І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
ды қоссақ, бұл топтағылардың саны
көбейе түсетіні сөзсіз. Олардың ма-
қалалары мен еңбектерін көрсетпеу
ғана емес, оны орыс ғалымдарына
апарып таңу секілді фактілердің
орын алғаны байқалады. Сол кездегі
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірдің тамаша жетістігі дәрежесінде
көрінетін Ә. Бөкейхановтың «Тузе-
мец» деген жасырын атпен жазған
«Қобыланды батыр жырындағы әйел-
дер» атты мақаласын В. Сидельников
Ә. Диваевтікі деп көрсетеді.
Әдеби мұраның жиналуы мен
жариялануында жүргізген жұмыс-
тарының тарихи маңызы аса зор бұл
екі топтағы қазақ зиялыларының
зерттеушілік көзқарасы әлемдік әде-
биеттанудағы филологиялық мек-
тептің талап-тілегіне сай келеді.
Әде биеттану ғылымының қалыптасу
тарихында XІX ғасырдың басында
Германияда пайда болған бұл мек-
теп 1840 жылдардан бастап Ресейде
орын тепкен болатын. Біздің ойы-
мызша, қазақ фольклорын зерттеген
орыс фольклористері осы мектептің
әдеби мұраны жинау, жариялау, кітап
етіп бастырып шығару, жазып алған
нұсқаның варианттарын салысты-
ру және өңдеу, басқа тілге аудару,
түсініктеме жазу секілді әдістері-
нің шеңберінде ғана жұмыс жаса-
ды. Олардың ықпалы әдеби мұраны
игеру саласында жұмыс жүргізген
осы екі топтағы қазақ зиялылары-
на тиіп, филологиялық мектептің
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірде көрініс табуына себеп болды.
Әлемдік әдебиеттану ғылымындағы
филологиялық мектептің өкілдері
се кілді бұл екі топтағы қазақтың ал-
ғашқы фольклористері де әдебиет-
тің қоғамдық құбылыс ретінде даму
заңдылығы мәселесін назардан тыс
қалдырды. Бұлар нақты көрініс табуға
ұмтылған ұлттық әдеби-теория лық,
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге зерт-
теу жұмысын жүргізуге өте мол ма-
териал дайындап берді. Филология-
лық мектептің қазақ топырағынан
шыққан өкілдерінің XX ғасыр басын-
да ұлттық әдебиеттану ғылымының
туу, қалыптасу жолындағы сіңірген
еңбегінің маңыздылығы да осында.
Міне, осы екі топтағы қазақ зиялы-
лары қазақ фольклорының мақсатты
түрде жиналып-жариялануы, ғылы-
ми тұрғыда зерттелуі проблемасын
көтерді. Соның нәтижесінде эпостық
жырлардан «Ер Тарғын», «Қисса
Қа рабек батыр», «Хикаят Көрұғлы
сұлтан», «Қамбар батыр», лиро-
эпостық жырлардан «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-
Шолпан», қиссалардан «Шәкір-
Шә кірат», «Бозжігіт», «Сал-сал»,
«Зар құм», «Сейітбаттал» т.б. және
«Бір жан-Сара» айтысы, ертегілер,
мақал-мәтелдер жеке кітап болып
шығып, оқырман қолына тиді. Осы
ХІХ ғасырда жарық көрген 260 кі-
тап, XX ғасыр басында 1917 жылға
дейін шыққан 300-ге тарта кітап
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|