Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет27/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
шы ғар машылығын тарихи тұрғыда 
зерттеудегі жолашар болар лық ма-
ңызымен құнды. Орыс әдебиет тану 
ғылымында да әдебиет тарихына 
ба рар жолды Держа вин, Фонвизин, 
Пушкин туралы биографиялық очерк-
терден басталады деп санайтыны 
да сондықтан. Егер ғұмырнамалық 
сипаттағы мақалаларды әдебиеттану 
ғылымының туу дәуіріне әкелер 
жолдағы бір саты десек, ол ХХ ға-
сыр басында Абай ғұмырнамасын 
жазудан басталған үлкен жолға жал-
ғасқан ізденістердің алғашқы соқ-
пағы еді. Әрине, оларда сол кездегі 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің дә-
режесіне сай таныстырмалық, халық 
мәдениеті мен әдебиетіндегі орнына 
қарай бағалаушылық көзқарас басым 
жатты. Бірақ мәселе – олардың ғы-
лыми сапасында емес, ұлт әдебиетінің 
өкілі туралы тарихи танымдық ба-
ғыттың басталуын дәлелдеуінде.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр ба-
сында ақын-жазушылардың шығар-
малары баспасөзде жариялануы, әде-
би жинақтар мен кітап болып жарық 
көруі, әр түрлі қоғамдық-әлеумет тік 
мәселелерді сөз еткен мақалалар-
да ғылыми бағалаушылық мәндегі 
пікірлердің айтылуы, ғұмырнамалық 
сипаттағы зерттеулердің шығуы көне 
жазба ескерткіштер кезеңінен бас-
тау алған эстетикалық таным-бі лік-
тің ғылыми-зерттеушілік мәндегі 
ой-пікір дәрежесінде толық оянып
ұлттық әдебиеттану ғылымының 
тарих алдындағы кезеңінде әдебиет 
тарихын тексеруде болашақ іргелі 
зерттеулерге апаратын өзекті пробле-
маларға бара алғандығына куә бо-
ламыз.
Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір классикалық мұраны игеруде 
оның тарихының мәселелеріне ба-
рып, көрнекті өкілдерін зерттеуде 
осындай дәрежедегі алғашқы ғы-
лы ми тұрғыдағы барлаулар жасап 
жат қанында, әдеби-теориялық ба-
ғыт тағы ізденістер де көрінбей қал-
мады. Бұған дейін әдебиеттің сөз 
өнері ретіндегі сипатын ашу мақ-
сатында тек жалпылама мәнде айты-
лып келген бірді-екілі көзқарас 
пен практикалық дәлелдеулер енді 
нақ ты талдау жасау мен жанрлық 
түрлерін анықтау жолында соны 
қадамдар жасай бастауға ұмтылыс 
танытты. Әдебиеттің тарихы мен 
теориясының бірін-бірі толықтыра
сабақтаса отырып қалыптасатыны 
жалпы өнерге тән құбылыс. Бұл 
Н. Г. Чернышевский: «История ис-
кусства служит основанием теории 
искусства, потом теория искусства 
помогает более совершенной, более 
полной обработке истории его; луч-
шая обработка истории послужит 
дальнейшему совершенствованию 
теории, и так далее, до беско неч-
ности... Без истории предмета нет 
теории предмета; но и без теории 
предмета нет даже мысли о его 
истории, потому что нет понятия 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет