Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет348/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
аяқтап, 1970 жылдардан бастап 
даму кезеңiне қадам басқан қазақ 
әде биеттануының алдына заман ал-
ға тартқан күрделi де, көкейкестi 
мәселелердi шешуге жұмыла кiрiстi. 
Ол ғалым С. Қирабаев жазғандай: 
«1956-1966 жылдар аралығындағы 
он жыл ішінде жүз елуден астам сын 
және зерттеу кітаптарының жарық 
көргенін айтудың өзі жеткілікті. 
Мұндай өнімділік бұрынғы әдебиет 
даму кезеңдерінің ешбірінде бол-
ған емес. Қазақ әдебиеті сыны мен 
әдебиеттану ғылымының осы дә уірде 
қарқында дамуы, ең алдымен қо-
ғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен 
байланысты болды» [81, 3]. Шынын-
да да «жылымық жылдары» аталып 
жүрген осы кезеңде ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір өз тарихын дағы 
«пролеткультшылдық», «тұрпайы со-
циологизм» секілді қате теория лар 
ықпалында жіберген кемшілік терін 
енді батыл түрде түзетуге бет алды. 
Оның негізгі қадамдарі осы қазақ 
әдебиеттануының даму дәуірі атап 
отырған кезеңде жүзеге асты.
1970-1980 жылдары ғылыми-
зерттеу жұмыстарының темiрқазы-
ғына толық айналған маркстiк-
лениндiк әдiснама ықпалында бол са 
да ұлттық әдебиеттi тарихи, тео-
риялық тұрғыдан тексеру жұ мыс-
тарында табысты қадамдар жасала 
бастады. Әдебиеттiң тарихи кур-
сының мәселелерiне және жеке да-
рындар туралы көптеген моногра-
фиялар, ғылыми-зерттеу еңбектер, 
мақалалар жарық көрдi. Осыған сай 
жекелеген жанр түрлерiнiң қазақ 
әдебиетiнде өсiп-өркендеу жолда-
ры да монографиялық тұрғыда жан-
жақты сөз болып теориялық мәнде 
нақты ғылыми тұжырымдар жасауға 
қол жеттi. Әдебиет теориясының 
кеңес дәуiрiне тән жалпы қисын-
қа ғидаларына сай жазылса да ұлт-
тық әдеби-теориялық ой-пiкiрдiң 
қалыптасуына үлес болып қосылған 
еңбектер көбейе түстi. Ұттық по-
эзия, проза, драматургияның, әде-
биет сынының туу, өсу-өркендеу, 
қалыптасу жолдарының тарихы 
ғылыми сипатта кеңiнен қарас ты-
рылды. Олардың iшкi жанрлық 
түрлерi, атап айтқанда лирика, по-
эма, роман повесть, әңгiме, трагедия, 
комедия, юмор мен сатиралар ар-
найы зерттеу нысанасына түстi. Бұл 
жылдардағы ұлттық әдебиеттанудың 
жан-жақты өркендеуiне Б. Кенжеба-
ев, М. Қаратаев, Х. Сүйiнiшәлиев,
С. Қирабаев, М. Дүйсенов, Т. Кәкiшев, 
Р. Бердiбаев, З. Қабдолов, М. Базар-
баев, Т. Нұртазин, З. Ахметов, С. Ор-
далиев, Н. Ғабдуллин, Т. Қожекеев, 
Ө. Нарымбетов, М. Мырзахметов, 
Х. Әбдiбаев, Ш. Сәтбаева, Р. Нұр-
ғалиев және т.б. көптеген әдебиетшi, 
сыншы дарындар зор үлес қосты. Бұл 
ғалымдардың ғылыми-зерттеу ең-
бектерiн тiзбелей кәрсетуге, басты-
бастыларына жекелей тоқталуға бо-
лар едi. Бiрақ бiрiншiден ол көп орын 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


370


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет