ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
алады, екiншiден, ғылыми ортаға та-
ныс және бағасы берiлген. Сондықтан
да бұл еңбектердiң маркстiк-ленин-
дiк әдiснамаға бой құрған тұста-
рынан кiнә iздеу немесе ғылыми-
зерттеушiлiк ой-пiкiрге осындай үлес
қосты деп әр қайсысын салыстыра
салмақтап жату артық. Әрi-берiден
соң бұл ғалымдардың көпшiлiгiнiң
ғылыми шығармашылығы мақсат-
ты түрде зерттелетiн уақыт та алыс
емес. Тарих табалдырығын аттаған
ХХI ғасырдың алғашғы жылдарын-
да-ақ осы ғасырымыздың 1970 жыл -
дарынан бергi қазақ әдебиетта-
нуының тарихи және әдiснамалық
мәселелерiн зерттеу нысанасына
алынды. Бұл жолдағы алғашғы қа-
дамдар басталып та кеттi. Ол С. Жұ -
мағұловтың «ХХ ғасырдың ІІ жар-
тысындағы қазақ әдебиеттану ғы-
лымы» аталатын монографиясында
жү зеге асты. Сондықтан әдеби-көр кем
сынның осы 1970-1980 жылдардағы
жай күйi мен кескiн-келбетiне де
тоқталып жатуды жөн көрмедiк.
Себебi, оның көптеген мәселелерi
Т. Кәкiшевтiң «Қазақ әдебиетi
сынының тарихы» (1994) атты еңбегi
мен ғылыми мақалаларында, Д. Ыс-
қақовтың «Сынсонар», «Сын шын
болсын», «Сын өнері», «Сынталқы»
секiлдi еңбектерiнде кеңiнен қарас-
тырылғандықтан қайталап жату
орынсыз. Әрине, нақтылай түсетiн
және әдiснамалық тұрғыдан та-
разылайтын жайлар да жоқ емес.
Олар арнайы тексерiлетiн мәселелер
болғандықтан және бұл саладағы
бiлгiр ғалымдарынан асыра айту
мүмкiн еместiгiнен жалпылама сөз
ету артық болады деп ойлаймыз. Сол
себептен де қазақ әдебиеттануының
қалыптасу және даму жолына жал-
пы алғанда үлес болып қосылған
жағдайлардан гөрi, iргелi iзденiс
ретiнде танылатын мәселелерге көз
салған абзал.
Қазақ әдебиетi тарихын дәуiрлеу
көп томдықта 1959 жылғы ғылыми
конференция шешiмi бойынша жү-
зеге асқанымен, ұлттық әдебиет-
тану ғылымы тарихында қашан да
болсын игерiлмей жатқан «тыңды»
көтерушi болып келген Б. Кенже-
баев өз ғылыми зерттеу бағыты бо-
йынша iзденiстер жасауды тоқтатқан
жоқ. Ғалым өзінің «Көне әде-
биет туралы» атты еңбегінде қазақ
әдебиетінің тарихының арғы баста-
улары туралы концепциясын енді
батыл түрде жүзеге асыра бастады.
Кітаптағы «Ертедегі тіл, әдебиет
ескерткіштері», «Қазақ әдеби тілі-
нің тарихы жайлы», «Жүйелі үлгі,
«Қазақ әдебиеті тарихының жүйе-
сі» аталатын проблемалық мақала-
лары ұлттық ғылыми ой-пікірдің
зерттушілік бағытын жаңа арнаға
бұрды. Ол ғылыми-зерттеушiлiк ой-
пiкiрге соны бағыт-бағдар сiлтеп,
тарихи, ғылыми және әдiснамалық
мәнi зор еңбектер жазып, ғылыми
мектебiн қалыптастыра бастады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
371
Достарыңызбен бөлісу: |