199
2. Коллинз, Н.Д. (1994). Метапознание и чтение для обучения. Проверено 14 июня
2003 года из http://www.indiana.edu /~eric_rec/ieo/digests/d96.html .
3.
Андерсон, Р. К., и Пирсон, П. Д. (1984). Теоретико-схематический взгляд на
основные процессы чтения. В книге П.Д. Пирсона
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Жүсіпбек Индира Батырқызы
Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
indira_zhusupbek@mail.ru
Бейсенбаев Сундетбай Куандыкович
Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Аннатация. Известно, что он первый просветитель из Казахстана, посвятивший свою
жизнь обучению грамоте и стремившийся открыть глаза первобытным людям. Своими острыми
на язык стихами и песенными сборниками он жужжит в ушах своего народа,
как комар,
пытается разбудить спящих людей, кусает за душу, побуждает их вкладываться в будущее.
Ключевые слова: Сознательная жизнь, грамотность, первобытные люди, первый
просветитель, острые на язык, стихи, поэмы, очерки, будущее, пропаганда
Annotation. It is known that he was the first educator from Kazakhstan, who devoted his life
to teaching literacy and sought to open the eyes of primitive people. With his sharp-tongued poems
and song collections, he buzzes in the ears of his people like a mosquito, tries to wake up sleeping
people, bites at the soul, encourages them to invest in the future.
Keywords: Conscious life, literacy,
primitive people, the first educator, sharp-tongued,
poems, poems, essays, future, propaganda
Бір басында соншама таусылмайтын білім мен ілімі көп, рухани
мәдениеттіліктің мәйегіне айналған мірдің оғындай оқшауланып дара
жаратылған дарынды ұлы тұлғалардың бірі ол – Ахмет Байтұрсынұлы.
Кітап
бетін ашқан сайын білім деген тұңғиыққа кіретінің белгілі. Сол сияқты Ахмет
Байтұрсынұлының әлемі де ерекше және өте терең. Саналы ғұмырын сауат
ашуға арнап, қарабайыр халықтың көзін ашуға ұмтылған жан, қазақтан шыққан
тұңғыш ағартушы екені мәлім. Өзінің өткір тілді өлеңдері, жыр-жинақтары
арқылы халқының құлағына маса болып ызылдап, ұйықтап жатқан халықты
оятуға талпынған, жанды жерінен шағып, болашаққа зер салуды насихаттайды.
Қазақ қоғамында оқу саласына ерен еңбек
сіңірген Ахмет Байтұрсынов, араб
жазуы негізінде жасалған тұңғыш әліпбидің дүниеге келуіне түрткі болды.
Ұрпақ тағдырына бей-жай қарай салатын салғырт адам санатынан емес.
Керісінше бар ғұмыры мен еңбектерін сол жолда сарп еткізіп, жарқыраған
жасампаздыққа ұмтылды. Өркениетті ұлттың тәуелсіздігін армандады.
Қазақтың арғы-бергі тарихынан терең сауатты болғандықтан, оның басындағы
ахуалдың себеп-салдарын да жақсы түсінген. Қиындықтан құтқарудың жол-
дары ең бірінші халықты ояту мен білімге жетелеуде деп білді. «Халыққа не
керек?» деген сұрақтың жауабын іздейді. Бодандықта тұрған жұрттың
200
баршасына ортақ қиындық пен қазақ халқының басындағы ерекше тағдырдың
арасында үлкен айырмашылық бар. Отарлаушы ел мен бодандықтағы
халқының тұрмысы да, салты да, өмірлік ұстанымдары мен дүниетанымы да
бір-біріне ұқсамайтын. Мұндай жағдайдағы қайшылықтың салдары бодан елге
аса ауыр соққы болатыны белгілі. Тұрмысы, дәстүрі, тілі, жалпы алғанда, барша
мәдениеті мен ұлттық психологиясы дағдарысқа ұшырайды. Ғасырлар бойы
санасына сіңген дәстүрлері қолданыстан ығысып, жарамсыз күйге түскенде
халық үлкен тығырыққа тіреледі екен. Тегі бөтен шаруашылыққа адамның
бірден икемделе кетуі қиын, ақыл мен денеге тосын салмақ түскен соң
қиналады, жасиды, оның ақыры бойкүйездікке алып келеді.
Осылайша, қазақ
халқының үстінен зіл қара күш басты, «қараңғылық» міні тағылды. Бүгінде
«қазақ неден осындай болды?» деп, біз іздеп жүрген көптеген сұрақтардың
жауабын Ахаң сол тұста терең түсінген еді.
Не істеукерек? Халықтыоятукерек! Тыңсерпіліскерек! Қазаққа еңбірінші
қандай әдіс қолданған жөн? Сөзбен әсерету! Өйткені ұлы даланың батысы мен
шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін тұтастырып, бірұлт ретінде сақтап келген
сөз құдіреті болатын. Қазақ сөзге тоқтаған халық еді,
сол қасиеті ешқандай
заманауи техника мен технологиясыз ақ халықты бір рухани орталыққа
топтастырып отырған. Өзге жұрттың дәстүріне негізделген уақыт
талаптарының құшағында жұтылып кетпес үшін өз дәстүрін, өз құндылығын
жаңа заманға бейімдеу тәсілін қолға алды. Қазақ «қараңғылығы» неде? Қазақ
тумысынан сауатсыз, өркениетке бейімділігі төмен емес, керісінше табиғи мә-
дениетке негізделген дүниетанымында адамзаттық деңгейдегі құндылықтар
ұялаған, терең білімді игерген халық болатын.
Батыстың материалдық құнды-
лықтарға негізделген мәдениеті мен оның артындағы өз өктемдігін орнатуға құ-
рылған қарулы күштердің алдында дәрменсіз күйкешкен халықтың ендігі үміті
жаңа заманға бейімделуде ғана тұрған еді. Бұл тұрғыдан алғанда, «Қараңғылық
бұлтын сейілту немесе ояну» деп жүргеніміздің өзі жаңа заманға бейімделу
болатын, бізге басқа жол жоқ еді. Осының бәрін ой елегінен өткізе келе Ахмет
Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса» атты еңбектерін жариялады. Мұнда
түрлі тақырыптағы мәселелер қамтылды. Мысалы, ынтымақ-бірлік туралы
«Аққу, шортан һәм шаян», ойсыз мақтаншақтық туралы «Шымшық пен
көгершін», «Емен мен қамыс», күншілдік туралы «Өгіз бен бақа» секілді
аудармалар қазақ қоғамының сол кездегі жағдайына сай таңдалып алынған
мысалдар болатын. Сол секілді маса болып ызыңдап, халықты ояту мақсатында
жазылған «Маса» жинағында да халықты оятып, жаңа заман ұйықтап жатқанды
кешірмейтінін және келер ұрпақтың қамы үшін жаңаша түлемесе болмайтынын
ескертеді. «Сөз иесінен» атты өлеңінде:
Достарыңызбен бөлісу: