V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
тарихтың жігі ажырамастай бірлікте
көрініс табуы дер едік. «Қолындағы
қаламы жылжып жерге түскенше,
күймесіне үміт пен күдікті қатар
жегіп жүре бергенді» арман еткен жас
ізденуші ә дегеннен-ақ әдебиеттану
ғылымындағы өз бағытын дұрыс
таңдап, тап басып тани алған секілді.
Тұрсынбек Кәкішев – арзаннан
олжа тапқысы келетін жандардан
емес, түренді тыңнан тереңге салатын
тегеурінді ізденістің адамы. Қазақ
әдебиеттануында ғылыми дары ны-
ның құпия қуаты мен белшеден кеш-
кен бейнетінің куәсіндей өзі ғана
ашқан әдеби өңір, біртұтас дәуір бар.
Ол – бұл күнде ғылыми мектептің
негізін қалаған көшбасшы. Сол көп
еңбекпен келген зерттеулердің бір
шоқтысы – ХХ ғасырдың алғашқы
жартысындағы әдебиет жайындағы
ғылыми зерттеу еңбектері дер едік.
1920 жылдардағы қазақ әдебиеті – өте
күрделі кезең. Өйткені, бұл кезеңде
адамзаттық тарихымызда жаңа дәуір
басталды. Әрбір жаңа қоғам өмірге
келгенде оны қостайтын, қостамай,
қарсы тұратын түрлі саяси күштерді
туғызары хақ. Арғы бастауын ХХ ға-
сыр басынан алған жиырмасыншы
жылдар әрі саяси партиялардың, әрі
әдеби ағымдардың өзара айтысқан,
тартысқан, аянбай майдандасқан
кезеңі.
1920-1930 жылдар әдебиеті –
ғалымның әрдайым айналып соғып,
әр қырынан тынбай зерттеп келе
жатқан алтын қазығы. Бұл орай-
да «Октябрь өркені» – ғалымның
осы кезеңге қатысты басты еңбегі
болса, ұстазы – Е. Ысмайылов
өз тұстасы М. Дүйсеновпен тізе
қоса отырып жазған «Қазақ совет
әдебиетінің алғашқы дәуірі» («Қазақ
әдебиетінің тарихы», 3-том, 2 кітап)
аталатын байсалды тарау, «Сын
сапары», «Оңаша отау» ғылыми
диалогиясының (қазақ әдебиеттану
ғылымында мектеп қалыптастырған
еңбектің) сүбелі бір тарауы, «Қызыл
сұңқар», «Сәкен Сейфуллин» сын-
ды сәкентануға айырықша үлес бо-
лып қосылған еңбектері, С. Шәріпов,
Е. Бекенов, Ж. Тілепбергенов әдеби
мұрасын жинақтау, алғысөз жазу
үстіндегі ізденісі басты зерттеуді то-
лықтыра түсерлік еңбектер. Осы то-
лымды еңбектерді өзара салыстырып
қарасаңыз «Қазақ совет әдебиетінің
алғашқы дәуірі» объектісін тұтас-
тыра қарастыратын шолу, «Октябрь
өркені» – көркемдік әдіс, әдеби
ағымдардың табиғаты мен тағды-
рын талдай қарастыратын зерттеу,
«Оңаша отау» – кезең әдебиеттеріне
белгілі бір жанр өзегімен қараудың
әдеби үлгісі, түрлі портреттер –
(«Дәуір суреттері») жиырмасыншы
жылдар әдебиетіне жекелеген да-
рындар тағдыры арқылы келіп, үңілу,
зерттеу нәтижелері екенін көреміз.
Осы тұрғыдан келгенде, көрнекті
ғалым, филология ғылымының док-
торы, профессор Тұрсынбек Кәкішев
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
429
Достарыңызбен бөлісу: |