V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
Қазақ совет әдебиетінің 1920 жыл-
дарын түбегейлі зерттеген, қазақ со-
вет әдебиетінің негізін қалаған Сәкен
Сейфуллиннің шығармашылық өмір-
баянын жасады.
Сәкеннің ғұмырнамасын зерттеп,
бастыру ғалым Т. Кәкішевке көпте ген
қиындықтар әкелген. Бірақ зерттеу-
ші небір қиындықтарға төзе оты рып,
ғылымның сара жолына түскеннен
бастап көздеген мақсаты тек та-
рих ақтаңдағында бір жақты болып
қалмай, келер ұрпаққа жан-жақты
сан қырларымен сәкентану ілімінің
тек шындығын айтуды, бүркеленіп
қалған, әлі де болса көлеңкелі
жақтарымен совет үкіметінің иде-
ологиясында тәрбиеленген буын-
дар үшін ащы да болса шындықты
ашып айтқан, ақын ғұмырнамасына
арналған
туындылардың
заңды
жалғасы ретінде бүгіндері жазу-
шы қаламынан «Санадағы жара-
лар», «Ескірмейді естелік», «Тар
жол тайғақ кешу тағдыры», «Сәкен
сүйген сұлулар», «Мағжан – Сәкен»,
«Сандалтқан Садақ», «Қазақ әдебиеті
сынының тарихы» (1994), (2003)
еңбектері туды. Атақты ғалымның 75
жасқа толуына байланысты жарық
көрген «Мерей» аталатын екі томдық
(2002) сүбелі еңбекте ғалым, сыншы,
ұстаз тұлғасы барынша ашылған дей
аламыз.
Т. Кәкішевтің ғалымдық тұлға-
сының ерекшелігі – өзінің зерт-
теу еңбектерінде аңызына түрен
түспеген тың салаларды нақты де-
ректер негізінде індете зерттеуге
құмарлығы. Міне сондықтан оның
қаламынан туған дүниелерге ғылыми
қауым да, шәкірттер әлемі де,
әдебиетті қызықтаушылар да құлақ
түріп отырады.
Қазан төңкерісі қазақ жерінде де
көп өзгерістер әкелді. Ұлы дүрбелеңі
мол жаңа замандағы жаңа талап та
өз дегенін істей бастады. Қоғамдық
өмірдегі бар мәселе таптық тұрғыдан
шешілген тұстарда әдебиет май-
данында сынға партиялық бағыт
басшылық жасап, әдеби сын Ком-
партияның идеологиялық құралына
айналып кете барды. Міне осының
нәтижесінде көркем әдебиеттің құн-
дылығын тек партия мүддесіне
сай келе ме, жоқ па деген тұрғыда
бағалағандықтан әдеби сында асыра
сілтеулер орын алды. Бұл, әсіресе,
кеңес өкіметі орныға түскен 1920-
1930 жылдарда ресмилік сипат
алды. Бұл кезде сын әдебиеттің да-
муына пайдасын тигізбек түгілі,
кері сәерін тигізді. Бір жағынан
жер-жерлерде мектептер ашылып,
жоғары оқу орындары, театрлар
т.б. мәдени ошақтары ашылып, елді
жаппай сауаттандыру жүріліп жат-
са, екінші жағынан, ұлттық сана-
сезімінің оянуына құрсау салынып,
халықты идеологиялық «жазалау-
дан» өткізуді міндет етіп қойды.
Міне, осындай қарама-қайшылығы
мол қилы кезеңде әдеби сынның
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
432
Достарыңызбен бөлісу: |