Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет123/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
аударарлық. С. Сейфуллиннің сол 
кез дің өзінде тап басып айтқан осы 
тұжырымы Ұлы Отан соғысынан 
кейін фольклорлық мұралар туралы 
айтыс-таласта негізгі қорытынды 
пікір болып қайта айтылды. Бұған 
1957 жылы Ташкент қаласында «Ал-
памыс батыр» жыры туралы болған 
ғылыми конференция айқын дәлел.
С. Сейфуллиннің қазақ әдебиет-
тану ғылымында ғылыми-зерттеу-
шілік ой-пікірге қосқан негізгі жа-
ңалығы – қазақ фольклорын өзіне 
дейінгі жанрмен түрге бөлген жү-
йелеуді толықтыра, дамыта отырып 
жасаған жаңа классификация сы. 
Сә кеннің әдебиетші-ғалым, сын-
шы ретіндегі тұлғасын қарастырған 
зерт теу еңбектерде бұл классифи-
кация «қазақ фольклорын жаңаша 
жүйеледі» деп аталып қана өтіліп, 
жүйелеу жолы ғана көрсетіліп
М. Әуезов пен Х. Досмұхамедов 
еңбектеріндегі жіктеулермен салыс-
тырылмай қалған. Біздің ойымыз-
ша, фольклорлық үлгілерді жанр-
ға және түрлерге жіктеу жаңа туып 
келе жатқан әдебиеттану ғылы-
мын да әдеби-теориялық ой-пікір-
дің өсу, даму дәрежесін ғана көр-
се тіп қоймайды, сонымен бірге ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірді тың 
ба ғыттағы жаңа зерттеу арнала рына 
да жетелейді. Сол себептен «Қазақ 
әдебиетінің» ғылыми зерттеу еңбек 
ретіндегі сипатын аша түсу үшін он-
дағы жасалған фольклорлық шы ғар-
маларды жүйелеуді бұрынғы клас-
сификациялармен салыстыра қа ра-
ғанды жөн көрдік.
Жалпы С. Сейфуллин оқу құра-
лына жазған кіріспесінде «қазақ әде-
биеті туралы басқа еңбек жоқ» дей 
отырғанмен М. Әуезов пен Х. Дос-
мұхамедовтердің еңбектерімен та-
ныс болған. Бұған дәлел «Қобылан-
ды батырдың» шығуына Иван 
Грозныйдың Қазан қаласына шабуыл 
жасауы деген түсінік М. Әуезовтің 
1925 жылы жазған «Қобыланды ба-
тыр» мақаласы мен «Әдебиет та-
рихы» еңбегінде айтылған еді. Сол 
сияқты батырлар жырын «ұлы ба-
тыр», «кіші батыр» деп бөлуді де 
М. Әуезов бастаған болатын. Сәкен-
нің екі пікірді де жоққа шығарғаны-
нан көп ізденіп, әрбір мәселеге ғы-
лыми тұрғыдан қарағанын аңғара-
мыз. Батырлар жырын үлкен, кіші 
деп бөлудің орыс әдебиетшілерінің 
қолдап жүрген тәсілі екенін, оның 
қазақ эпостарының табиғатына кел-
мейтінін де ескертіп өтеді. Тегі С. Сей -
фуллин бұл еңбектерге берілген «бур-
жуазиялық-ұлтшылдық көзқараста
жазылған» деген баға мен «ұлтшыл-
алашордашыларға» қарсы күресе-
тін салқыннан атап көрсетуді қажет 
деп таппаған болуы керек. Автор 
«Қазақ әдебиетінде» осы еңбектерде 
басталған қазақ фольклорына клас-
сификация жасауды толықтыра, да-
мыта, жаңа жанрлар мен түрлер қо-
са отырып, осы кезде дейін мәнін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет