ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
өз «қателіктерін» большевиктер
ше
түзетуге амалсыздан кірісті. 1947
жы лы С. Кеңесбаев «Тіл және әде-
биет институты өзінің қателіктерін
большевикше түзетуде» («СҚ», 22
мау сым) мақаласында партияның
«әділ сынынан» қорытынды шыға-
рып жатқанын хабарлап, бұл ба-
ғыттардағы жұмыстардың жал-
пы жобасын баяндап берді. Қаулы
мен оны насихаттаған баяндама-
лар және мақалалардағы «совет
дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын
зерттеуді назардан тыс қалдырды»
деген сынынан қорытынды шығару
ісі қолға алынғаны дәлелдене бас-
тады. Ол «Вестник АН КазССР-
де» Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев,
М. Ритман-Фетисовтардың «Работа
над историей казахской советской
литературы» (№4), М.Сильченко мен
Ә.Тәжібаевтың «На пути к созда нию
истории казахской литературы» (№8),
Қ.Сатбаевтың «Наука в Казахстане
за 30 лет Советской власти» (№12)
секілді мақалаларда көрініс тапты.
Бұларға М. Әуезовтің 1948 жылғы
«Қазақ әдебиетін жасау мәселелері»
(«Әдебиет және искусство», №2)
атты мақаласын қоссақ, ұлттық әде-
биет туралы ғылыми-зерттеушілік
ой-пікір маркстік-лениндік әдіснама-
ның әдебиеттің таптығы, халық-
тығы секілді қате қағидаларының
тар шеңберлі құрсауына біржо-
ла түскенін көрер едік. Әсіресе,
М. Әуезов өз мақаласында фольклор-
тану саласындағы алға басқандық
болып танылатын соны табыстар
мен ізденістерді жоққа шығаруға
мәжбүр болды. Атап айтсақ, І том-
ды жаңаша редакциялауда әдет-салт
жырлары таптық, тарихи, халықтық
тұрғыдан қайта қарастырылды, ба-
тырлар жырынан халыққа салт-
санасы жат ақындар жырлап келген
«Едіге», «Орақ-Мамай», «Шора ба-
тыр», т.б. жырлар алынып тасталды.
Лиро-эпостық жырлардың таптық,
қоғамдық негізі қаза тексерілді, та-
рихи жырлардан Абылай, Кенесары-
Наурызбай, Қабанбай және басқа ха-
лық батырлары туралы жырлардың»
халыққа жат мазмұнда» екені атап
көрсетілді, шешендік сөздер фоль -
клор классификациясынан шетте-
тілді. М. Әуезов осы мақаласында
басқа да фольклорлық жанр түрлерін
таптық, идеологиялық позицияда
қарау керектігін, рушылдық, ескі са-
налы қайшылықтарды ашу қажеттігін
маркстік-лениндік әдіснама талапта-
рына сай баяндап берді.
Қаулы мен идеологиялық сая-
саттын қатаң талаптарына сай
ғылыми зерттеу жұмыстарындағы
қателіктерді түзету үшін оқулықтар
мен оқу құралдарын қайта жазу ісі
де қауырт қолға алынды. Бұл са-
лада бұрын жұмыс жасап жүрген
авторлардың көбіне саяси сенімсіз-
дік білдірілді және қырағылықпен
қадағаланып отырылды. Сол се-
бептен 8 сыныпқа арналған «Қазақ
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
301
Достарыңызбен бөлісу: |