І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Қазтуған жырау, Байтоқ ақын, Шәң-
герей Бөкеев өлеңдерінің жарық кө -
руі, оларды танытуды ғана емес, зерт-
теу мақсатында жинастыру жұмыс-
тары да жүре бастағанын көрсетеді.
Ғасыр соңында Д. Бабатайұлының
«Өсиетнаме» (1880, 1897), Ш. Қанай-
ұлының «Шортанбайдың бала зары»
(1888, 1890, 1894, 1897) қайта-қайта
басылуы сол кездегі отаршылдық
саясатқа сай саяси-әлеуметтік жағ-
дайға байланысты халық сұраны-
сын бір байқатса, екіншіден, ұлт
әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде
танылулары да біршама жоғары
болғаны көрінеді. Ақын-жазушылар
шығармаларының кітап болып шы-
ғуына орай нақты зерттеушілік ой-
пікірдің туа бастауына бұлар туралы
жазылған сын мақалалар, рецен-
зиялар жетекші роль атқарды. Олар
классикалық мұраны жариялаған
әде би жинақтарды немесе ақын-жы-
раулар кітаптарын сыншылдық тұр-
ғыдан қарап бағалаушылық мәндегі
пікірлер де білдіріп отырды. Негізі-
нен ХХ ғасыр басында сыншыл-
дық-эстетикалық таным ғылыми-
зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-
пікірмен тығыз араласып, бұлар бір-
бірін толықтыра, сабақтаса дамыға-
ны байқалады. Оның ішінде туу дә-
уірінде тұрған сыншылдық ой-пікір
өзінің жетекшілік ықпал жасауымен
ерекшеленеді. Өйткені, «бұл кезең де-
гі әдеби сын элементтері әлі де болса
жалпы саяси-экономикалық, тарихи-
әлеуметтік мәселелермен қабаттаса
айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы
бар екендігін» танытқан болатын.
Осы жалпы мәселелермен қоса, сын-
шылдық ой-пікір әдеби мұраны ғы-
лыми тұрғыда қарастыру жайына
жиі-жиі барып тұруы заңды екені
айтпай-ақ түсінікті. Себебі, ғылыми-
зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-
пікір секілді, әдеби сынның да басты
сөз етер нысанасы әдеби мұра еді.
Классикалық мұраны игерудегі
ендігі бір игі қадам ақын-жазу-
шылардың өмір жолын жазу ар қы-
лы шығармашылық мұрасына бару
болды. Бұл бағыттағы алғашқы бас -
таманы «Түркістан уалаяты ның
газеті» салған еді. Газет редак то ры
Шаһмардан Ибрагимов Жетісу ге-
нерал-губернаторы фон Кауфман-
ның Ш.Уәлиханов басына құлпытас
орнату туралы жарлығын жариялау
барысында ұлы ғалымның кім еке-
нін қазақ еліне танытуды өзінің па-
рызы деп білген де ол туралы ғұ-
мырнамалық сипаттағы мақала жа -
рия лаған. Рас, мақалада Шоқан ең -
бек теріне ғылыми-зерттеушілік тұр ғы-
дағы көзқарастан гөрі, оның орыс
пен қазақ ортасына бірдей сый-
лы екендігін тілге тиек ету арқылы
ғалымдық, өнерпаздық тұлғасын
та ныту басым. Мақала авторының
ұлы ағартушының өмірін жақсы бі-
ле тіні айқын танылып тұрғанымен,
еңбектерінің ғылыми мәні туралы
нақты ой-пікір білдіре қоймаған.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|