Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы бірқатар кешенді нормаларды біріктіреді. Халықтың денсаулығы дегеніміз — қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір сүруі мен оның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық адамгершілік дегеніміз — қоғамдағы адамдың өмір сүруіне қажетті рухани және адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы жене аталған мінез-қүлық ережелерінің орындалуы.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жәнелту не сату
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жүйкеге әсер ететін есірткі заттарды заңсыз тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталған қылмыстың тікелей объектісі — халықтың денсаулығы. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар қылмыс құралы болып табылады.
Психикаға есер ету арқылы ықпал ететін, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін синтетикалық заттарды немесе табиғи текті заттарды есірткі заттарға жатқызамыз. Дәрігерлік мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысында Бақылауға алынатын есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлар туралы көрсетілген. Ол 72 аталымды біріктіреді. Атап айтсак, аллипродин, гашиш, анаша, героин, кокаин, пепап, т.б. Жүйкеге әсер ететін заттарға жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысына сәйкес адамның орталық нерв жүйесінің дағдарысына әкеліп соқтыратын табиғи және синтетикалық заттар жатады. Жүйкеге әсер ететін заттарға: катинон, меклоквалон, парагексил, этриптамин және т.б. Барлығы 38 түрлі аталым. Есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалану үшін сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастау, борышын өтеу мақсатында алу, сыйға алу, табылған затты иелену арқылы құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жинап алуды таниды. Есірткі заттары немесе жүйкеге әсер
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сақтау кінәлінің иелігінде осы заттардың ұзақтығына қарамастан (денесінде, тұрғын-жайда және т.с.с) болуына байланысты кез келген заңсыз әрекеттер жасауды білдіреді. Кінәліден аса ірі мөлшерде есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттардың табылуы қылмыстық жауапкершіліктің басталуына әкеліп соқтырады. Мөлшердің көптігі сараптаманың қорытындысына сәйкес тағайындалады. 259-баптың 2-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз сатып алу немесе сақтау, дайындау, ұқсату, тасымалдау және сатуға, сонымен қатар аталған баптың 1-тармағына сәйкес есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында көп мөлшерде сатып алу мен сақтауға қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Дайындау — бұл нәтижесінде пайдалануға ыңғайлы есірткі немесе жүйкеге әсер ететін басқа да заттардан алынатын кез келген іс-әрекет. Есірткі заттарының немесе жүйкеге әсер ететін заттардың сыртқы пішінін бір түрден екінші түрге өзгерту (ұсақтау, таблеткалар жасау) дайындау ретінде танылмайды.
Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды оның құрамын арттыру мақсатында қайта дайындау немесе рафинаттау (артық қосылыстардан тазарту) — қайта өңдеу болып танылады.
Жөнелту — есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды пошта, жүк арқылы жәнелту және т.б. тәсілдер заңсыз жіберу болып есептеледі. Мұнда аталған заттардың тасымалдау жіберушінің қатысуынсыз жүзеге асады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өз еркімен тасыған, медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған, сондай-ақ есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға белсенді көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.