І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
тағы мақалалар соның айғағы. Олай
болса, XІX ғасыр соңы мен ХХ ғасыр
басы ұлттық әдебиеттану ғылымын
туу дәуіріне жеткізген тарихи ал ғы-
шарттарға толы елеулі бір кезең бол-
ды деген тұжырымға келеміз.
Бірақ әдеби мұраны зерттеуде
бол май қоймайтын мәдени-тарихи
мектептің алғашқы кезеңі туралы
Л. М. Крупчановтың жоғарыдағы
пікі рінде айтылғанындай, қазақ
фоль клорын игеру саласындағы жұ-
мыс тар тек жалпыламалық сипат-
тан аса алмай қалды десек, тарихи
шын дыққа қиянат жасаған болып
шыға тыны анық. Жалпыдан жалқыға
қарай даму заңдылығына орай басқа
ғылым саласы секілді әдебиеттану
да әр халықта өзіндік ұлттық ерек-
шеліктермен қалыптасады. Сол жи-
нау-жариялау, кітапқа басып шы-
ғару, мақалалар жазу секілді жалпы
мәндегі жұмыстардан ғылыми тұр-
ғыда жүйелеу, әдеби талдауға апара-
тын жолдар бастау алады. Оны біз
халқымыздың ғұламалары санала-
тын Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,
А. Құнанбаев, Ә. Бөкейханов секілді
ұлы тұлғаларының шығармашылық
мұрасындағы ғылыми-зерттеу еңбек-
терінен көреміз. «ХІХ ғасырдың 60-
80 жылдары ұлттық фольклористи-
ка жалпы филологиялық ғылымның
өзінше саласы ретінде көріне бас-
тады. Дәл осы кезден бастап қазақ
фольклоры ғылыми мақсатта жина-
лып, академиялық немесе арнаулы
жинақтар енді ғылыми тұрғыда зерт-
теле түсті. Жаңа қалыптаса бастаған
қазақ фольклортану ғылымының
көш басында халқымыздың ұлы пер-
зенттері Ш. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтын-
сарин, А. Құнанбаев болды», – деп,
қа зақ фольклортану ғылымының та-
рихын зерттеушілер бұл тұлғалардың
еңбектерін монографиялық тұрғыда
сөз етуі де сондықтан [8, 100]. Бұ-
лардың еңбектерінен ХХ ғасыр ба-
сында әдеби мұраны игерудегі та-
ри хилық әдісінің ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірде анық көрініс
тапқан екінші бағыты айқындалады.
Себебі, тарихи-этнографиялық ба-
ғыт қа қарағанда, бұл бағытта тарихи-
мәдени мектептің талаптарына сай
келетін тарихилық принципі айқын
көрініп, әдеби-теориялық, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірді еуропалық
деңгейде байқата алған тереңдік та-
нылады.
Қазақ даласына жетекшілік ба-
ғытта ықпал жасай бастаған Еуропа
және орыс мәдениеті мен әдебиеті,
оқу-білім мен ғылым жаңалықтары
ұлттық ғылыми-зерттеушілік, әде-
би-тео риялық ой-пікірдің жандана
түсуіне шешуші роль атқарды. Ағар-
тушылық идеясының күшейе тү-
суі, эстетикалық талап-талғам мен
та ным-біліктің өсе түсуі, алғашқы
қазақ баспасөзінің пайда болуы,
жазба әдебиеттің қалыптасуы әдеби
мұраны жинау, жариялау, бастырып
шығару жұмыстарына игі әсер етті.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|