері, Қазақ сөзіндегі дыбыстар Һәм олардың харіфтері. Жазу қағидалары.
Атауыш сөздер ( зат есім, сын есім,
сан есім, есімдік, етістік, шылау сөздер,
үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз). Қорытуда келесі тұжырым берілген:
«Сөйтіп сөздер
тұлғасына қарай беске бөлінеді: түбір сөз,туынды сөз, қос сөз,
қосалқы сөз, қосымшалар. Сөздер
мағынасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді: зат
есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық,одағай». Бұл
пән сөздері күні бүгін қазақ тіл білімінің негізгі ұстанымдары болып келеді.
А.Байтұрсынұлының араб таңбаларын қазақ тілінің фонетикасына сай
қолданған жүйелі графикасы 1924 жылы ресми қабылданған. Өзге түрік
халықтары өзбек, татар тб.оны тұңғыш үлгі ретінде қабылдады. Осы ретте
Р.Сыздық сөзіне жүгінсек: «А.Байтұрсынов ұсынған «жаңа емле» 1913 жылдан
бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ орыс мектептерінде де қолданыла
бастаған». Ана тілімізге лайықталып реформаланған араб таңбаларын латынша
14
ауыстырудің тиімділігі жоқ деген АБ
бастаған Алаш ғалымдары ұлтшыл,
пантюркист, панисламист, кеңеске қарсы деген айыпқа ұшырады. Тіл
тағылымы.Алматы. Ана тілі,1992, 9 б.
А.Байтұрсынұлының негізгі тілтанулық ұстанымы
Тіл құралы Орынбор
1914 еңбегінде былай деп тұжырымдалған: « Қазақ тілі түрік тілінің бір тарауы.
Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді:
түбіршік тіл, жалғаламы
Достарыңызбен бөлісу: