Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет50/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Фурат – Бағдат қаласын жанап өтетін өзен.
101
Құхақ – Заравшан өзенінің көне аты.
102
Салсабіл – Жәннаттағы арық.


323
Қақ жарып шөл даланы әскер өтті,
Тажал да қорқыта алмас әсте көпті.
Шошынып қорыққан соң жандарынан,
Қосылды хандар қаптап жан-жағынан.
Жол бойын жаулап қамшы білемей-ақ,
Тауына Кашмирдің тіреді аяқ.
Сұстанып көз тартады айдаладан,
Ұштары найза шыңның ай жалаған.
Заңғарға көз жіберсең қасындағы,
Түседі бөркің жерге басыңдағы.
Ұшына сілемінің шыға алмайсың,
Өрлесең биігіне құлардайсың.
Көрген жоқ менменсінген тұрқы түсіп,
Үстінен өте алмайды бүркіт ұшып.
Сол таудың басы биік, қапталы қар,
Қақ жарған тап-тар терең шатқалы бар.
Қысаңның көлденеңі он метрдей,
Ішіне кірген сайын тар көпірдей.
Шатқалдың кірер аузы тұйықтаулы,
Шегендеп тастағандай биік тауды.
Биікте арқалығы сәл ағарып,
Көзге әрең шалынады доғаланып.
Осы бір құпия тас таңғаларлық,
Қақпадай кеуде тосқан жауға барлық.
Шойындай сиқырлаған әсте берік,
Шыққандай көкке өрлетіп таспен өріп.
Он метр биіктіктің үстін ала,
Орнатқан екі зәулім мыс мұнара.
Қорған да, тосқауыл да емес сондай,
Бірақ та күш жеңе алмас оны ешқандай.


324
Құрсаулап дуал үстін сүңгі қойған,
Тосыннан салмақ үшін қырғын-ойран.
Тұрғызған адам қолы сол дуалды,
Соға алмас сиқыршы да енді мәңгі.
Ішінде екі мыңдай жатыр кісі,
Бар небір арбағышы, ақылдысы.
Құрсанған күзетшілер жалақтайды,
Таяуға тірі жанды жанатпайды.
Қорғанды көрген адам болады алас,
Жүрегі жақындауға дауаламас.
Жат біреу аяқ басса солай қарай,
Басы ұшар бір шақырым маңайламай.
Ат мініп келсін мейлі жылмаң қаққан,
Бәрібір құтқармайды құрған қақпан.
Әскердің жан өте алмас арасынан,
Аумайды бейне қолдың саласынан.
Мұндағы болып жатқан тәмам жайды,
Сарбаздар Ескендірге хабарлайды.
Иланып нанбас бірден ол сөздерге,
Тартады Арастуды ап дәл сол жерге.
Алдыңғы шепке дейін барады да,
Жасақтың көз жеткізер хабарына.
Деп айтты: «Бізді жындай дуалап ап,
Кашмирдің сиқыршысы қуаламақ.
Таппаса болмас күштің бір тәсілін,
Күмбез бен қақпаларын құртатұғын!»
Әскерін кері қарай тайғанатты,
Оралып ордасына, ойға батты.
Шатырдың ішін қара көлеңкелеп,
Іздеді тылсым жауды жеңер себеп.


325
Тағдырдың төтенше бір тартуындай,
Бар еді кеңесшісі жарты мыңдай.
Сократ
103
, Фарфурнус
104
, Балинас та,
Арасту, Арашмидос
105
, Шаминас
106 
та,
Қылимон
107
, Валис
108
, Хурмус
109
, Платон да – 
Ұқсайды бас қосқанға, сірә, сонда.
Тыншытпас көңіліне кірді де егес,
Құлама ғалымдармен құрды кеңес.
«Кашмирді қалай алсақ? – деп сұрады, 
Қандай күш кереметін жоқ қылады?»
Орнынан кемеңгерлер қозғалақтап,
Жабыла жауап берді, көзге мақтап:
«Ұлы әмір, оған қаның қараймасын,
Ешқашан асыра алмас жау айласын.
Қамалын талқандауға серт етеміз,
Білімнің құдіретін көрсетеміз.
Тәңірі талайыңды үстем етсін,
Сен барда бізге зорлық істемек кім?
Жоямыз жын-шайтанын ербеңдеткен,
Етеміз дуалдарын жермен-жексен.
Алдамшы, сайқымазақ бірдеңелер,
Сандалған сандыраққа кім бөгелер!
Күл қылып білім күші жын-ойнағын,
Түсірер естеріне құдайларын.
Ойлаумен тағдырыңды таң атырған,
Құлыңбыз – ғұламалар мына отырған.
103
Сократ – көне грек философы.
104
Фарфурнус – Профир – көне араб оқымыстысы. Сур (Сирия) селосында туылған. Грек 
тілінде логика, тарих жөнінде ғылыми еңбектер жазған.
105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет