3. Халықаралық қарулы жанжалдар кезінде ХҚКК төрт Женева конвенциясы мен оларға Қосымша I хаттаманың негізінде әрекет еді. Бұл шарттарда қызметтердің кейбір түрлерін ХҚКК-нің жүзеге асыру құқығы танылған:
- кеме апатына ұшыраған әскери қызметкерлерге, жаралыларға, ауруларға және жәбірленушілерге көмек көрсету;
- әскери тұтқындарға барып тұру;
- бейбіт (азаматтық) халық мүдделері үшін әрекет ету;
- қамқорлыққа алынған адамдармен қатынас жасау кезінде құқық нормаларының сақталуын бақылайды.Елдің ішінде қарулы жанжалдар болған кезде ХҚКК төрт Конвенцияға, сондай-ақ II Хаттамаға ортақ 3-баптың негізінде әрекет етеді. Бұл құқықтық құжаттарда ХҚКК ұсыныстар ұсыну құқығы танылған, мысалы көмек көрсету бойынша операцияларды жүзеге асыру мақсатында, қарулы қақтығысқа байланысты ұсталған адамдарға жолығу сияқты қызметтің жанжалдасушы тараптарға ұсыну туралы.Қарулы жанжал көлемі қамтымайтын зорлық-зомбылық жағдайларында ХҚКК Қозғалыс Жарғысына сай әрекет етеді, онда гуманитарлық бастамашылық құқығы мойындалған. ХҚКК бейтарап және тәуелсіз бітістіруші қажет болған барлық жағдайда өз қызметін ұсынады. Осы құқықтардың бәрі жинақтала келіп, ХҚКК халықаралық қауымдастықтың берген мандатын құрайды. Сол арқылы, халықаралық қауымдастық Комитетінің өз тарихында жасаған бастамашылығын жоғары бағалайтындығын көрсетті.ХҚКК жеке бастамаға орай пайда болған еді. Алайда ХҚКК өзіне Женева Конвенциясы мен Қосымша Хаттамалар жүктеген әр түрлі міндеттерін орындап шықты, сөйтіп оның қызметі халықаралық сипатқа ие болды. Оның міндеті соғыс құрбандарын қорғау болып табылады.ХҚКК мандаты оған делегацияларды (өкілдіктерді) ашып және өз делегаттарын мемлекеттер мен жанжалдасушы тараптармен диалог жүргізуге жіберуіне мүмкіндік береді.ХҚКК халықаралық құқық субъектісі болып табылады, оған әдетте үкіметаралық ұйымдар пайдаланатын барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар беріледі. ХҚКК-ге юрисдикциялық иммунитет берілген, соған сәйкес ХҚКК әкімшілік және сот қудалауына ұшырамайды, сондай-ақ оның ғимараттарына, мұрағаттарына және басқа құжаттамаларына қол сұғылмайтындығына кепілдік беріледі.Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Халықаралық қозғалысының негізін қалайтын қағидаларға ізгілік, әділдік, бейтараптық, тәуелсіздік, еріктілік, тұтастық, әмбебаптық сияқты қағидалар жатады.
Дәріс 9. Тақырыбы: Дипломатиялық және консулдық құқық
-
Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық ұғымы және қайнар көздері. Сыртқы қатынас органдары.
-
Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері.
-
Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.
-
Консулдық құкық ұғымы, қайнар көздері. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.
1. "Дипломатия" ұғымы грек сөзі diploma - екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде "дипломды ұстаушы" деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.
Кең мағынадағы дипломатия ұғымы - бұл халықаралық құқық субъектілерінің өкілдіктері жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі, халықаралық қатынас қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін бейбіт жолмен қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия - бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістер мен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.
Тар мағынадағы дипломатия ұғымы — бұл келіссөздер жүргізу мен шарттар, келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму заңдылықтарын білуге, халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерді зерттеп-білуге негізделетінін айту керек.
Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселелерінде оның маңызды құралының бірі - дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Бір-бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің, тұтастай халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді болады.Барлық мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі орган түріндегі дипломатиялық аппараттарды (Сыртқы істер министрлігі, елшіліктер, миссиялар, консулдықтар) дипломатиялық қызметтердің негізгі жетекшісі және орындаушысы ретінде айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай кадрлардың жұмыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық аппарат - бұл мемлекеттік аппараттың бір бөлігі, оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымымен айқындалады.Дипломатиялық аппаратты жетілдіру, дипломатиялық кадрларды іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ен озық тәжірибелерін зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негіздерін дайындау және дамыту - халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға мүдделі барлық мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.
Дипломатия — бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын, сондай-ақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен әдістерді айқындайды.Өркениетті әлемдегі дипломатиялық тәжірибе тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметтін дәстүрлі әдістерінің және жаңа нысандар мен әдіс-тәсілдерінің қолданылып келе жатқанын көрсетіп отыр. Дипломатиялық қатынас пен талқылаудың түрлі нысандары ерекше маңызға ие болуда. Оларға мемлекет басшыларының кездесуі, мемлекеттер арасында жүргізілетін жоғары деңгейдегі көп жақты келіссөздерді жатқызуға болады.Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге, халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне мұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтық нормалар реттеу заты бойынша салыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарды. Қазіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық салаларының ішіндегі анағұрлым жүйеленген және үдемелі дамыған салалардың бірі. Дипломатиялық құқық - бұл құқықтың байырғы салаларының бірі. Ол ең алдымен елшілік құқық ретінде пайда болып, дамыған еді. XX ғ. басына қарай елшілік құқық дипломатиялық құқықка айналды.
Дипломатиялық құқық - бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен нормалардың халықаралық құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін (функциялары мен мәртебесін) реттейді.Бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарында "сыртқы қатынас құқығы" деген ұғым кездесіп қалады.
Консулдық мемлекеттердің иммунитеттер көлемі дипломатиялық өкілдік иммунитетіне жақын келеді. Штаттық консулдардың жеке иммунитеттерінің шеңбері мен көлемі дипломаттарға қарағанда тарырақ келеді, консул белгілі бір жағдайларда жергілікті сотқа тартылады; тінту иммунитеті оның қызметтік мекемесінде ғана болады, ал қол сұғылмаушылық иммунитеттері оның қызметтік хат жазысулары мен мұрағатында ғана болады. Консулдық конвенцияларға, көптеген мемлекеттердің ішкі мемлекеттік заңдарына сәйкес, консул жеке хаттарын қызметтік хаттарынан бөлек ұстауы тиіс.Халықаралық құқыққа сәйкес, консулдың қызметтік әрекетін орындауына қатысты құжаттар мен ресми хат-хабарларға қол сұғылмайды. Консулдық үй-жайларға абсолютті қол сұғылмаушылық қағидасы консулдық шенеуніктер туралы 1928 ж. Гавана конвенциясында, Бустаманте Кодексінде бекітілген. Консулдық қатынас туралы Вена Конвенциясының 31-бабына сәйкес, өрт және апат жағдайларында консулдық мекеме үй-жайларының абсолютті қол сұғылмаушылық қағидасының бұзылуы мүмкін.
Консулдың жеке басының артықшылықтары мен иммунитеттері. Консулдық конвенциялар мен ұлтгық заңдарда консулды аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа, алдын ала қамау тәртібінде ұстауға болмайды деп белгіленген. Консулды әкімшілік тәртіпте де ұстауға болмайды. Консулды аса ауыр қылмыс жасады деп ұстау оның экзекватурасынан айырумен байланысты болады.Консулдық өкіл жеке артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болғанымен, оларды асыра пайдаланбауы тиіс және консулдық орналасқан мемлекеттің барлық заңдары мен ережелерін қатаң орындауы қажет. Әдетте, консул сот органдары сот немесе әкімшілік іс жүргізу бойынша куә ретінде шақырғанда, баруға міндетті. Іс-тәжірибеде мұндай жағдайда консулға сыпайылық деп аталатын артықшылық беріледі. Мысалы, сотқа келу туралы шақырту консулға ерекше хатпен және келмеген жағдайда қандай да бір санкциялар қолданылады деп көрсетілмей жіберіледі. Егер, консул куәгерлік жауап беруден бас тартса, оған мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Консулдық эмблемаларды дұшпандық қастандықтан қорғаудың зор маңызы бар. Консулдық орналасқан мемлекет консулдарға өзара келісу негізінде ерекше артықшылықтар береді, олар қол сұғушылықтан қорғалуға жатады. Мұндай артықшылықтарға консулдың өз мемлекетінің тәртібі негізінде консулдық тіршілігі мен тұрмысын ұйымдастыру құқығы, өз атына баспа басылымдарын, консулдық орналасқан елге әкелуге тыйым салынған басылымдарды қоса алғанда жаздыртып алу құқығы; консулдық орналасқан жерде түрлі сипаттағы ресми салтанаттарға шақырылу құқығы және консулдың өз өкілдігімен қатынасудағы артықшылықтарын жатқызуға болады.Консулдық конвенциялар мен көптеген мемлекеттер іс-тәжірибесін саралап көргенде байқалғанындай, консулдық иммунитеттің көп жағдайларда дипломатиялық иммунитетпен сәйкес келетінін атап айту керек.
Дәріс 10. Тақырыбы: Халықаралық ұйымдар құқығы
1. Құқықтың бір саласы - халықаралық ұйымдар құқығы ұғымы. Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты.
2. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі - Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.
3. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы, БҰҰ-ның мақсат- міндеттері, қағидалары, оған мүшелікке өту мәселелері. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы.
4. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД).
5. Солтүстік Атлантика Одағының стратегиялық тұжырымдамасы (НАТО).
1. Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің қатарына жатқызылады. Олар мемлекетпен бірге доктриналық, сондай-ақ конвенциялық тәртіпте халықаралық құқықтың субъектілері болып есептеледі Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара ықпалдасуының ең бір күрделі проблемасын - мемлекеттік тәуелсіздік пен үкіметаралық ұйымдардың құзыретіндегі мемлекеттен тыс белгілердің арақатынасындағы мәселе ретінде көрсетеді.Мемлекеттің тәуелсіздік проблемалары мемлекеттің және халықаралық ұйымдар құзыреттерінің арақатынасындағы мәселелермен айқындалады, яғни бұл мемлекеттің халықаралық ұйымға өз құзыретін ішінара беруі арқылы немесе оған белгілі бір міндеттерді атқаруына мүмкіндік беруі бойынша түсіндіріледі. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің бірлескен ынтымақтастығының көп жақтылы нысаны болып табылады; оны мемлекеттер тиісті жағдайларда құрады және ол халықаралық қатынастардың қажеттіліктерінен туындап отырады. Мұнда баса айтатын бір мәселе, халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі мүше-мемлекеттердің еркін білдіруіне, осы ұйымдардың мақсаттарына, құзыреттеріне, уәкілеттіктеріне, органдарының құрылымына, қабылданатын шешімдердің заңдық салдарына тікелей тәуелді болып келеді.Ұйым Жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық салдарды қамтамасыз етеді. Мәселен, халықаралық құқықтың жаңа субъектісі пайда болады, ол өзін құрған мемлекеттен өзгеше сипатпен аңықталады. Дегенмен халықаралық ұйым халықаралық құқықтың негізгі субъктілеріне тән маңызды ерекшелігіне — мемлекеттер, ұлттар мен халықтар өз тәуелсіздігін — дербестігін қорғап, күресу ерекшелігіне ие бола алмайды. Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кірген кезде өзінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асырады. Бірақ мұндай жағдайда мемлекет пен ұлттық ұйымдардың байланысу сипаттары мемлекеттің тәуелсіздігін толық шектейді деген ұғым туындамауы керек. Тәуелсіздік - бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-заңдык сипаты, ол құзыреттердің саяси режимі, билік тетігі сияқты құқықтық институттар арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдардың жарғыларында бір белгі - құзыреттер бойынша ғана шектеу қойылады (Халықаралық Даму және қайта қүру Банкінде, Халықаралық Валюта Қорында - бұл экономикалық мәселелер, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелері).
"Халықаралық Ұйым - халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу жүйесіндегі қажет нақты объективті құбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша әрі қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен жағдайлар жүйесі болады.
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері халықаралық ұйымдардың ерекше тобына жатады және оның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ерекше құқықтық байланысы бар. БҰҰ Жарғысының 63-бабына сәйкес, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес - 57-бапта көрсетілген мемлекеттердің кез-келгенімен тиісті мекеменің ұйымымен байланысын айқындайтын келісімдерді жасауға уәкілетті, БҰҰ-ның басты органдарының бірі.
Бүгінгі таңда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің тобына мыналар кіреді:
-
Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ)
-
БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО).
3. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бүкіләлемдік
ұйым (ЮНЕСКО).
4. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ).
5.Бүкіләлемдік Банк - Халықаралық Даму және Қайта құру Банкі (ХДҚБ)
-
Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА).
-
Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).
-
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ).
-
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО).
-
Бүкіләлемдік Пошта Одағы (БПО).
-
Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО).
-
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым (БМҰ).
-
Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО).
-
Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымы (БСМҰ).
-
Халықаралық ауылшаруашылық даму коры (ХАДҚ).
-
Өндірістік және даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО).
Жоғарыда аталған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің тізбесі, оның қызмет ету саласының әртүрлілігін дәлелдейді. Оньің қызметінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
- халықаралық ынтымақтастықтың әлеуметтік-экономикалық салаларындағы мүше-мемлекеттердің қызметін үйлестіру;
- көлік және байланыс, денсаулық сақтау, еңбек, мәдениет, ғылым және т.б. салалардағы халықаралық ынтымақтастықты реттеу үшін бірыңғай ережелер мен нормалар жасау мақсатында халықаралық конвенциялар мен регламенттер дайындау;
- даму жолындағы мекемелерге техникалық кемек көрсету;
- ақпараттық қызмет;
- ғылыми қызмет.
Мамандандырылған мекемелердің құрылымы олардың Жалғыларына негізделетіндіктен, олардың жүйесі бір үлгілі болып келеді. Мамандандырылған мекемелерге, мүше-мемлекеттердің барлығының жиналуын қоса алғанда, басқарудың үш бөлімді құрылымы тән. Әр түрлі ұйымдардағы оның атауы да әр түрлі. Мысалы, Бүкіләлемдік поштп Одағындағы мүшелердің жалпы жиналысы Конгресс деп аталады, халықаралық азаматтық авиация ұйымында, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымында – Ассамблея, білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бүкіләлемдік ұйымда, халықаралық Еңбек ұйымында – Бас Конференция деп аталады. Жоғары органдар сияқты, атқарушы органдардың түрлі атаулары бар. Әкімшілік Кеңес (Халықаралық электрбайланыс Одағы), Кеңес (халықаралық азаматтық авиация ұйымы, БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы), Атқарушы Кеңес (Бүкіләлемдік Пошта Одағы). Олар жоғары органдардың сессиялары аралығында мамандандырылған мекемелердің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді. Әкімшілік органда әдетте, бес жыл мерзімге сайланатын, қайта сайлану құқығы бар бас әкімшілік тұлға (директор, бас директор, бас хатшы) басқаратын хатшылық болады. Хатшылықтың басты міндеті өзінің қызметі жөнінде есептер, кеңестер беруден, мәліметтерді жариялау үшін қажетті құжаттарды дайындаудан тұрады.
Қамқоршылық жөніндегі Кеңес. Қамқоршылық жүйесін қадағалау үшін құрылған. Халықаралық бақылау жүйесі бұрын мандатпен басқарылған елдердің (Ұлттар Лигасының мандат жүйесі) тәуелді аумақтарын басқару үшін құрылған болатын. Қамқоршылық жөніндегі Кеңес Бас Ассамблеясының (85-бап, 87-баптың 2 тармағы) жетекшілігінде, сондай-ақ қажетті жағдайларда Қауіпсіздік Кеңесінің (83-бап) басшылығында әрекет етеді. БҰҰ Жарғысының 91-бабына сәйкес, «Қамқоршылық жөніндегі Кеңес керекті жағдайларда экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің көмегін және болған жағдайларда тиісті мәселелер бойынша мамандандырылған мекемелердің көмегін пайдаланады». Бас Ассамблеяның басшылығымен әрекет ететін Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері басқарушы билік ұсынатын мәселелерді, есептерді қарастырудан, петициялар қабылдаудан және оларды қараудан, басқарушы билікпен кеңесе отырып, қамқоршылықтағы тиісті аумақтарды аралаудан, басқарушы билікпен келісілген мерзімдерде қамқоршылық жөніндегі келісім талаптарына сай әрекеттерді жүзеге асырудан тұрады (БҰҰ жарғысының 87-бабы). БҰҰ Жарғысына сәйкес, «Қамқоршылық жөніндегі Кеңес қамқорлықтағы әрбір аумақтағы халықтың саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қатысты, сондай-ақ олардың білім саласындағы дамуларына қатысты анкеталар жасайды, ал Бас Ассамблеяның құзыретіне кіретін, қамқорлықтағы әрбір аумақтың басқарушы билігі осы анкета негізінде Бас Ассамблеяға жыл сайын есеп беріп тұрады» (БҰҰ Жарғысының 88-бабы).
Қамқоршылық жөніндегі Кеңес өзінің Төрағасын сайлау тәртібін қоса лағанда, жеке рәсім ережелерін де қабылдайды. Қамқоршылық жөніндегі Кеңес жыл сайын сессияларын өткізіп тұрады, мұнан басқа жаңартылған және арнайы сессиялар шақырылуы мүмкін. Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің мәжілісі қажетті кезде шақырылады, әдетте ол мамыр айында өткізіледі. Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеті БҰҰ Жарғысының 1 және 76-баптарына сәйкес, БҰҰ-ның алдына қойған мақсаттарына көмектесу болып табылады. Алғашқы жасалған нұсқа бойынша осы органның құрамына 11 аумақ енгізілген болатын. Ал қазір 1990 ж. 22 желтоқсанында Қауіпсіздік Кеңесі 1947 ж. Бері АҚШ басқарып келген, Тынық мұхит аралдарын (Микронезия) құрайтын төрт құрылымның үшеуін қамқорлыққа алу жөніндегі Келісімнің әрекет етуін тоқтатуға дауыс бергеннен кейін тек біреуі қалды. Бүгінгі таңда қамқорлықтағы жалғыз аумақ – АҚШ-тың қамқорлығындағы Палау ғана. Сөйтіп, қамқорлық жөніндегі Кеңес аумақтардың дамуы мен қалыптасуына елеулі әсерін тгізді.
БҰҰ Халықаралық Сот бас сот органы ретінде құрылған, БҰҰ құрылымындағы бас органдардың бірі. БҰҰ Халықаралық Соты БҰҰ Жарғысының ажырамас бөлігі болып табылатын Халықаралық Сот Статунына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. БҰҰ Жарғысының ХІV тарауының 92-96-баптары Халықаралық Соттың қызметі туралы мәселелерді қарастырады. 92-бапты Ұлттар Лигасының аясында әрекет еткен Халықаралық Статут «халықаралық әділ соттың Тұрақты Палатасының Статунына негізделген деп белгіленген».БҰҰ Жарғысының 93-бабына сәйкес, «Ұйымның барлық мүшелері Халықаралық Сот Статунының қатысушылар ipso facto болып табылады». Ұйымның мүшесі болып табылмайтан мемлекет қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша Бас Ассамблея әрбір жағдайда жеке-жеке айқындайтын талаптарда Халықаралық Сот Статунының қатысушысы бола алады. Халықаралық Сот азаматтыққа тәуелсіз сайланатын тәуелсіз судьялар алқасынан тұрады. Судьялар өз елдерінде жоғары сот лауазымдарына қойылатын талаптарға жауап беретін тұлғалар ішінен немесе халықаралық құқық саласында беделді, танылған заңгерлердің ішінен майланады. Халықаралық Сот Бас Ассамблея және Қауіпсіздік Кеңесі 9 жылға қайта сайлану құқығымен сайланатын 15 мүшеден тұрады. Әрбір үш жыл сайын Соттың 5 мүшесі қайта сайланады. Бір мемлекеттің екі азаматы Халықаралық Соттың мүшесі бола алмайды. Халықаралық Сот төрағаны, вице-төрағаны және хатшыны үш жыл мерзімге сайланады. Сотттың құрамын басты өркениет нысандарының өкілдері мен әлемнің негізгі құқықтық жүйелерінің өкілдері қамтамасыз ету керек деген Халықаралық Сот Статутының 9-бабы ережелерінің маңызы зор. Сот – Гаагада орналасқан. Судьялар қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.Халықаралық Соттың негізгі міндеті – тараптар берген істерді халықаралық құқық негізінде шешу болып табылады.Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің сұратуларына Халықаралық Сот Консультациялық қорытындылар беруге өкілетті. БҰҰ-ның басқа органдары, халықаралық ұйымдар мен органдар консультациялық қорытындыларыт Бас Ассамблеяның рұқсатымен ғана сұрата алады
1994 ж. желтоқсан айында НАТО-ға мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде бұрынғы Варшава Келісім-шартының мемлекеттерін Солтүстік Атлантика Одағына тарту үшін шаралар қолдануға шешім қабылданды. Ол НАТО-ның бұрынғы Шығыс блогындағы мемлекеттердің 1994 ж. қаңтар айынан басталған "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасынан бастап, жақындасу процесін жалғастыруға мүмкіндік берді.Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық Кеңесі және НАТО-ның ұсынған "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы Қазақстанға трансатлантикалық қауіпсіздік құрылымын интеграциялау әрекетіне мүмкіндік береді және мемлекеттік тәуелсіздікті қорғау мүддесін сенімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыруға алғышарттар жасайды. Қазақстанның НАТО институттарымен түрлі нысандарда ынтымақтастық етуі мемлекеттің демократиялық негізін нығайтуға, Батыс елдерімен өзара түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасы НАТО бағдарламаларына, оның ішінде ең алдымен Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесіне (ЕАӘК), "Бейбітшілік жолындағы әріптестікке", " Ғылым бейбітшілік үшін қызмет етеді" бағдарламаларына белсенді түрде қатысып келеді.Қазақстанның НАТО-мен әрекеттестігінің белсенді процесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың НАТО-ның бас хатшысы Дж. Робертсонмен Брюссель мен Астанада кездесулерінен кейін, 2000 жылдың орта шенінен бастап қарқындай бастады. Қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру жоспары бойынша Қазақстан - НАТО арасындағы қатынастарды дамытудың өзекті проблемалары жөнінде, аймақтағы қауіпсіздік мәселелері және басқа да проблемалар жөнінде мемлекет басшылары мен альянс басшыларының көзқарас алмасулары да ұдайы жүргізілуде.Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесінің (ЕАӘК) аясындағы ынтымақтастық та күннен-күнге белсенді жүзеге асуда. Қазақстан ЕАӘК қатысушы-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің, қорғаныс министрлерінің, НАТО-ның штаб-пәтерінде тіркелген елшілердің кез-десулеріне, сондай-ақ Кеңестің өткізетін өзге де шараларына қатысып жүр. Қазақстан Cooperative Osprey-2001 және Combined Endeavor -2001 үйретулеріне, сондай-ақ әріптестік сипатындағы "Қалқан-2001" және "Аймақтық ынтымақтастық—2001" сияқты екі жақты үйретулерге қатысты. 2002 ж. мамырында Рейкьявикте еуроатлантикалық әріптестік Кеңесі (ЕАӘК) қатысушы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің мәжілісі болып өтті, онда Қазақстанның НАТО-мен жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы іс жүзіндегі ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға деген мүдделілігі өз негізін тапты, ЕАӘК-нің одан әрі дамып өркендеуіне Қазақстан тарапынан нақты ұсыныстар мен негізгі амал-тәсілдер көлемі де айтылды. 2002 жылы Қазақстан Республикасы "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасының аясындағы операцияларға қатысушы НАТО-ның "Қарулы күш пен қаражатты жоспарлау және қадағалау процесі" бағдарламасына қосылды. Бұл бағдарлама аясындағы әріптестіктің ең маңызды мақсат-міндеттері мынадай:
- аэронавигациялық және коммуникациялық жүйелердің бірлесуі;
- штаб офицерлері үшін тілдік дайындық;
- НАТО-ның бітімгершілік операцияларына қатысуға қазақстандық бөлімшелерді дайындау;
- НАТО-ның картографиялық стандарттарын зерттеу.
Дәріс 11. Тақырыбы: Халықаралық құқықтағы жауапкершілік
1. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік ұғымы. Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің негіздері.
-
Мемлекеттердің халықаралық құқықық бұзушылығын жүйелеу.
3. Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің түрлері мен нысандары. Мемлекеттердің жауапкершілігінің жағдаяттары.
4. Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |