Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет283/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
дықты» әшкерелеуге енді сол кездегі 
көркем әдебиеттегі космополиттерді 
талқандау қосылды. А. Жұбановтың 
«Көркем өнердегі космополиттер-
ді әшкерелейік» атты мақаласын-
дағы шақыруды Қ. Жармағанбетов, 
С. Бақбергенов «Қазақ әдебиетіндегі 
сыңаржақ сыншылар», Х. Сүйініш-
әлиев «Әдебиетімізге жат, сыңар 
жақ идеяға орын жоқ», Н. Сабитов 
«Против реакционный идеологии 
панисламизма и пантюркизма» де-
ген солақай мақалаларымен қызу 
қолдады. Ғылыми-зерттеу жұмысына 
арналмаған басқа қаралағыш сын-
дарды айтпағанда космополиттер-
ді әшкерелеу ұлтшылдықпен ты ғыз 
байланыстырылып, қызды-қызды-
мен келгенде Ғылым Академиясы-
ның «Хабаршысы» «За искоренение 
космополитизма и буржуазно-наци-
оналистических извращений в на-
уке» (1949, №3) деген мақаласында 
Абай, Шоқан, Кенесары туралы 
зерттеулердегі 
маркстік-сталиндік 
ғы лымнан ауа жайылушылықты сы-
нап, ұлы ағартушылар шығарма шы-
лығына «тұрпайы социологизмге» 
негізделген күмән туғызып қойды. 
Қанаушы қоғамда өмір сүргендіктен 
және үстем таптан шыққандықтан, 
олардың дүниетанымдық көзқара-
сындағы таптық қайшылықты ашу-
дан көрі бірыңғай мадақтау басым 
деп көрсетеді. Бұндай көзқарастың 
айтылуында негізде жоқ емес еді. 
«Ұлтшыл» әдебиетшілер зерттеген-
діктен сезіктене қарау орын алғаны да 
рас. Салыстыра қарағанда, 1947-1949 
жылдары Шоқан мен Абай мұрасы-
на қарағанда ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің көбірек назар аударғаны 
Ы. Алтынсарин шығармашылығы 
екен. Ғылыми сипаты әр түрлі дең гей-
дегі оннан астам мақаланың жария-
лануы – соның айғағы. Бұларды және 
Шоқан, Абай, Сұлтанмахмұт туралы 
бірді-екілі мақалаларды (олардың 
өзін сынға ұшыраған Е. Ысмайылов, 
Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиевтер жаз-
ды) қарастыра отырып, тығырыққа 
тірелген ұлттық ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің қыспақтан шығар жол 
іздегенін байқау қиын емес. Ол үшін 
1947 жылғы Ж. Шаяхметов жасаған 
баяндамадағы «ҚК(б)П Орталық Ко-
ми теті кейбір сыншылардың қазақ 
халқының өткендегісінің бәрін жоқ қа 
шығару дұрыс емес деп табады. Қа-
зақ халқының қоғамдық санасының 
қалыптасуына көмектескен өткен де-
гі бірде-бір прогресшіл қайраткерді 
кімнің болсын тарихтан шығарып 
тастауына жол бермейміз. Өткен за-
мандағы қайраткерлердің творче-
ствосын маркстік-лениндік ғылыми 
методология тұрғысынан қарап зерт-
теу керек» деген тезисін тірек ете 
отырып, зерттеу жұмыстарын тоқ-
татпауға ұмтылды. Ол екі сипатта 
көрініс тапты. Біріншісі, маркстік-
лениндік 
әдіснаманың 
таптық 
прин ципі ықпалында болса да өз 
ізде ністерін жалғастыра беру бол-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


303


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет