177
ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шонгалова Камар Серикбаевна
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Аннотация: Методика обучения физике как педагогическая
наука решает задачи
обеспечения высокоэффективного учебного процесса из физики. Она определяет: место
физики в учебном процессе средней школы; содержание обучения физике; структуру
учебного процесса; способы, методы и средства обеспечения
высокой эффективности
учебного процесса из физики.
Ключевое слово: демократизация, гуманизация, гуманитаризация, задача образования,
задача развития, задача образования.
Abstract: The methodology of teaching physics as a pedagogical science solves the problem
of providing a highly effective educational process from physics. It determines: the place of physics
in the educational process of secondary school; the content of teaching physics; the structure of the
educational process; ways, methods and means of ensuring the high efficiency of the educational
process from physics.
Key words: democratization, humanization, humanitarization, task of education,
task of
development, task of education.
Жалпы физика - табиғаттың негізгі қарым-қатынастарын, заңдылықтарын
зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін,
өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.
Қандай да бір мәселенің өзектілігін анықтау кезінде әрқашанда оқыту
алдындағы міндеттер арасындағы бар қарама-қайшылықтан және оқытудың
теориясы мен практикасындағы осы мәселенің жасалуының деңгейі мен
дәрежесінен шығады. Сондықтан, біз орта мектепте физиканы оқыту теориясы
мен әдістемесі алдында тұрған қарама-қайшылықтарды бөліп аламыз және
олардың негізінде өзекті мәселелерді қалыптастырамыз.
Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым
негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-
тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту
әдістемесі жеке ғылым
саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту
әдістері дидиактикаға негізделеді.
Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика
ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен,
оның ғылымның қарқындап
дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.
Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең
алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс.
Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде жоспар бойынша мұғалімнің
басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі
міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық
білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.
Мектепте физиканы оқыту кезеңінде
оқушыларға білім білім беру,
оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.
178
Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның
нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды,
әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті – оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды
көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие
етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды
меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты,
мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.
Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын
орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда,
оқушылардың ғылыми
көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына
жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты
оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру
болып келеді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға белгілі бір
көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру барысында оларды
тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да
кеңейді: оқушыларға физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру,
физиканы оқыту барысында
мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
Орта
мектеп
оқытуды
демократизациялау,
гуманизациялау,
гуманитаризациялау сияқты принциптерден құрылады.
Бұл принциптердің көрінісі әр типті оқу мекемелерін, әртүрлі оқу
бағдарламалары мен оқулықтар құру болып табылады. Сәйкесінше осы уақытқа
дейінгі орта физикалық білім берудің бірдей деңгейі, оқу бағдарламасы мен оқу
құралы және оқушылардың оқу мекемесін және оқу бағдарламасы мен оқу
құралын таңдау арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-
қайшылық әртүрлі типтегі оқу мекемелеріндегі, бағыттары әртүрлі кластардағы
физикалық білім беру мазмұнын анықтауды негіздейді.
Практикаға жеке бағыттылық оқытуды енгізу, мұнда мұғалім «орта» оқушыға
бағытталады, ол үшін қабілетімен, қызығушылығымен
және икемділігімен жеке
адам болып табылатын ал әрбір нақты оқушыға жаңа әдістерді, жоспарларды және
оқытудың әртүрлі формаларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру процесі жүріп жатыр, еліміздің
барлық өмірінде, ең аз уақыт аралығында білім беруді жаппай ақпараттандыру
болады. Әзірге бұл процесс баяу жүріп жатыр, бірақ оның темпі қарқынды
жүріп жатқаны байқалады. Біздің оқушылар физиканы оқу процесінде ЭЕМ-ны
тек есептеу құралы ретінде пайдаланбауы керек, сондай-ақ оқыту құралы және
дайындықты бақылау құралы ретінде де пайдаланулары керек. Қазірдің өзінде
де мектепте моделдеуші, бақылаушы және оқытушы компьютерлік
бағдарламалар кеңінен қолданылады. Компьютер барлық пәндер бойынша да
оқу процесіне әлі де кеңінен енетін болады, соның ішінде физика бойынша да.
Физиканы оқытуда компьютерді қолдану технологиясын құру – физиканы
оқыту теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.