Хаттама «07» маусым


Көмір кен орындарында пайдаланылатын жаңа технологиялар



бет10/14
Дата03.05.2024
өлшемі43.59 Kb.
#500418
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
6D060800-Экология каз

Көмір кен орындарында пайдаланылатын жаңа технологиялар. Көмірді маркирлеу. Көміртегінің салыстырмалы мөлшері және өзгеру деңгейіне байланысты көмір типтерінің классификациясы: қоңыр көмір, тас көмір, антрациттар, графиттар. Түзілу деңгейінің тереңдігіне байланысты көмірді өндіру тәсілі. Көмір разрезінде ашық жолмен өңдеу, шахталық әдіс. Көмір газификациясы.

  • Орман шаруашылығы өнімдерін тиімді пайдалану технологиясы. Орман ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі қағидалары. Профилактикалық жұмыс, кесу, күту, ауруға шалдыққан ағаштарды жою, дауыл құлатқан ағаштардан және кескеннен қалған қалдықтардан тазалау; биологиялық әдіс; зиянкестермен күресудің химиялық әдісі; механикалық әдіс. Орманды өрттен қорғау. Өсімдіктердің түрлері мен сорттарын қолдан өсіру технологиясы.

  • Бұзылған және ластанған аумақтарды тазалау және қалпына келтірудің қазіргі заманғы технологиялары. Табиғи ресурстарға техногенді және химиялық әсер. Бұзылған экожүйелерді қалпына келтірудің химиялық, техникалық және биологиялық жолдары. Атмосфералық ауаны, су ресурстарын және топырақты тазалаудың жаңа әдістері және жолдары.

  • Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі экологиялық қағидалары. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Шикізат экономикасынан инновациялыққа өту. Экономиканы бастапқы экстенсивті жолдан шикізатты терең әрі тиянақты көпкомпонентті қайта өңдеу арқылы дамытатын интенсивті жолға өткізу.

  • Сумен қамтамасыз етудің тиімді жаңа технологияларын пайдалану. Табиғи және ақаба сулар және оларды тазалау. Өзен ағыстарын реттеу жұмыстары, оның ішінде бассейн аралық бөлу, сонымен қатар, су дефицит жерлерде, аумақта бар су ресурстарының жер асты суларын ішуге падаланудың санымен сапасын арттыру. Табиғи және ақаба суларды тазалауда жаңа техникамен жабдықтарды пайдаланудың жаңа әдістері.

  • Қазіргі кездегі агроценоздардың экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары. Ауылшаруашылық кешендерге техногенді және химиялық әсер. Агроценоздарды жетілдіру қағидалары. Өсімдіктерді зиянкестермен арам шөптерден қорғаудың биологиялық әдістерін пайдалану.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет