Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет8/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Орыс ғалымдары алғашқыда қа-
зақ фольклорын жинап-жариялауда 
жергілікті жердегі сауатты, тіл біле-
тін адамдар мен тілмаштық қызмет 
атқарған татар-башқұрттардың көме-
гіне сүйенді. Бұл іске ерте кезден бері 
сөз өнерін қадірлеп, олардың хатқа 
түсуін, кітап болып шығуына ынта-
лы халықтың зиялы қауымы белсене 
ат салысты. «Осыған байланысты 
назар аударарлық жағдай, – деп жа-
зады Ш. Ыбыраев, – қазақ арасы-
нан да ауыз әдебиеті мұрасының 
ғылым алдындағы маңызын түсініп, 
оны шұғыл жинауға кіріскен білімді 
адамдардың, орыс зерттеушілеріне 
толымды-толымсыз мәлімет беруші-
лердің (информаторлардың) саны 
кө бейе түсуі. Әсіресе Шыңғыс Уәли-
ханов, Ахмет Жантөрин, Әб дуәлі 
Дер бісалыұлы, Бейбіт Дауыл бай -
ұлының еңбектерін атап өту орын-
ды. Олар ескі жазбаларды жинау-
мен қатар, ел арасындағы жыр-
шы-жырауларға сұрау салып, өлең-
жырлардың ішіндегі ең шұрай-
лыларын дұрыс таңдай білген, әрі 
орыс зерттеушілерінің назарын ең 
алдымен соларға аударған» [8, 36]. 
Ш. Ыбыраевтың осы пікірін негізге 
алатын болсақ, бұлар халық ауыз 
әдебиетін жинап қағазға түсірушілер 
ғана емес, орыс тіліне аударушылар 
да болады. Орыс фольклорисінің ау-
дарып отырған адамның көмегімен 
жазып алуы мен сол ұлт өкілінің 
ауда руы – екеуі екі басқа дүние. 
Біріншісінде аударып отырған тіл 
білетін адамның поэтикалық көр-
кемдікті ұғынуына байланысты 
та за творчестволық жұмыс арқы-
лы дүниеге келеді. Осы кезде зерт-
теу шілер назарына көбірек түскен 
және аударылған «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» жырының бес түрлі 
аудармасының көркемдік деңгейінің 
әр түрлі болуы бұған айқын дәлел. 
Бұл – ұлттық ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің әдеби мұраны игеру мә-
селесіне орай көрініс таба баста-
ғанының айғағы еді. 
XІX ғасыр соңы мен ХХ ғасыр 
басындағы әдеби мұраны жинап-
жариялауға, зерттеуге қатысқан қа зақ 
оқығандары көп болды деп жалпыла-
ма айта бергеннен гөрі, Е. А. Алек -
торовтың, А. Н. Харузиннің, В. М. Си-
дельниковтің өте мол мағлұ мат бе-
ретін библиографиялық көрсеткіш-
теріне және басқа да еңбектерге 
сүйене отырып, әдеби мұраны иге-
рудегі зерттеу әдістерінің көрініс 
табуына орай оларды үш топқа 
бө ліп қарастыру керек. Олардың 
бі рінші тобына жататындар – 
фольклор лық мұраны жинаумен шұ-
ғылданған орыс фольклористеріне 
мәлімет берушілер, яғни жоғарыда 
айтылғандай – информаторлар. Бұ-
лардың көпшілігінің аты-жөндері 
бізге мәлім емес. Се бе бі, орыс ға-
лым дары өзі аударып жа риялаған 
ма териалды берушілер ту ралы мар-
дымды мәлімет қалдырмаған. Мы-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет