203
Дүниеқор байи қалса безілдейді,
Қоймасын күзетумен көз ілмейді.
Тұрса егер тізесінде соқыр жармақ,
Емес ол өле-өлгенше бір қозғалмақ.
Жамбы алса, жоғалтардай қора малын,
Он қайта түйіншектер орамалын.
Кең ашып қаптың аузын жалаңдайды,
Түссе деп артық тиын амалдайды.
Қызығын
көрмеген соң байлық бекер,
Өмірің құрсауда қап, қорлықта өтер.
Азаптан арыл кәне, қазынаңды аш,
Сілкінбей сырқат сана жазыла алмас.
Аюды үйретумен баққан жанын,
Тастамас итке ешқашан тапқан нанын.
Маймыл да
тапқанына тояды екен,
Қалдығын інге тығып қояды екен.
Ағашта жаңғақ қанша тұрсын қалың,
Көмеді қара қарға қымқырғанын.
Қызығын тышқан оның демде көрер,
Жол тауып жер астынан жемге бөгер.
Өтеді тойымсыздар жарымай-ақ,
Көрініп таудай байлық тарыдай-ақ.
Жері жоқ жымысқының өтпейтұғын –
Олқысын қоқыспенен кептейтұғын.
Сары қоңыз көң илеуден жалықпайды,
Кеткенін қап-қара боп ол ұқпайды.
Өлтірсін
жаншып мейлі ат тұяғы,
Қимайды сасық қоңыз боқты ұяны.
Көрінер таза жанға бұл сорақы,
Жуымас былғанышқа берсең ақы.
204
Жарлыға тұратұғын жаны ашып тым,
Қалтасы тез қағылар қолы ашықтың.
Көп болса ердің ісі өнегелі,
Әмісе әлем нұрға бөленеді.
Жәдігөй өмір-бақи жарымайды,
Тартады байлығынан жаны қайғы.
Адамның
артық-кемін теңейді өмір,
Бай да бір бұл заманда, кедей де бір.
Парықсыз, парасатсыз, имансыз жан,
Шырқырар шашау шықса жиған пұлдан.
Өмірі тәтті тағам татпағанға,
Татиды шекер балдай қатқан нан да.
Кемеңгер –
қамқор бола білген кісі,
Сараңдық – санасыздық бір белгісі.
Не керек жатқан байлық бастан асып,
Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып.
Жарандар, еске ұстаңдар сөз анығын:
Ең байлық – рухани тазалығың.
Аз емес ел ішінде амал-айла,
Кім қалай пайдаланар соны абайла.
Зымияндық – қара зындан түбі жаман,
Сараң мен қомағайдың күні қараң.
Ақ көңіл, дархан ақыл, дана жүрек,
Сескенбес зұлымдықтан қара түнек.
Сұңқарға бұлттан асып қанат қаққан,
Пенденің оғы жетпес жерден атқан.
Қопарғыш
дәріден еш жай атылмас,
Мақтадан көктегі бұлт жаратылмас.
Алауды көтергенмен қанша биік,
Айдай боп жарытар ма нұрын құйып.
206
Адалдың туы әрқашан аспандайды,
Өмірде қиындықтан жасқанбайды.
Барына қанағатшыл жақсы адамға,
Көрінер кедей артық патшадан да.
Мансаптың мінсе де алтын тұғырына,
Зар илер зая кеткен ғұмырына.
Мүсәпір
деме ақылы кемтар жанды,
Жасайды құдай ғана жоқтан барды.
Кедейлер хан болсам деп емінеді,
Кедейлік ханға қызық көрінеді.
Барлығы тәңірге аян болмашының,
Адамға өмір сыры көп жасырын.
Достарыңызбен бөлісу: