«Халықаралық жария құқығы»



бет5/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#131924
1   2   3   4   5   6   7

1. Жауапкершілік институтын пайдалану халықаралық-құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады. Ішкі заңдар нормаларын сақтау тиісті ұлттық жүйенің заң нормалары мен мәжбүрлеу институтын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Халықаралық қатынастарда орталықтандырылған мемлекеттік мәжбүрлеу аппараты жоқ. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік жеке қағида немесе құқықтык норма емес, халықаралық жария және халықаралық жеке құқыққа белгілі құқықтық институт болып табылады. Бұл институт халықаралық жария құқықтың барлық салаларына тән. Халықаралық құқық саласындағы ғалымдардың көпшілігінің қөзқарасы бойынша жауапкершілік институтының пайда болуы халықаралық құқықтың даму тарихымен сәйкес келеді екен. Біздің күндерімізге дейін жеткен жазбаша екі жақты шарт б.з. дейінгі 1296 жылы Египет фараоны мен хеттер патшасы арасында жасалыпты және онда шарт бұзылған жағдайда белгілі бір санкциялар көзделген: "Осы сөздерді бұзған адамның үйі, жері және құлдары шіріп кетсін",- деп жазылыпты. Бұл сол кезеңдегі ең қорқынышты жазалардың бірі еді. Мұнан басқа, ол кездері моральдық жауапкершілік, сенімді жоғалту, атына кір келтіру - ақшалай құндылықтардан анағұрлым ауыр болатын.Жауапкершілік институтының маңызы мен мәні халықаралық құқықтың қызмет етуімен, халықаралық бейбітшілік пен құқықтық тәртіпті нығайтумен тікелей байланысты. Халықаралық құқық доктринасында көпке дейін жауапкершілікті мемлекет қасиетіне теліп келді. Алайда, жауапкершілікте ондай қасиет жоқ, себебі халықаралық міндеттемелерін адал орындайтын, құқықтың басқа субъектілеріне зиян тигізбейтін мемлекет жауапкершілікке тартылмайды. Онан гөрі, жауапкершілікті халықаралық қатынастардың бір қасиеті ретінде бейнелесе болады. Тиісінше, халықаралық қатынастардың мұндай қасиетінің болуы халықаралық бірлестікке тәртіпті ұстанудың бір тәсілі болып табылады.

ХӘТ Жарғысының 26-бабына сәйкес, Трибунал үкімі түпкілікті шешім болып табылады және оған шағым жасалынбайды.Соғыс кезеңінде одақтастрдың актілерінде тұжырымдалған барлық әскери қылмыскерлерді қатаң қылмыстық жазалау мен қудалау, кейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 1946ж. 13 ақпандағы(3(І), 1947 ж. 31 қазандағы 170 (11), 1946 ж. 11 желтоқсандағы 95 (1), 1966 ж. 12 желтоқсандағы 2184 (ХХІ), 1966 ж. 16 желтоқсандағы 2202 (ХХІ) қарарларымен расталды, сөйтіп, осы заманғы халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормасына, барлық мемлекеттердің міндеттемелеріне айналды.Әскери қылмыскерлерді қылмыстық жазалау проблемаларының өзектілігі мынадан көрінеді:

- бұл халықаралық-құқықтық проблеманың шешімі нәсілшілдік пен фашизмнің туындауына, әлемде жаңа басқыншылықтың пайда болуына жол бермейді, әлемдік қауымдастықтың бейбітшілігі менқауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

- бұл проблеманы шешуді ізгілік пен әділдік және өмірдің өзі талап етті;

- барлық әскери қылмыскерлерді жазалау проблемасы қазіргі болмыстың өзектілігі болып табылады.

1968 ж. әлемдік қауымдастық әскери қылмыстарға және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалған қылмыстарға ескіру мерзімін қолданбау туралы Конвенцияны қабылдады. Әскери қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерінде ескіру мерзімін қолданбауды мынадай негіздермен түсіндіреді:

• халықаралық құқықта мерзімдердің ескіру институты жоқ, ол мемлекеттердің ұлттық құқығында ғана әрекет етеді;

• басқыншылыққа байланысты жасалған халықаралық кылмыстардың қатігездігіне, жаппай қауіптілігіне байланысты оларға мерзімдердің ескіру институты қолданыла алмайды;

• бірде-бір мемлекет халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын жоя алмайды.

Сөйтіп, халықаралық құқықтағы мерзімдердің ескіру институтының болмауы және оның әскери қылмыскерлерге қолданылмауы халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормасы болып табылады.ХӘТ Жарғысыыың нормаларына сәйкес, сот процестері Нюрнберг пен Токиода өтті. 1993 және 1994 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғы Югославия және Руанда аумағында қылмыс жасаған кінәлы адамдарды соттау үшін екі "ad hos" Халықаралық Трибуналын құруды жоспарлады. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған алғашқы жылдарда халықаралық құқық Комиссиясына бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы Кодекстің жобасын дайындау тапсырылды. Түрлі жағдайларға байланысты Кодекстің жобасын жасау ондаған жылдарға созылғандықтан, Халықаралық қылмыстық Сотты құруға кедергі болды. 1991 ж. Халықаралық құқық комиссиясы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы Кодекстің толық жобасын бірінші оқылуында-ақ қабылдады. 1998 ж. халықаралық конференцияда БҰҰ-ның мүше-мемлекеттерінің өкілдері Халықаралық қылмыстық сотты құрды, оның статуты өз күшіне 2002 жылы енді.



Дәріс 12. Тақырыбы: Халықаралық қауіпсіздік құқығы

    1. Халықаралық қауіпсіздік құқығы ұғымы, мақсаттары мен қағидалары.

    2. Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы және түрлері.

    3. Қарусыздану және қарулануға шек қою. Халықаралық бақылау және сенімді нығайту шаралары.

    4. Блоктарға қосылмау козғалысы және халықаралық қауіпсіздік.

1. Мемлекеттер кауіпсіздігі проблемасын халықаралық құқық жүйесі тұрғысынан қарастырғанда, мемлекет оның негізгі құрылымы болғандықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай тетігі бар деп айтуға болады. Мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу сияқты халықаралық қауымдастықтың барлық қатысушыларының негізгі міндеттері ретінде қарастырылады. Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарлары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әрекет ететін осы заманғы халықаралық құқық нормаларын пайдалануды көздейді.Халықаралық іс-тәжірибеде халықаралық-қүқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының жеке аспектілері бойынша мемлекеттердің біршама тәжірибелері бар. Сол арқылы мемлекеттер қауіпсіздігінің құқықтық кепілдемелерінің қалыптасу және даму мәселелерін біршама саралауға мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда халықаралық құқық қағидаларының, нормаларының және институттарының өзара байланысына және өзара келісуге ерекше көңіл аударылғанын айтып өткен дұрыс болар. Біз, поляк ғалымы М. Добросельскийдің "қауіпсіздік" ұғымына айқын анықтама беруге әрекеттенген кез келген талпыныс алдын ала сәтсіздікке ұшырайды және оның ешқандай іс-тәжірибелық маңызы болмайды, өйткені барлық жағдайларда қауіпсіздікке кепіл беретін элементтерді, құрылғыларды немесе процестерді алдын ала білу және ескеру мүмкін емес – деген пікірімен келіссміз.Кез келген мемлекет халықаралық құқықтың субьектісі ретінде "қауіпсіздік" ұғымына сүйене отырып, біріншіден, жағымсыз ықпал етуден сақтану, қауіпсіз болу жағдайын; екіншіден, нақты мемлекеттің осындай ықпал етуі дербес немесе халықаралық-құқықтық тетік көмегімен жеңу мүмкіндігін көздейді.Мемлекеттің халықаралық кауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігі оның халықаралық құқықтың басқа субьектілерімен қатынастарында өзара қорғану және өмір сүруге кепіл беретін жағдайлар жиынтығын көрсетеді. Ондай тетік құрылымын айқындаған кезде мынадай мәселелерге назар аударған дұрыс болар еді:

• Халықаралық құқық теориясы мен іс-тәжірибесінің қандай мәселелері кауіпсіздік проблемасымен байланысты?

• Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық құралдары қандай?

• Мемлекетте қандай ресурстар (табиғи, әкономикалық) бар?

Әскери күш пен дипломатияның қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары екендігі жалпыға мәлім. Соған орай, қауіпсіздік мүдделері әскери және дипломатиялық құралдардың қамтамасыз ету объектілері болып табылады. Жоғарыда аталған құралдар мемлекет саясатының жалғасы және белгілеу тәсілдерінің нысандары бойынша әр түрлі болып келеді. Сонымен бірге, мемлекет қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, белгілі бір табиғи және материалдық ресурстарға ие болуы керек.Қауіпсіздік құқық субъектісіне жағымсыз әсер ету мен оның осы әсерлерді өз күшімен немесе шетелдік, я болмаса өз мемлекетінің басқа субъектілерінің қолдауымен, кейде халықаралық қауымдастық күшімен жеңуі арасындағы белгілі бір тепе-теңдікті ұстап тұрады. Мемлекет өзінің тұтастығын басқа мемлекеттердің жағымсыз әсерінен қорғауын қамтамасыз етсе, онда ұлттық кауіпсіздік туралы айтамыз. Халықаралык құқықта "ұлттық қауіпсіздік" ұғымы "мемлекет қауіпсіздігі" ретінде қалыптасып кеткен. Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздікті нығайту туралы Декларацияда, КСРО бастамасымен 1986 ж. қабылданған бәрін қамтитын қауіпсіздік Тұжырымдамасында қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі жөнінде кешенді ұғым жарияланған болатын. 1992 ж. 10 шілдесіндегі "Уақыт және өзгерістер талабы" деген Хельсинки құжатында кауіпсіздік белінбейді және әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттер қауіпсіздігімен тікелей байланысты деп белгіленген.Егемендіктің иесі және кез келген мемлекеттегі биліктің жалғыз көзі көпұлтты халықтың қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік деп айтады Халықаралық қатынастардағы қосылмау қозғалысының негізгі міндеттері мынадай:

- қарусыздануға қол жеткізу және халықаралык дауларды бейбіт құралдар арқылы реттеу;

- халықаралық экономикалық ынтымактастықтың проблемаларын бірігіп шешу;

- халықаралық құқық қағидасы - халықтардын өзінің мемлекеттік құрылымын өзі шешу құқығы қағидасын сақтау;

- қоршаған ортаны қорғау мәселелері;

- адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру;

- қызметінің рөлін нығайту және тиімділігін арттыру.

Қосылмау қозғалысы халықаралық ұйым емес, оның қызметі қандай да бір бір мәселені қарастыруға арналмаған. Қосылмау қозғалысының органдар жүйесі үлкен көлемді мәселелерді талкылайды және онын қызмет аясы уақытпен шектелмейді. Оның құрылтай жарғысы жоқ, себебі бұл бірлестіктің құрылуы және онын құқықтык негіздерінің жасақталуы қайталама іс-тәжірибе арқылы жүзеге асады. Қосылмау қозғалысында бюджет жоқ, әдеттегі ұғымдағы мүшелік те жоқ. Ол - мемлекетаралық бірлестіктің жаңа түрі. Қосылмау қозғалысына қатысу өлшемдері мен мақсаттарына сәйкес, түрлі жүйедегі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру тұжырымдамасы мен қағидалары оның саяси-құқықтық негізі болып табылады. Қосылмау қозғалысының құқықтық табиғаты мынадай болып келеді:



  1. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қосылмау қозғалысында жарғылық құжат жоқ. Дегенмен, ол осы заманғы құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларымен және іс-тәжірибе жүзінде жасақталатын құқықтық нормалар мен қағидалар негізінде ойдағыдай әрскст етіп, дамып отыр.

  2. Қосылмау қозғалысы — бұл мемлекеттердің тәуелсіз теңдіктерін құрметтеу қағидасы барысында тәуелсіз мемлекеттердің құратын ерікті бірлестігі. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларының міндетті орындалуына сүйенеді. Бейбіт қатар өмір сүру қағидасы жалпы құқықтық негізін құрайды.

  3. Бірікпеу қозғалысының субъектілері мемлекеттер болуымен қатар, ұлт-азаттық қозғалыстар да оның субъектісі бола алады.

  4. Қосылмау қозғалысына қатысу үшін техникалық талаптармен қатар (өтініш, қарау рәсімі және т.б.), мынадай өлшемдер сәйкесуі тиіс: өз мәртебесінің құрметтелуіне деген құқық, тең құқылы қатысуғақұқық, косылмау қозғалысының құқықтық мәртебесі мен сыртқы саяси бағытын халықаралық қауымдастық тарапынан құрметтеу құқығы; әскери одақтарға қатысуға келісім бермеу құқығы, әскери базалардыжоюды талап ету құқығы және өз аумағында жана базалардың құрылуына жол бермеу құқығы.

  5. Қосылмау қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері - ұлы державалардың қозғалысқа қатысуына және өз органдарының жұмысына араласуына жол бермейді.

  6. Шешім қабылдау кезінде шешім қабылдаудың бірыңғай қағидасы - Консенсус олданылады.

  7. Қосылмау қозғалысы шешімдерінің әр түрлі күштері бар, кейде тіпті міндетті күшке ие.

  8. Қосылмау қозғалысының өзіндік халықаралық құқық субъектілігі бар. Қосылмау қозғалысы жалпы демократиялық мазмұнда болады және әскери-саяси одақтарға қатыспау бейтараптығын жариялауды білдірмейді. Қосылмау қозғалысы өзінің құқықтық табиғаты жағынан халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөнінде белсенді әрекеттерді жүзеге асырады.


Дәріс 13 . Тақырыбы: Халықаралық теңіз құқығы.

  1. Халықаралық теңіз құқығы ұғымы және онын дамуы.

  2. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары.

  3. Теңіз кеңістіктерінің түрлері.

1. Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

Халықаралық теңіз құқығының ерекшеліктеріне мынадай ережелер жатады:

1. Халықаралық құқық халықаралық құқық субъектілерімен біргс екі және одан да көп мемлекеттер арасында қалыптасатын құқықтық қатынастырды реттейді, яғни шетелдік элементі бар қатынастар. Теңіз құқығының құқықтық нормаларында шетелдік элементті қолданудын алғышарттары қаланған. Ұлттық элемент кіші каботажда (жағадағы жақын жерлерге жүк, жолаушы тасушының) - бір теңіздің шегінде жүзгенде және бір мемлекеттің порттарының арасында болады. Мұндайда теңіз тасымалының қатысушылары теңіз тасымалын жоспарлаудың ұлттық нормаларына жүгінеді. Үлкен каботаж — бұл бірнеше теңіздердің шегінде, бірақ бір мемлекеттің порты шегінде жүзу. Шетелдік рейс - бұл екі және одан да көп мемлекеттердің бір немесе бірнеше теңіз шегінде жүзу.

2. Халықаралық теңіз құқығы техникалық нормалармен тығыз байланысты құқықтық нормаларды мазмұндайды. Құқықтық нормалар адамдардың, мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейді. Техникалық нормалар - адам мен техника арасындағы қатынастарды реттейді. Мысалы, теңіз кемесінің капитаны теңіз құқығының нормаларына сәйкес, апат болған кемеге, кеменің күйреуіне байланысты суда қалған адамдарға көмек жасауы керек. Бірақ мұндай көмек теңіз кемесінің техникалық мүмкіндіктеріне сай болуы керек және кеме мен экипажға қатер туғызбауы тиіс. Теңіз кемесі беретін дабылдардың мазмұнын түсіну үшін теңіздегі соқтығысулардың алдын алуға жол беретін халықаралық ережелерге жүгіну керек. Бұл өте мықты жарылыстар немесе бір минут аралығында болған қару атысы; дыбыс ракеталары; смола бөшкесін жаққанда алынатын қызыл немесе сары от; қызыл ракеталар; радиотелефондық және радиотелеграфтык дабылдар; қолдың баяу көтерілуі мен түсірілуі; қара жалау немесе қара шар бейнеленген жалау және тағы басқалар болуы мүмкін. Теніз іс-тәжірибесіндегі халықаралық стандарттарға сәйкес 808 дабылын алған кеме капитаны батып бара жатқан кеменің координаттарын нақты көрсетуге, дабылды қабылдаған уақытын, өзінің орналасқан жерінің координаттарын нақты көрсетуге міндетті.



Балық аулайтын аймақ - жағалық мемлекет судағы, теңіз түбін жабатын, теңіз түбіндегі және оның қойнауындағы тірі қорларды барлау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ осы қорларды басқару мақсатында егемендік немесе заңды құқығын жүзеге асыратын аумақтық теңіз сыртындағы және оған жақын жатқан аудан. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы мемлекеттердің балық аулау аймағын емес, ерекше экономикалық аймақты бекіту мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, конвенция теңіздің тірі қорларына жеке мемлекеттердің өздерінің егемендік құқығын жүзеге асыру үшін балық аулайтын аймағын белгілеуге кедергі жасамайды. Жағалық мемлекеттердің мұндай қорларға деген қатынасы экономикалық аймаққа байланысты конвенцияда қаралған құқықтардан аспаған жағдайда, бұл ереже күшінде болады. Балық аулайтын аймақ ені аумақтық сулар ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильден аспауы керек.Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ-ның III Конференциясында экономикалық аймақ мәртебесіне байланысты келіспеушіліктер болды. Қатысушы мемлекеттердің бір бөлігі экономикалық аймақты енгізу туралы келісімге келгенге дейін аумақтық суларын 200 мильге дейін бір жақты тәртіптс кеңейтіп алды. Әрі қарай олар өздеріне sui generis халықаралық-құқықтық мәртебемен, яғни аумақтық және ашық теңіз мәртебесінен бөлек ерекше түрдегі мәртебені беру жолымен экономикалық аймақтағы жағалық мемлекеттің айрықша құзыретін мейлінше кеңейтуін талап етті. Конференцияға қатысушылардың басқа бір белігі аймақтың ерекше мәртебесін мойындау, шарттық сипатына өзгерістер қаупін туғызады, оның тәртібін аумақтық теңіз тәртібімен теңестіреді деп есептеді. Бірыңғай көзқарасқа қол жеткізілмеді және Конвенция экономикалық аймақ мәртебесінің ұғымын бермей, жағалық, сондай-ақ барлық пайдаланушы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін баяндаумен шектелді. Экономикалық аймақ режимі осы мәртебенің ашық теңіз еркіндігінен шарттық алып тастаулар нәтижесінде халықаралық құқық бекітетін жағалаудағы мемлекеттердің қатаң шектелген құқықтары мен шексіз құқықтарының заты мен көлемі бойынша ғана түрлі өгертулерге жол беретіндігімен ерекшеленеді.Басқа мемлекеттердің кеме қатынасына және ұшуына, су асты кабельдері мен құбырларын жүргізуге және басқа құқықтық жұмыс түрлерінің халықаралық құқық көзқарасының негізіндегі құқықтарды теңгеру ерекше экономикалық аймақ тәртібін анықтайтын элемент болып табылады.

Контингенттік қайраң - бұл жағалық мемлекеттің аумақтық теңізінің сыртқы шекарасынан құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін орналасқан немесе аумақтық теңіз ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильге дейінгі, құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасының осындай ұзындыққа жайылмайтын теңіз түбі мен оның қойнауы.

Егер құрлықтың су астының шеті 200 мильдік сызықтан әрі қарай жайылса, құрлық қайраңының сыртқы шекарасы аумақтық теңіздің негізгі шегінен 350 мильден немесе 2500 м изобатадан 100 миль аспауы тиіс. Континенттік қайраңның сыртқы шекарасы туралы карталар мен ақпараттар БҰҰ Бас хатшысына тапсырылады, ол оларды тиісті түрде жариялайды.Жағалық мемлекет континенттік қайранның қорларын барлау мен өңдеу мақсатында егемендік құқығын жүзеге асырады. Бұл құқықтардың ерекшелігі, егер жағалық мемлекет қайраң қорларына барлау мен өңдеу жүргізбесе, оны осы жағалық мемлекеттің айқын келісімінсіз ешкім жүргізе алмайтындығында.



Дәріс14. Тақырыбы: Халықаралық ғарыш құқығы

  1. Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның кайнар көздерінің жүйесі. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі.

  2. Ғарышкерлердің құқықтық режимі. Ғарыш объектілерінің құкықтық режимі. Экипаж бен ғарыш объектісінің юрисдикция және бақылау мәселелсрі.

  3. Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік және сақтандыру институты.

  4. "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары.

1. Халықаралық ғарыш құқығы - бұл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Бұл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық құқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің құқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы; ғарыш кеңістігін ұлттық иемденуге тыйым салу қағидасы жатқызылады.БҰҰ аясында 1959 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қосалқы органы - ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі Комитеті құрылды.Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздері жүйесін БҰҰ қол астында жасалған мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметін реттейтін ғылыми-техникалық сипаттағы көптеген халықаралық шарттары; мемлекеттердің жердегі және әуе кеңістігіндегі ғарышты зерттеу және пайдалануға байланысты қызметін айқындайтын шарттар құрайды.Қайнар көздердің бірінші тобына: Ғарыш кеңістігіқ Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу және пайдаланудағы мемлекеттер қызметінін қағидалары туралы 1967 ж. Шарт; Ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді және объектілерді қайтару туралы 1968 ж. келісім; Ғарыш объектілері келтірген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972 ж. Конвенция; Ғарыш кеңістігіне жіберілетін объектілерді тіркеу туралы 1976 ж. Конвенция; Мемлекеттердің Айдағы және басқа аспан денелеріндегі қызметі туралы 1984 ж. Келісім жатады.

Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерінің екінші тобы ғылыми-техникалық бағыт сипатында, оларды Еуропа ғарыш агенттігі; Интерспутник және басқа да көптеген үкіметаралық ұйымдар қабылдаған. Екі жақты және көп жақты сипаттағы мұндай шарттар мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметінің нақты және жалпы мәжілістеріне қатысты болады.Үшінші топтағы шарттар ғарышкерлерді және ғарыш объектілерін құтқару және қайтаруға байланысты жерде жүргізілетін операциялардың құқықтық мәселелерін реттейді. Сонымен бірге, ғарыш объектілерінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің жерге құлауы кезінде келтірілген залалдарды өтеуді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттейді.Халықаралық құқықтың құқықтық нормаларының әрекеті ғарыш кеңістігіне және мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін жерде де, ғарыш кеңістігінде де зерттеуі және пайдалануына байланысты қызметіне толық таралады. Халықаралық ғарыш құқығы ғарыш кеңістігінің өзіндік еркешеліктерін бейнелейді және тиісінше ғарыш кеңістігін пайдаланудағы мемлекеттер қызметін де белгілейді. Халықаралық ғарыш құқығының нормалары мен институттары осы еркешелікті бейнелей отырып, сонымен бірге халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларына сәйкес келуі керек.

Осы комиссияның жария еткен Қазақстанның негізгі талабы 1999 ж. алғашқы жартысы үшін Байқоңырды жалдаудағы қарыздарын өтеуді талап ету болды. 1999 ж. 7 шілдесінде Қазақстан үкіметінің өкілдері "Байқоңыр" ғарыш кешенін жалдау туралы шартты қайта қаруға Қазақстанның мүдделі екенін баяндады. Басқа да талаптардың ішінде хабарлама сипатынан ұшуға рұқсат беруге көшу қажеттігі айқындалды, яғни қазақстандық ресми органдар Ресейдің ғарыштық ұшыруларына "рұқсат" бергенде ғана ұшыру. Қазақстан сондай-ақ экологияға қауіпті "Протон", "Рокот" және "Днепр" зымыран тасығыштарын ұшыруға квота енгізуді талап етті.Апаттың себептерін зерттеу үшін бірлескен комиссия құрылды. Оның жұмысы хаттамаға қол қоюмен аяқталды, онда Ресей жағы халықаралық қағидалардың және Ресей мен Қазақстан арасындағы қол қойылған шарттардың жолын қуатындығын куәландырды. "Протон" зымыран тасығыштарын ұшыру 31 тамызда қайталанады деп шешілді. Алайда шарттың қолайлы болуына қарамастан, оқиға тағы да қайталанады. 1999 ж. 27 қазанында ұшырылған "Протон-К" ұшудың 222-секундында апатқа ұшырады. Келесі күні Қазақстан Республикасының Сыртқы ісмині Ресей Сыртқы ісминіне нота жолдады. Онда зымыран тасығыш "Протонның" кезекті оқиғасы алаңдаушылық тудырып отырғаны хабарланды. Нотада сондай-ақ Қазақстанның "Байқоңыр" ғарыш айлағынан барлық ұшыруларға уақытша тыйым салғаны туралы ескертілді. Апаттың себебі анықталғанша, тыйымның алынбайтындығы жарияланды. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясының ракеталық техникалық жай-күйіне және Қазақстанның экологиясы мен азаматтарының денсаулығына келтірілген залал үшін алаңдаушылық танытты.Сөйтіп, екі тарапты уағдаласушылықтар "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдалану жөніндегі сындарлы және тиімді өзара ыңғайлы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі деуге болады. Бұл бірегей ғылыми- техникалық кешенді өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарына қарамастаа бірлесіп сақтап қалуға қол жеткізілді. Бүгінгі таңда ғарыш айлағы Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ тұтастай әлемдік ғылымның мүдделері үшін тиімді әрекет етуде.
Дәріс 15. Тақырыбы: Халықаралық әуе құқығы


    1. Халықаралық әуе құқығы ұғымы оның дамуы, және негізгі қағидалары.

    2. Әуе кеңістігінің режимі және халықаралық ұшуды құқықтық реттеу.

    3. Әуе қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеу.

1. Халықаралық әуе құқығы - бұл құқықтық нормалар мен институттар жиынтығын көрсететін, әуе кеңістігін пайдалану және әуе қатынастарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

1. Бұл құқықтық нормалар мыналарды реттейді:

- халыкаралық ұшу және әуе кеңістігінің режимі;

- шетелдік әуе кемелеріне мемлекеттердің ұшу құқығын беру тәртібі мен шарттары;

- мемлекеттін әуе кеңістігінде ұшу ережелері;

- шетелдік әуе кемелері мен олардың экипаждарына қойылатын талаптар;

- әуежайларды, аэродромдарды, радиотехникалық құралдарды пайдалану тәртібі мен шарттарын реттейді.

2. Әуе көлігі қызметі:

- ұшу аппараттарына мемлекеттің әуе кеністігінде ұшуға рұқсат берілген шетелдік әуе-көлік кәсіпорындарының коммерциялық кызметін;

- шетелдік әуе-көлік кәсіпорындарына халықаралық әуе желілерін пайдалануға рұқсат беретін тәртіптер мен шарттарды;

- шетелдік әуе кемелерінің қону бекеттеріндегі коммерциялық құқықтарының ауқымын; осы мемлекеттің аумағынан өтетін әуе кемелерінің халықаралық әуе желілерін пайдалану шарттарын реттейді.Халықаралық әуе құқығының даму тарихын үш кезеңге бөлсек, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар олардың шекарасы болып табылады.Бірінші кезең ішінде негізінен халықаралық әуе құқығының теориясы қалыптасты. Әуе кеңістігінің заңдық табиғаты жөнінде халықаралық құқықтық қоғам көптеген пікірталастар жүргізді. Бірінші дуниежүзілік соғыс қарсаңында авиациялық техниканын кеңінен дамуы және майдандарда ұшақтардын барлау және соғыс мақсатында ойдағыдай қолданылуы, әуе құқығы мәселелері бойынша алғашқы ұлттық завдардың қалыптасуына себеп болды. Сөйтіп, халықаралық әуе құқығының теориялык даму кезеңі аяқталды.Осы құқық саласының екінші даму кезеңі мемлекеттің өз әуе кеңістігінде толық және ерекше егемендігін тәжірибе жузінде іске асыратын қағидаға арналады. Бұл қағида халықаралық-құқықтық сенімге ие больш, көптеген мемлекеттің ұлттық заңдарында бекітілген. Соғыс аяқталған соң әуе кеңістігінде мемлекеттік егемендік қағидасы үш көп жақты конвенцияда бекітілген: 1919 ж. Париж Конвенциясы, 1926 ж. Мадрид Конвенциясы және 1928 ж. Гавана Конвенциясы. Париж конвенциясы әуе кеңістігінің режимі жөніндегі мәселені қарама-қайшы екі шешімде мазмұндайды. Бір жағынан ол мемлекеттің әуе кеңістігінде толық және ерекше егемендік қағидасын бекітті, екінші жағынан ауа еркіндігі аумағы біршама жеңілдіктер жасады, сөйтіп ол конвенциядағы басқа мемлекеттердің аумақтарының үстімен азаматтық әуе кемесінін зиянсыз ұшуын шешіп берді.Осылай, Конвенция мемлекеттер арасындағы қайшылыктарды көрсетумен қатар, мемлекеттік егемендік теориялар арасындағы және ауа еркіндігі жөніндегі келісімді белгілеп берді. Антантаның алдынғы қатарлы державалары ерекше құқыққа ие болды. Париж конвенциясы екінші дүниежузілік соғыстың басына дейін өмір сүріп, 1944 ж. Чикаго конвенциясы қабылданғаннан кейін ресми түрде алынып тасталды.Мадридтік (немесе оны басқаша иберо-американдық деп атайды) әуе навигациясы туралы Конвенция Иберия түбегі (Испания және Португалия) мемлекеттері мен латынамерикандық мемлекеттер арасында 1926 ж. қабылданды. Осылай Мадрид конвенциясы Париж конвенциясы режиміне қарсы саяси демонстрация болды. Дегенмен бұл Конвенция тәжірибе жүзінде жетістіктерге жете алмады, өйткені оны 6 мемлекет қана бекіткен еді.АҚШ бастамасы бойынша жасалған американдық мемлекеттер конференциясында әуе коммерциясы жөнінде 1928 ж. Гавана конвенциясы қабылданды.

Гавана конвенциясының алдыңғылардан айырмашылығы - ол "зиянсыз ұшу құқығын" беріп қана қоймай, қатысушы мемлекеттердің аумағы арасындағы халықаралық әуе желілерін ұйымдастыруға және пайдалануға құқықтар берді.Дуниежузілік соғыстар аралығындағы кезеңде халықаралық құқық ғылымында әуе қозғалыстарын, халықаралық ұшуды реттейтін мемлекеттердің әуе кеңістік режимін құқықтық негіздеуге байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Осы позицияда әуе кеңістігінде мемлекеттік егемендік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қарастырылып отырған кезеңге әуе қозғалыстарының құқығы ретінде халықаралық әуе құқығы ұғымының шектеулі талдану сипаты тән.Үшінші кезең екінші дүниежүзілік соғыстың сонғы кезеңінен басталып, қазіргі кунге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңге тән ерекшелік халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе көлігінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелерді қарастыру.Халықаралық аренаға азаматтық авиацияның кең түрде шығуы, тұрақты халықаралық авиажелілердің ұйымдастырылуы көптеген елдерді байланыстырып отыратын, барлық мемлекеттерге ортақ (халықаралық) әуе қатынастары, жолаушылар мен жүктердің әуе тасымалдауының халықаралық ережелерінің қажеттігін көрсетті.



Коммерциялық құқықтарды жузеге асыратып шетелдік әуе косіпорындарын баңылау. Халықаралық келісім бойынша ұшу құқықтары мен халықаралық әуе желілерін пайдалануға арналған коммерциялық құқықтар алған мемлекет осы құқықтардың жүзеге асырылуы үшін өзінің бір немесе бірнеше кәсіпорындарына дербес өкілеттік бере алады. Бір жағынан, мұндай құқықтар беретін мемлекетте оның аумағындағы желілерді қандай сипатта және қалай пайдаланатынына немқұрайды қарай алмайды. Осыдан барып халықаралық әуе құқығында шетелдік әуе кәсіпорындарын бақылау мәсслесі пайда болды.Шетелдік әуе кәсіпорындарына әуе желілерін пайдалануға беру туралы келісім-шарттың негізделген алдын ала шарты, ол - пайдалануға рұқсаттың берілуі болып табылады.Ондай рұқсат шетелдік әуе компаниясына осы әуе компаниясын тағайындаған мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес, сондай-ақ аумағында әуе желілері пайдаланылатын мемлекеттердің заңдары мен ережелеріне сай құрылғанын және әрекет ететінін, куәландыратын құжаттарды көрсетксн жағдайда беріледі.

Халықаралықәоуе желілеріпің маршруттарып рештеу. Халықаралық әуе байланыстарының қарқынды дамуы әуе маршруттарын реттеудің анағұрлым күрделі тәртібіне көшуді талап етті. Әдетте, тараптардың аумақтарында аяқталатын нақты белгіленген әуе желілерін келісімдерде бекітудің орнына, келісім-шарттарға әрбір тарапқа келісімде аталып өткен жалпы бағыттардың, маршруттардың негізінде қандай нақты әуе желілерін ұсына алатынын дербес анықтауға құқықтар берілетін болды. Үшінші мемлекет аумағында орналасқан, келісімдерде көрсетілген пункттер, осы үшінші елдерде тараптардың ұшуға және қонуға деген құқығына келісімді бекітеді дегенді білдірмейді. Бұл құқықтарды мүдделі тараптардың әрқайсысы дербес түрде алуы керек.

Тасымалдау көлемі мен халықаралық әуе желілерін пайдаланудың басқа да жағдайларын реттеу. Мемлекеттер тәжірибесі бұл мәселенің түрлі аспектілерінен келіп шығады. Бір мемлекеттер тасымалдау мөлшерін анықтау қажеттігін жақтаса, басқа біреулері әртүрлі мемлекеттерде әуекәсіпорындары арасындағы бәсекелестіктің шектеулі шараларын бекітуді жақтайды, үшінші біреулері ресми теңдік, әділеттік және тең мүмкіндіктер қағидасына сүйенуді жақтады. Таңдап алынған саясат түріне қарамастан, мемлекеттер кемсіту шараларын қолданбауы керек, мудделі мемлекеттер арасында тасымалдау мөлшерін және халықаралық әус желілерін пайдаланудың басқа шарттарын міндетті түрде келісім деп, жоспарлау қажет.

Жуйесіз халықаралық әуе қатынастарын қуқықтық реттеу қажеттігі мынада:

- қатысушы басқа мемлекеттің аумағында аяқталатын нүктедегі ұшуды атқару үшін;

- осындай құқық беретін мемлекет аумағында қонусыз транзиттік ұшу үшін;

- осындай құқық беретін мемлекеттің аумағында қону арқылы транзиттік ұшу. Мұндай ұшулар егер бұл құқықты беретін мемлекеттің ерекше рұқсаты берілмесе, коммерциялық мақсатта орындалмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет