Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет30/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Нақұмақұс – Нақумахис Аристотельдің әкесі. Ескендірдің алғашқы ұстазы.
26
Арасту – атақты Юннан философы Аристотельді шығыс халқы осылай атаған. Біздің жыл 
санауымыздан бұрынғы 380-322 жж. өмір сүрген.


199
Қай кезде қандай жағдай, не болады – 
Қарап-ақ жұлдыздарға жобалады.
«Әлемге деп ойлады ол берді тәңір,
Әрі әділ, әрі дана құдіретті әмір.
Атағы аспан астын дүрілдетер,
Айбаты арыстанды дірілдетер.
Патшалар қол астына бағынады,
Айтқанын екі қылмай табынады.
Ғаламды жомарттықпен қаратады,
Тағынан күн сәулесін таратады.
Түзетіп тіршілікті сыны қашар,
Тылсымның тынып жатқан сырын ашар.
Әлемде патша болмас білгір одан,
Түнекті жарқыратар бұл бір адам.
Күн бұрын жұлдыз ашып болжап жолын,
Байлайды зұлымдықтың шонжар қолын.
Аралап аралдарды тылсым жатқан,
Шарлайды жат теңізді толқын атқан.
Сапырып жер мен көкті сапарымен,
Билейді күллі әлемді қаһарымен».
Данышпан бәрін барлап білді осының,
Қондырып көкейіне дүние сырын.
Балаға үйретуден жалықпады,
Бағы асып, даңқы көкке шарықтады.
Қағып ап айтқан сөзді мәні күшті,
Жас бала тұнық ойдан қанып ішті.
Білімге қанған сайын талаптанып,
Әр саққа ой жіберді қанаттанып.
Толмай-ақ он алтыға елді ойлады,
Білуге бар өнерді бел байлады.


200
Ол тіпті келмей жатып кемеліне,
Жетіліп алды соғыс өнеріне.
Ат үсті сайысына дес бермеді,
Жерде де тірі жаннан сескенбеді.
Жебесі жай отындай жасын атты,
Қамалды атқан оғы қақыратты.
Найзасын айға білеп айбаттанды,
Әп-сәтте сілтегені жайрап қалды.
Демеді ажал алар ешкім оны,
Қанжары тасты турап, кескіледі.
Құтылмай шалмасынан сермегені,
Арқанмен қорғанға да өрмеледі.
Қайраты қара дауыл үйіргендей,
Гүрзісі тасты үгітті диірмендей.
Жасатып айдаһардың кебін қолдан,
Жаттықты майдан салып оң мен солдан.
Күш емес кейде ақылға ерік берді,
Кейде күш бойын кернеп желіктенді.
Жеткізбес мұрат бар ма батыл ұлға,
Болыпты бар дегені ақырында.
Көрсем деп тілеп еді ұл қызығын,
Сөнбеуін тілеп өмір жұлдызының.
Әкенің зауал шағы жақындады,
Ырқына қоймады ажал, тақымдады.
Дана қарт өсиетін мәлімдеді,
Ескендір таққа отырар шағында еді. 
Бет бұрып ақ өлімге иек қақты.
Табыстап Ескендірге тәж бен тақты.
Көз жұмды көтермеске мәңгі басын,
Қалдырып жалғызына бар мұрасын.


201
Ел көзі түсуші еді қос бұтаққа,
Айналды бірі – табыт, бірі – таққа.
Демеді кәрі бұтақ солдым екен,
Жасы да қанаттыға болды мекен.
Азалы ауыр қаза қинап жанын,
Ескендір мүлде ұмытты дүние қамын.
Даналар түсірген соң сабасына,
Оралды әке сөзі санасына:
«Ешқашан жеріңе жау аттамасын,
Басынып, сүйегімді таптамасын.
Даңқыңдай ұзақ шырқап ғұмыр-жасың,
Мәңгілік тыныштығым бұзылмасын.
Демеймін ізсіз-тозсыз жоғаламын,
Өзіңнің алдыңда өлсем, жоқ алаңым.
Артымда арыстандай ұл қалғанда,
Өшпейді менің атым бұл жалғанда!»
Әкенің аманаты – қасиетті,
Бел буды орындауға өсиетті.
Сейіліп мұң-қайғысы сала берді,
Табанда тік тұрғызды тамам елді.
Марқұмды шығарып сап мәңгі жолға,
Жүзігін патшалықтың салды қолға.
Туғандай алтын тақтың айбатына,
Биліктің мінді қаһар-қайратына.
Жолына маржан шашып жұрт қарасты,
Думандап жердің үсті, аспан асты.
* * * 
Қамықпа, қапаланба көңіл бекер,
Бір ем тап әке азасын жеңілдетер.


202
Көз жасы жаза алмады еш дертімді,
Сөндірер шарап бәлкім ішкі өртімді.
Ұқсайын өлең-сөздің патшасына,
Жадырат, әнші-күйші, жет қасыма.
Ей, Науаи, дүние жалған, байқап қара,
Ақ сөйле, тәңір алдында тайсақтама!
Сұм дүние опа берген сірә, кімге,
Патшадан пақыр артық бұл өмірде.
Ел кезген, еркін жүрген диуанадан,
Хан сорлы қапастағы, илан оған!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет