Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары 18 маусым 2010 ж



бет9/23
Дата23.02.2016
өлшемі6 Mb.
#10320
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Қалиев Н.


Л.Н. Гумилев атындағы

ЕҰУ, саясаттану кафедрасының профессоры,

саясаттану ғылымдарының докторы

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ МӘСЕЛЕСІНЕ
Тәуелсіз Қазақстанның даму үдерісіндегі саяси жүйесін бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) институтынсыз елестету мүмкін емес. Саяси жүйедегі БАҚ-ның институттану үдерісі жүріп жатыр. Ол аса маңызды көпсалалы, көпқырлы әлеуметттік-саяси, ақпараттық функцияларды атқаратын демократиялық, азаматтық, саяси және идеологиялық әр алуандықты білдіретін институт ретінде түзелуде деп айтуға толық негіз бар.

БАҚ қалайша саяси жүйе институты? Ең алдымен БАҚ саяси жүйелер теориясындағы институт түсінігіне және категориясына қойылатын іргелі талаптар мен сипаттарға жауап береді.



Институт дегеніміз – демократиялық саяси жүйеде қоғамының заңдары немесе ғұрыптары арқылы анықталған қоғамдық ұйымның іргелі нысандарының яки құрылымдарының үйлесімді жиынтығы. Ал саясаттануда институт дегеніміз – өз бойына адамдар тәртібінің қоғамдық нормалары мен ережелерін тоғыстырған, саясат саласындағы белгілі бір қатынастар мен іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

Саяси институт: 1) билік пен басқаруға қатысты адамдар арасындағы, адам мен ұжымның арасындағы байланыстарды, ортақ құндылықтарды, ұйымдық принциптерді қолдаушы қатынастар мен ережелердің идеалды моделі; 2) адамдар ұйымдасуының биік деңгейіне жеткен, ұжымдық ерікке, мақсатқа және өмір тіршілігінің ортақ мүдделері мен қажеттеріне негізделген адамдардың ерекше ассоциациясы.

Бұндай институттардың басты функциясы саяси қатынастардың белгілі саласын реттеу. Осы тұрғыдан келгенде БАҚ саяси институтқа қойылатын негізгі талаптар мен принциптерге сәйкес келеді деп тұжырымдауға негіз бар.

Саяси институттар мен ұйымдардың жалпы теориясына сәйкес олардың пайда болуы, қалыптасуы және қызмет жасауының өзіндік қоғамдық-саяси алғышарттары мен себептері болады. Саяси институттар мен ұйымдар туралы қазіргі заманғы теорияларға жүгінсек, олар негізінен мыналарды қамтиды:



  • әлеуметтік маңызы - яғни саяси институт, мақсаты, қызметі және оның нәтижесі нақтылы әлеуметтік сипатта болады;

  • идеологиялылығы - саяси институт қалыптасуы, қызмет жасауы және дамуы белгілі бір әлеуметтік идеяларға, көзқарастарға және құндылықтарға, яғни идеологиялық сұраныс пен қажеттілікке негізделеді;

  • демократиялылығы – саяси институт, әдетте, демократиялық бастауларға сүйеніп, оның қызметі жергілікті немесе төменгі ұйымдардың бастамалары мен белсенділігіне сүйенеді;

  • жариялылығы – саяси институт өзінің бүкіл қызметін ашық, жариялылық, бұқарамен кең байланыс, ақпараттық кеңістікті мүмкіндігінше кең пайдалануға ұмтылып, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз, көп салалы байланысты өз қызметі мен беделінің басты бағыты деп есептейді;

  • тарихи қажеттілігі - әр саяси институт қоғам алдында тұрған көп салалы, тарихи, саяси-әлеуметтік және қоғамдық терең қажеттіліктен туады, оның бүкіл қызметі сол тарихи дәуірдің ішкі қажеттерінен, эволюциялық дамуынан қалыптасқан құбылыс;

  • әлеуметтік базасының болуы – саяси институт әрқашан кең әлеуметтік топтар мен жіктердің қолдауына сүйенеді және оның шығармашылдығы мен мүдделері есебінен өз жұмысының мазмұнын байытып, кеңейтіп отырады.

Осындай институционалдық талаптар тұрғысынан келгенде БАҚ Қазақстанның саяси жүйеснің ажырамас және маңызды институтына айналды.

Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси үдерістерде БАҚ өздерінің көп мазмұнды және кең ауқымды функциялары арасында араласпайтын қоғамдық өмір саласы жоқ. Әр қырынан, әр саладан, әр деңгейден көрінеді. Саяси және әлеуметтік, экономикалық-нарықтық, этносаралық, дінаралық, қатынастар, білім, денсаулық, тіл саясаты, төтенше оқиғалар, үлесшілер мүддесі, жарнама, сыртқы қатынастар – осылардың ешқайсысыда қазақстандық БАҚ назарынан қалған емес. Қазақстандық БАҚ-да әлемдегі демокртиялық елдердегі осындай институттардың әр түрлі, көпсалалы функцияларын барлығын дерлік атқаруда.

Жалпы саяси жүйелердегі БАҚ функциялары туралы қалыптасқан, бір жүйеге түскен ортақ пкір жоқ. Оның рөлі туралы әр түрлі пікір, талдаулар бар. Біздің есептеуіміз бойынша ғылыми әдебиетте жалпы оның жиырмаға жуық функциясы көрсетіледі. Олардың ішіндегі, біздің пкірімізше ең бастылары ақпараттық, қоғамдық сананы қалыптастыру және дамыту, әлеуметтетендіру, білім беру, әлеуметтік байланыс, сабақтастық және мәдени-көңіл көтерушілік, сыни, бақылау, мүдделерді артикуляциялау, интеграция, инновациялық, қоғамдық пікірді қалыптастыру, жұмылдыру және тағы басқа да функциялар. Осы саладағы ТМД елдеріне танымал ғалым Я.Н. Засурский бастаған авторлық топ БАҚ-тың ақпараттық, талдаушылық (аналитикалық), көңіл көтерушілік (развлекательная) функциясын ерекше бөледі [1],

Ресейлік ғалым В. В. Ворошилов БАҚ-тың негізгі, басты функциясы адамдарда азаматтық қоғам талаптарына сай келетін әлеуметтік-психологиялық сапаларды тәрбиелейтін сананы қалыптастыру және дамыту деп есептейді [2].

Ал осы саладағы тағы бір белгілі ресейлік ғалым Е.П.Прохоров БАҚ-тың коммуникативтік, байланыстар мен қарым қатынасты қалыптастыру функцияларын көрсете отырып, ең бір маңызды функциясына бұқаралық сананы қалыптастыру (идеологиялық немесе әлеуметтік бағдар беру) функциясын яғни фактілер, оқиғаларды хабарлаудан, қоғамдық пікірге ықпал етуден бастап, аудиторияның құндылықтарды таңдауына, идеалдарына, дүниетанымына дейін әсер етуді қамтиды деп есептейді [3].

БАҚ-ның жоғарыда келтірілген функциялары бізге мынадай қорытындылар жасауға негіз болады:



  1. функциялар туралы пікірлер мен көзқарастардың өзгеріп, дамып отыруы себебі – талдау объектісінің өзінің өзгеріп отыратын, динамикалық сипатынан, қоғамдық үдерістердің үнемі бел ортасында тұратындығында жатыр. Қазіргі ақпараттық тұрғыдан толысып-тасып тұрған (насыщенный) қоғамда БАҚ өткен ғасырдың екінші жартысындағы рөліне қарағанда әлдеқайда өскелең рөл атқарады. Бұл құбылыс Қазақстанға да тән. Осыған байланысты оның функцияларының да түрленіп, толысып кеңеюі – табиғи құбылыс. Жаңару үстіндегі Қазақстанның қоғамдық шындығы;

  2. БАҚ-тың өскелең рөлінен оны теріс түсініп, оны әсіре бағалап, оны тікелей билік тармағы, «төртінші билік» деп есептейтін пікрлер де бой көрсете бастады;

  3. саяси жүйенің бір құрамдас бөлігі ретінде БАҚ ең алдымен азаматтық қоғам институты, ол билік институты емес, оны тікелей коммерциялық құрылым деп те қарауға болмайды, оның басты функциялары қоғамды интеграциялау, ұйымдық, ақпараттық-әлеуметтендірушілік қызмет атқару.

Саяси жүйенің институты ретінде демократиялық үдерістерде БАҚ-тың қоғамды интеграциялаушы рөлінің ерекше маңыз алып, нығайып келе жатқанын көру маңызды. БАҚ азаматтарды қоғамда болып жатқан неғұрлым маңызды үрдістер мен құбылыстардан, азаматтарды толғандырып отырған сұрақтар мен проблемалар турасында биліктің іс-әрекеттері мен көзқарастары туралы неғұрлым толық ақпарат беру арқылы осы үдерісті ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі кепіліне айналды. БАҚ бойындағы демократиялық әлеуеттің екінші бір құрамдасы – бизнес немесе билік құрылымдарының, әлеуметтік институттардың іс-әрекеттеріндегі заңдардан, қоғамдық моральдан ауытқудың қандай да болсын көріністерінің бүкіл халықтың хабардар болып, бұндай жатымсыз құбылыстар төңірегінде ымырасыз, сыни қоғамдық пікір қалыптастыруында жатыр.

Егер БАҚ тіршілігіне саясаттану теориясындағы саяси институттардың міндеті мен функциялары тұрғысынан қарасақ, олар Қазақстанның саяси жүйесінде мынадай аса маңызды функцияларды атқарады: ақпараттық, қоғамды топтастыру және әлеметтендіру, танымдық және білім берушіліқ, қоғамдық мүддені қалыптастыру.

Саяси жүйе аясында билік органдары мен БАҚ арасындағы өзара байланыс – қоғамдық қатынастардың аса күрделі салаларының бірі. Оның үстіне қазіргі заманғы жаһандану және ақпараттану үрдістері рөлін көтеріп, олардың қоғамдық үдерістерді демократияландыру, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы мүмкіндіктерін одан әрі арттырып отырған жағдайда мемлекеттік билік органдарының жұртшылықпен байланысының аса маңызды арнасы – БАҚ-пен арақатынасы бұрынғыдан да күрделеніп, қоғамдық маңызы артып, көп қырлы сипат алып отырғаны белгілі. Бүгінде еліміз Конституциясы бойынша цензураға тыйым салынғанда, кім және не туралы болса да бәрін айтуға болатындай ахуал қалыптасты. Бүгінде жария саясат бұрынғыдан да кең түрде жария бола бастады. Ол қай кездегіден де ашықтықты, аудиторияны игере, басқара, меңгере, ұйыта білу шеберлігін қажет етеді. Жариялылықтың, сөз бостандығының дәмін татып, қашаннан сөз өнерін ерекше қадірлеп, қастерлейтін, қашанда «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» дейтін халқымыз, кемеңгер Абай айтқандай – «жалын мен оттан жаралған ақылды да һәм әділ сөзді – нағыз жария саясаткерлерді күтіп отыратынын ерекше есте ұстаған абзал.

БАҚ, әсіресе, телевизия, қоғам, мемлекет, оның институттарының қызметі туралы ақпараттың негізгі көзіне айналды. Бұл мәселенің үлкен қоғамдық мәні, ауқымы және әлденеше қыры бар.



Біріншіден, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарынсыз еліміздегі қоғамдық-саяси жүйенің қалыпты қызмет жасауы мүмкін емес.

Екіншіден, олар қоғамның демократия, парламентаризм, азаматтық қоғам жолымен дамуының аса маңызды құралы болып табылады.

Үшіншіден, қоғамның демократия мен азаматтық қоғам, құқықтық және әлеуметтік мемлекет үрдісінде дамуы, сөз жоқ, бұқаралық ақпарат құралдарына да кең құқықтық өріс ашып, бүкіл тіршілігін заңмен реттеуге мүмкіндік алды.

Қазақстанның жан-жақты жаңару кезеңіндегі саяси жүйесіндегі БАҚ-ның орны туралы қандай қорытындылар жасауға болады?



Біріншіден, БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде көпсалалы, көпқырлы функцияларды атқаратын, көпөлшемді саяси үдерістерден өзінің орынын тапқан аса маңызды қоғамдық, демократиялық, азаматтық интитутқа айналды. Демократиялық, азаматтық инститттур арасында ол, біздің пайымдауымызша саяси партиялардан кейін, тіпті кей мәселелерде олардан да іргелі, беделді институттардың біріне айналды.

Екіншіден, еліміздегі қазіргі кезеңдегі саяси және демократиялық мәдениеттің деңгейіне байланысты БАҚ-ның бұқараны әлеуметтендіру, аналитикалық, бақылау және сын, мүдделерді артикуляциялау және интеграциялау функцияларының маңызы ерекше артуда.

Үшіншіден, еліміздің саяси және әлеуметтік тарихындағы өткен кезеңдегі ұлттар мен этностар арасындағы күрделі қатынастарға, сондай-ақ еліміз дамуының бүгінгі терең мүдделерінен туындайтын қоғамдық келісім мен татулық тәрізді түбегейлі құндылықтарды одан әрі бекіту және жаңа сапалық рухани, адамгершілік деңгейлерге байланысты БАҚ құралдарының еліміздегі этносаралық татулық пен бірлікті, біздің пікірімізше, әсіресе, мемлекеттік тілдің топтастырушылық рөлі, оның ұлтаралық қатынастың құралы ретінде терең біліктілікпен, дәл, ізеттілікпен, құрметпен жазуы – қоғам үшін ерекше қат дүниелер.

Төртіншіден, билік пен БАҚ-тың ара қатынасы мәселесі, осы екі институтың да болашақтағы беделі мен қоғамның жария, ашық және өзара байланыстарды дамытып бекемдеудің жемісті бағыты. Бұл мәселедегі ең маңызды және жемісті бағыт өзара түсіністік пен өзара құрмет формуласы. Билік БАҚ-ты өзінің қоғамдық пікірді білдіруші, демократиялық, ақпараттық әріптесі ретінде қабылдаса, БАҚ әр деңгейдегі билік институттарын халық өкілеттік берген, ел мен ұлт мүддесін жүзеге асырушы легитимді, жария және түптеп келгенде мемлекет мүддесін білдеретін және соның күзетінде тұрған инститты ретінде қабылдап, өзінің мүдделі әріптесі ретінде қарауы керек. Жалпы БАҚ-пен тіл табысып, сауаттты, икемді, шындыққа негізделген, әрі дер кезінде берілген толық ақпарат арқылы өзіне жұртшылықты қаратып, қызықтырып, сол арқылы бүкіл қоғаммен үйлесімділікке жету - өнер және ғылым. Оны мамандар «келісімдер архитектурасы» деп те сипаттайды. Бұл іске қойылар басты талаптар: шыншылдық, ашықтық, ақпараттық жаңашылдық, әлеуметтік жауапкершілік және қоғамдық пікірге құрмет.

БАҚ-пен байланыста мына бір мәселені де есте ұстаған дұрыс. Қайсыбір мемлекеттік органдардың немесе чиновниктердің бұқаралық ақпарат құралдарын толық мемлекеттік билік бақылауына алғысы келетіні де, ал бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан, әрине, керісінше, толық тәуелсіздікте болуды аңсайтындары да бар. Әділетіне келсек, бұның екеуі де бүгінгі күнгі қоғамдық ахуалға, үрдіске сай келмейтін мақсаттар.

Өйткені, Қазақстан Республикасының Конституциясында сөз және баспасөз бостандығы паш етілген, әрі еліміздегі БАҚ-тың 80 пайызы жеке меншік нысанында болып отырған жағдайда, оларды қатаң мемлекеттік бақылауда ұстау мүмкін емес және еліміздің қолданыстағы заңдары да оған жол бермейді. Сондай-ақ, масс-медиа өкілдерінің шексіз тәуелсіздік немесе еркіндік туралы пайым-тұжырымдары да, сайып келгенде, негізсіз болып шығады. Себебі кез келген ақпарат құралының құрылтайшысы - иесі бар. Оның экономикалық, әлеуметтік, тіпті, түптеп келгенде саяси мүдде-мақсаты, бағдары бар. Демек, ақпарат құралдарынан, сөз жоқ, сол мүдделерді насихаттап, соларды қорғап, әспеттеуді талап етері - басы ашық мәселе. «Мемлекеттік емес БАҚ-тар, - деп атап көрсетті Пезидент Н. Назарбаев журналистермен кездесуінде, - қожайындарының қатты қыспағына түсіп отыр... әлгілер өздерінің талас-тартысына енді журналистерді тартады. Айналып келгенде журналистер әлгі қалталы байлардың айтқанымен жүріп, солардың сойылын соғатын аманат - адамдарға айналды" [4].

Осы жерде, өзі толтырған анкетасында кәсіби журналиспін деп көрсеткен В. И.Лениннің «Қоғамда өмір сүре отырып, қоғамнан тысқары бола алмайсың» деген, өткен ХХ ғасырдың басында айтқан белгілі пікірінің күні бүгінге дейін маңыздылығы мен өміршеңдігін еріксіз мойындауға тура келеді.

Жалпы қай елде де мемлекеттік биліктің тармақтары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қатынастар қашанда қайшылықты, күрделі және ол әркез бүкіл қоғамның назарында. Мемлекеттік билік органдары журналист қызметіне құрметпен қарауына жетісуі қажет-ақ. Бүгінде елімізде ақпарат құралдары шектен тыс коммерцияланып, олар енді бұрынғыдай оқырманға, көрерменге емес, енді тұтынушыға бағдар ұстайды. Осындай жағдайда журналистің өзінің азаматтық позициясын сақтауы - үлкен ерлік. Олар ақпарат құралының иесі – жұмыс беруші тарапынан қандай қысым көрсе де журналистің негізгі ұстанымы - жалпы мемлекеттік, жалпы ұлттық мүдделер болып, өзінің азаматтық келбетін сақтауы. Өйткені, олар аса маңызды қоғамдық функцияны орындайды. Олардың қазіргі ахуалдағы ең басты парызы - елімізде білімді, талғамды, объективті қоғамдық пікірді қалыптастыруға үлес қосу. Сонымен, турасын айтқанда, масс-медиа еліміздегі бүкіл саяси биліктің, жария, ашық қызмет жасауының басты механизмдерінің біріне айналды және оның бұл мәселедегі ықпалы барған сайын артуда. Турасын айту керек, бұл артықшылықтарын олардың өздері де сезіп, кейде билік органдарына қысым, үстемдік жасағысы келетін ауан да байқалады. Кейбір халықаралық сарапшылардың айтуынша, БАҚ, тіпті, «қоғамда болып жатқан процестерге әлеуметтік бақылау жасау мәселесінде заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін белгілі мөлшерде ығыстырып шығарды» [5]. Мысалы, жұртшылықтың пікірінше, президент пен конгреске қарағанда сенімге телевизия мен баспасөз лайықты дегенді АҚШ-тағы сауалнамалардың қуаттағанына он жылдан астам уақыт болды [6].

Өзі саяси жүйенің бір институты бола тұра, соның қойнауына тіршілік ете тұра барлық элементтері қызметіне әсер ете отырып, БАҚ олардың іс-қимылына жаңалықтар әкеліп, серпінділік береді, жан бітіреді, әлеуметтік топтар мүдделерімен байланыстырады. Мысалы, саяси партиялардың танымалдығы, бұқаралылығы, беделі және ықпалдылығы бүгінде олардың өз мақсаттарына БАҚ-ты пайдалана және тарта білу деңгейіне байланысты екендігі – даусыз шындық. Қазіргі жаһандану дәуіріндегі БАҚ-пен жұмыс істейтін мамандардың есінде болар тағы бір жайт – ақпарат құралдарында «төртінші билік» деп берілген айдар-мәртебенің қаншалықты дұрыс-бұрыстығы жөнінде. Мәселенің қазіргі кезде тіпті де күшеюі кейбір ақпарат компанияларының ұлттық шеңберден асып, трансұлттық сипат алып, өз мемлекетінің бақылауынан және оның заң жүйесінің ықпалынан шығуымен де байланысты.

Ал, біздің пікірімізше, бұл мәселе тек саяси лексиканың ғана мәселесі емес. Оның артында құқықтық мәдениет, құқықтық сана, тіпті, құқықтық қатынастар мәселесі бар. Біздің ойымызша, БАҚ-ты «биліктің төртінші тармағы» деп атау, турасын айтқанда, конституциялық нормаларға сай емес. Себебі, еліміздің Конституциясында билік тармақтары анық көрсетілген ғой! Бұқаралық ақпарат құралдары – адамдарды демократия мен өркениет құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және құрметтеуге тәрбиелейтін аса маңызды ақпараттық, тәрбиелік жұмылдырушы, білімдік, сын мен қоғамдық бақылау, инновациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт. Қоғамдық құбылыстар мен адамдарды қамтуы, олардың санасына ықпалының ауқымы, тереңдігі жағынан олар келешекте мемлекеттік басқару субъектілерімен бірдей маңызға ие болуы ықтимал. Алайда, БАҚ-қа «төртінші билік деп мәртебе беру - олардың өкілдеріне қате бағдар ұстап, сот ісіне, тергеу барысына, прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметіне заңсыз араласуына, тіпті қысым жасауына әкеліп соқтыруы мүмкін қате де қауіпті үрдіс. Ал ақпарат өкілдерінің осы қате бағдарға бой алдырып, заңға, журналистік этикаға қайшы қадамдарға баруы бүгінде әр тұста бой көрсетіп жүр.

Ал ақиқатқа жүгінсек - ақпарат құралдары ешқашанда биліктің төртінші, бесінші, одан кейінгі де тармақтары бола алмайды. Олар әрқашанда өз құрылтайшыларының немесе меншік иелерінің қолындағы ықпал ету мен насихаттың құралы болды және солай болып қала береді. Ал ресми билік өкілдері тарапынан журналистерге «төртінші билік өкілдері деп айдар тағып, арқадан қағуының артында, біздің байқауымызша, олардың беделін сыйлап, құрметтеу емес, қайта оларды алдаусыратып, дәмелендіріп, өтірік емексіту пиғылы жатыр. Бұндай амал, біздің пікірімізше, жоғарғы билік тарапынан да және БАҚ өкілдері тарапынан да қолдау табуға тиіс емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының күші биліктің беделінде емес, өз беделінің билігі мен күшінде.

Барлық деңгейдегі - орталық және жергілікті билік тармақтары және ондағы мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлері үшін- жұртшылықпен байланыс олардың қызметінің аса маңызды жағы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес азаматтар, журналистер, ақпарат құралдары меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардан заң жүзінде тыйым салынбаған жағдайда ақпарат алуға және таратуға құқылы.

Бұл үшін мемлекеттік органдар, олардың басшылығы ақпарат құралдарына жаңаша көзқараспен қарап, бұрынғы машықтарынан арылуы керек. Өкінішке орай, бізде көптеген мемлекеттік органдардың басшылары ақпарат құралдарымен сөйлесу, арақатынас мәдениетін игере алмай-ақ келеді. Олардың көбі журналисті қоғамдық әріптес, қоғам мүдделерін білдіруші деп емес, қайта сол саладан тек кемшілік, тұздығы ащы, көлеңкелі фактілер іздеуші субъект деп қарайды. Көбі, әлі күнге дейін олардың алдына келсе, әсіресе телекамералар алдында абыржып, есі шығып, білгенін ұмытып, күлкіге ±шырайды. Мемлекеттік биліктің әр деңгейіндегі басшылар журналистерді өздерінің ақпараттық әріптестеріне айналдырып, олардың қоғамдық беделін, оперативтік мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, өз жұмысынан жұрштылыққа дәл, шыншыл, уақтылы ақпараттар таратуға жетісуі керек. Мүмкін, келешекте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Жоғарғы саяси мектеп тыңдаушыларымен БАҚ-пен жұмыстың бағыттары мен ерекшеліктері туралы арнайы курстар да ұйымдастырған жөн болар.

Қоғамдық қатынастар мүдделері, БАҚ-тың өскелең рөлі, ақпараттар тасқынының күшеюі, келешекте бұл мәселеге Парламенттің әлі де айрықша көңіл бөліп, заңнаманы жетілдіруін қажет етеді. Алда тұрған міндеттердің ең күрделісі, біздің пікірімізше, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне және рухани, адамгершілік, гуманистік негіздерін нығайтуға байланысты. Қазірде БАҚ-тың маңызының артқандығы сондай, оларды мемлекеттің толық бақылауына алуға болмайды және ол енді мүмкін де емес. Сонымен бірге оларды бүтіндей жеке капиталдың қолына беру де дұрыс емес, қоғам үшін қауіпті қадам – бұл істе жалпымемлекеттік, ұлттық, тіпті стратегиялық мүдделер бар екені белгілі.

БАҚ-пен жұмыста қашанда шыдамдылық керек. Журналистердің әдеттегі эмоциясымен, кей сәтте, қоғамдық белгілі бір өткір мәселеге байланысты ақиқат пен шындықтың бірден-бір қорғаушысы, ал өз пікірін әділдіктің эталоны деп есептеп, шырылдап айтар жанайқайларына, өткір пайымдауларына, пікірлеріне, тіпті ашыну, өзімшілдігіне де құрмет, әрі сыни көзқарас керек. Билік пен БАҚ-тың бұл жердегі басты бағдары, өлшемі – ел, қоғам, ұлт мүддесі және заңдылық. Бұл, жалпы, олардың өзара қатынастар ережесінің басты ұстанымы да болуға тиіс.

Қорыта келгенде, мемлекеттік билік жүйесі мен БАҚ арасындағы өзара түсіністік пен шынайы әріптестікті үнемі дамытуды әрқашан назарда ұстау, заңнамаларды ‰немі жетілдіру еліміздегі демократиялық үрдістерді, жұртшылықпен байланысты нығайтуға, ұлттық ақпараттық кеңістігін қорғауға септігін тигізер, ал сайып келгенде бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекетіміздің саяси жүйесінің әлеуетті институты ретінде рөлін нығайтар аса маңызды шара.


Әдебиеттер:

1. Средства массовой информации России. М.,2001.- 25-27 бб.

2. Ворошилов В.В. Журналистика. Издание второе. –С.-Петербург., 2000, - 86 б.

3. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. Издание второе. –М., 1998, - 19-25 бб.

4. Ең бастысы – ел тыныштығы. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың БАҚ өкілдерімен әңгімесі. // «Егемен Қазақстан», 2001, 7 ақпан.

5. Энтин В.Л. Средства массовой информации в политической системе современного капитализма. М.; 2000, -17-бет.

6. Петровская М.М. США: политика сквозь призму опросов. М.; 1982, - 132-133 бб.

Калиева М.Ш.

профессор кафедры политологии

ЕНУ им. Л.Н. Гумилева,

доктор политических наук,




СМИ В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ ПОЛИТИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ ОБЩЕСТВА
Политическая модернизация казахстанского общества предполагает развитие экономической базы, которая все более ориентируется на расширение рыночных отношений, укрепление правовой системы, становление и действенность среднего класса. Демократические процессы непосредственно связаны со структурными изменениями, осуществление которых предполагает развитие политической культуры. Внедрение индустриально-инновационной технологии создает определенную площадку для углубления политической социализации общества. Социальные слои располагают равными возможностями участия в политике. При этом важно обновление общественного сознания и культурного пространства в контексте развития демократической политической системы.

Степень адекватности выражения общественного мнения существующей реальной действительности во многом зависит от уровня развития политической культуры и политического сознания индивидов. Общественное сознание – это способность социальной общности соотносить себя в чувствах и мыслях с окружающей средой и друг с другом, формируя определенные настроения, представления, идеи, нормы, убеждения, традиции.

В контексте политического сознания значительную роль играет понятие имиджа в представлениях и предпочтениях членов социума. Исследователь Л.Ф. Адилова подчеркивает: «Социальные ожидания надо успеть точно определить. В этом смысле главным критерием успешности имиджа является соответствие его черт и характера запросам и ценностям массового сознания. Имидж можно интерпретировать как своеобразное упрощение массовых предпочтений, индивидуальную форму их политического существования» [1].

Общественное развитие тесно взаимосвязано с политической активностью индивидов. Для общества особую значимость и актуальность представляют интересы личности, социальных слоев и групп, имеющих непосредственное отношение к производственной сфере. Социальная политика тесно взаимосвязана с конструктивными переменами во всех областях общественно-политической, социально-экономической жизни. Основной целью социальной политики является обеспечение социально защищенного уровня жизнедеятельности населения. Такие кардинальные меры, как осуществление политики занятости, функционирование системы социального страхования, всемерная поддержка института семьи и материнства, призваны определить дальнейшее развитие системы социального обеспечения общества.

Для Казахстана особую важность приобретает технология развития информационного пространства, предполагающая органичное сочетание медиакратических форм организации власти с расширением прав и возможностей граждан на участие в принятии решений по всем направлениям функционирования полиэтнического государства, укрепления многопартийной политической системы и повышения уровня социального партнерства. Политические коммуникации вносят изменения в процесс распространения публичной информации. СМИ играют значительную роль в процессе формирования и развития политической культуры общества.

Если происходит монополизация СМИ, то в информационном поле не находят выражения иные ценности, кроме задаваемых и навязываемых силами, управляющими СМИ. Более опасным здесь представляется потеря обратной связи и возможности различных групп артикулировать свои ценности. В случае, если интенсивное информирование в виде информационного прессинга доминирует над ценностно-ориентированными сообщениями, то рано или поздно в информационной сфере будет наблюдаться ценностный вакуум. Тогда общество будет слабо реагировать на публичную информацию, так как ему навязываются одни ценности, а в реальности социальные группы исповедуют и используют другие. Разрыв между этими двумя сферами неизбежно усиливает силу и продолжительность латентных конфликтов в обществе.

Поэтому нельзя участвовать в активном формировании новой политической культуры без взаимодействия и обратной связи с социальными группами. Недиалоговый режим закрепления социально-политических ценностей ведет только к поверхностному принятию позиций официальной власти и к потере интереса к политике со стороны социума.

СМИ, работая с большими объемами информации, являются институтом, одновременно транслирующим и мнение общественности и самостоятельно формирующим повестку дня и тем самым по-своему воздействующим и на власть, и на общественное мнение. Имея возможность превратить локальную проблему в общенациональную, приоритетную и неотложную, СМИ могут повышать и снижать общественную поддержку проводимого политического курса.

Основным объектом государства становятся новости, культурно-познавательные передачи, искусство и образование, которые в данном контексте функционируют как проводники идейно-политических приоритетов государства, общества и личности. При этом неизбежной нормой подачи информации признается принцип сбалансированности в предоставлении новостных сообщений, обязательное наличие аргументации, при которой качественные оценки должны быть если не исключены, то обязательно дополнены статистикой, цифрами, количественными данными.

Информационно-коммуникативная инфраструктура государства включает комплекс мер по созданию, хранению, распространению, использованию информационных продуктов и услуг. Она призвана обеспечить решение задач массового информирования и организации массовых коммуникаций, что требует наличия соответствующей массовой индустрии. В данном смысле информационная политика государства выступает как совокупность действий по обеспечению технических средств трансляции сведений в пространстве политики.

Масс-медиа обучают массы, интегрируя в сознание групп определенные ценности и установки. В этом процессе участвует большая часть производителей культмассовой продукции. Значимость масс-медиа произрастает из охвата ими крупных аудиторий, влияние которых варьируется в зависимости от характеристики используемого медиума. Масс-медиа – это гораздо больше, чем каналы по передаче общественной информации. Решения, принимаемые СМИ, определяют, какая информация будет доступна публично, а какая нет, селектируя выходящие новости. Масс-медиа выявляют смысл информации и демонстрируют ценности, в рамках которых информация оценивается и расшифровывается. На потоки, исходящие от СМИ, воздействует формат, прежде всего ориентирующийся на новость, под которую подпадают события, обладающие характеристиками новизны, отношения к конфликту и известности персонажей, соответствия популярной тематике в текущей ситуации. При этом следует иметь в виду, что СМИ принадлежит огромная роль в предотвращении конфликтов [2].

Эпоха медиазированной политики, в которой СМК решают почти все, ведет к таким важным последствиям, как падение влияния партий, усиление власти персонала масс-медиа, осуществляющих отбор кандидатов в политики, освещение выборов, увеличение важности медиа-составляющей любого политического проекта. Однако следует заметить, что интересы поля политического и поля СМК отличаются. В частности, политики заинтересованы в передаче сообщений массам и политической элите по определенным каналам, медиа пытается связать социальную критику и социальный анализ действий власти с элементами развлечения, которое необходимо для привлечения крупных аудиторий в чисто экономических целях.

Политическая культура в контексте политической социализации включает в себя наряду с политическими представлениями также ценности, характеризующие типы поведения, способы политической деятельности. Демократическое развитие политической системы предполагает твердое соблюдение норм законодательства, активное участие граждан в политической жизни страны, в осуществлении форсированной индустриализации Казахстана [3]. Большинство членов общества не воспринимает политику в качестве одного из основополагающих компонентов своей жизнедеятельности. Они взаимодействуют в границах политической системы.

Развитие политической культуры общества углубляет процесс демократизации, который предполагает расширение участия населения в управлении общественными делами, усиление ответственности политической власти перед обществом. Характерной особенностью ХХI века становится глобализация политических процессов, что оказывает существенное воздействие на демократизацию политической системы. В то же время идет процесс пополнения и обогащения самого характера и содержания политического участия.

Общественные институты, являясь основой гражданского общества, ориентируют индивидов на проявление социальной активности, что предполагает развитие демократии «снизу» и обеспечение взаимообратной связи между структурами власти и членами общества. В случае выявления разногласий между различными социальными слоями и группами населения в действие вступает механизм урегулирования конфликтов, основополагающими принципами которого являются компромисс и консенсус.

В контексте структурно-функционального анализа политическая социализация выступает как способ взаимодействия субъектов политики и власти, в ходе которого идет процесс их объединения или разобщения, передача идей и воззрений, обмен основополагающими ресурсами – знаниями, информацией. Но при таком раскладе зачастую выпадает цель участия в политике. Поэтому в современной политологии рассматривается положение о политических отношениях как связанных с рациональным упорядочением различных и разновекторных сил общества, всех его составных частей.

Массовая коммуникация служит целям распространения социально значимой информации о фактах, событиях, социальных и духовно-нравственных ценностях, раскрывающих суть и содержание идейно-политических приоритетов идейной консолидации, посредством различных технических средств на большие рассредоточенные массовые аудитории.

Роль СМИ с системе развития политической культуры общества предполагает определение таких положений, как:

1) соединение СМИ в единую, четко скоординированную и действующую систему, направленную на развитие культурного фона;

2) использование принципа спецификации СМИ, ориентирующего на учет особенностей каждого из средств массовой информации, на поиск оптимальных воздействий присущих ему языка, форм и средств передачи материала;

3) ориентация на установление двусторонних контактов с аудиторией, наличие «обратной связи» для корректировки эффективности воздействия информации.

СМИ призваны поддержать политическую стабильность в казахстанском обществе, способствовать развитию политической культуры общества.

Таким образом, информационное пространство предоставляет большие возможности для быстрой самоорганизации групп и вовлечения их в политику. Большую значимость в этом спектре имеет обратная связь, которая предполагает изучение основополагающих характерных граней политической аудитории. При этом существенно учитывать положение личности в структуре социальных, демографических, профессиональных отношений. Информационные потребности содержат в себе побуждающее действие в контексте политической активности индивидов.

В современных условиях СМИ выступают как ресурс развития политической культуры общества. Важно постоянное продвижение демократических идей в различных типах прямых и косвенных сообщений. Только такая информационная деятельность позволяет добиться устойчивости партнерских позиций государства, общества и личности.


Литература:

1 Адилова Л.Ф. Теоретические и прикладные основы формирования имиджа политического лидера: диссер. … докт. политич. наук. – Алматы, 2003. – С. 209.

2 Морозов А. Место и роль СМИ в «цветных революциях» // Analytic. – 2005. - № 6. - С. 41.

3 Президент Республики Казахстан. Новое десятилетие – новый экономический подъем – новые возможности Казахстана: Послание народу Казахстана 2010 года // www. kisi.kz



Кожахметова А.Е.

доцент КАТУ им.С.Сейфуллина,

кандидат юридических наук



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет