Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет429/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
лы бірінші айтылған пікір. Алғашқы 
кезеңінде фольклор мен әдебиет та-
рихының материалдарын жинау-жа-
риялау процесін өткергені, оны зерт-
теуде айтыс-тартысқа да баруға тура 
келгені, оқулықтар жасау тәжірибесін 
бастан кешіргені, ол жолда маркстік-
лениндік теориямен қарулана оты-
рып, зерттеу жұмысында іс-тәжі рибе 
жинақтауда ұлтшылдық-буржуа зия-
шылдық көзқарастарға соққы беру 
арқылы жүзеге асқанын дәлелдеу 
мақсатында айтылғанымен, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің ізденістері 
мен іркілістері тұңғыш рет сын тара-
зысына түсті. Әсіресе осы ұлтшыл-
буржуазияшыл көзқарастың зиянды 
әсерін ашу Е. Ысмайыловқа «Тұрпайы 
социологизм» мен «бірыңғай ағым» 
теорияларының қазақ әдебиет та-
нуында орын алуын кеңірек сөз ету-
ге мүмкіндік берген. Конференци-
яда партияның көрегендік саясаты 
арқасында деп табылғанымен, ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір 
«тұрпайы социологизмнің» бет-пер-
десін ашуға қол жеткізді. Өйткені, 
партия мен кеңестік идеология өз 
қаулы-қарарлары мен нұсқауларын-
да «тұрпайы социологизмді» қазақ 
халқының ұлттық мүддесіне қарсы 
шеберлікпен пайдаланып отырғаны 
даусыз шындық. КазАПП-тың әпер-
бақандығы тұсында да, 1937 жылдың 
зобалаңы мен 1950 жылдың басында 
да «тұрпайы социологизм» маркстік-
лениндік әдіснаманың әдебиеттің 
тап тығы, халықтығы қағидаларын 
бет ке ұстап, ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің жақсы ізденістерін үнемі 
жоқ қа шығарып келгені оған дәлел. 
Бұған қоса конференцияда сынға 
ұшырағанымен, Дулат, Шортанбай, 
Шәңгерей және тағы басқаларының 
мұрасын бағалауда тағы да «тұр-
пайы социологизмнің» пайдаланы-
лып оты рылғанын айтсақ, сөзіміз 
дә лелсіз емес. Рас, баяндамада бұл 
теорияның ықпалындағы көзқараста 
болғандардан М. Қайыпназаровтан 
басқасының аты аталып, түсі түс-
телмесе де ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің дамуында, әдебиет тари-
хының жан-жақты зерттелуінде жа-
саған бұрмалаушылықтарына тұң-
ғыш рет баға берілді. Сонымен қатар 
буржуазилық көзқарастағы теория 
ретінде «бірыңғай ағымға» алғаш 
анықтама беріліп, «принципті түрде» 
сыналды. Ұлттық әдебиеттанудың 
туу, даму жолында осы теорияның 
орын алғандығынан, «жеке ақын-
жазушылар творчествосындағы идея-
лық қайшылықтар батыл әш ке ре-
ленбей келгендігіне» ерекше тоқ-
талынды. Е. Ысмайылов «партия-
лық сын» тұрғысынан қарап, бұл 
теорияның М. Әуезов, С. Мұқанов, 
Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев және 
тағы басқалардың, тіпті өзінің де 
еңбектерінде орын алғанын атап 
көрсетті. «Біз ешқайсымыз да осы 
теорияға әдейі, мақсат етіп барғамыз 
жоқ, әйтеуір әр халық, әр ел өзінің 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


454


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет