Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет427/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
(негізін қалаған профессор Б. Кен-
жебаев). Бұл мектеп бойынша басы 
Х. Сүйіншәлиев болып, Қ. Сыды-
қов, М. Мағауин, М. Жолдасбеков, 
А. Қыраубаева секілді ғалымдар ал-
пысыншы жылдарға дейін Бұқар 
жыраудан басталып келген қазақ 
әде биетінің тарихын мың жылға 
әрі жылжытып, VІІІ ғасырдан бас-
тау алғызды» деп жазады [93, 314]. 
Б. Кенжебаевтың өз тұсында кері-
тарт па көзқарастағы кейбір тұстас-
тарымен айтыса-тартыса жүріп қа -
лыптастырған осы ғылыми мек тебі 
шын мәнінде де ұлттық әде биет та-
нуда іргелі салаға айналып отыр. Ол 
егемендік алғаннан кейінде А. Егеу-
баев,Т. Еңсегенов, М. Иманғазиев,
Қ. Сейітжанов және тағы басқалар-
дың зерттеулерімен толықты. Ұлт-
тық әдебиеттің арғы бастауларын 
анықтауда және сол кезеңдегі әдеби-
мәдени байланыс тар мәселесінде 
жаңашыл толымды бастамалар жаса-
ды. Енді оның жекелеген және ішкі 
проблемаларын ғылыми зерделеу мә-
селелері қолға алынып жатыр.
Негізінен әдебиет тарихының 
белгілі бір кезеңін санаулы адамдар 
ғана жасамайтыны – тарихи шындық. 
Үлкенді-кішілі әр дарын қадір-ха-
лінше қызмет етеді. Сол арқылы өз 
кезеңіндегі әдеби да му дың көркемдік 
процесіне, әр жанр дың өсуі мен ке-
мелденуіне үлес қосады. Ғылыми 
зерттеулерде олардың барлығы қам-
тылғанда ғана сол дәуір әдебиетінің 
барлық бол мыс-бітімі ашылады. Бұл 
тұрғы сынан келгенде, Сәкен, Ілияс, 
Бе йім бет мұраларының алды кітап 
болып шығып, шығармашылығы 
зерт теу нысанасына нақты алына 
бас таған 50-жылдардың ортасын-
да ғылыми-зерттеушілік ой-пікір 
сол кезең әдебиетін жан-жақты 
тек се руге ұмтылыс жасап бақты. 
Міне, осы мақсатта, яғни 1920-1930 
жылдардағы қазақ әдебиеті тари хын 
ғылыми тұрғыда сөз етуге тұрар-
лық барлық өкілдерін қамти оты рып 
жүйелі тексеру деген жаңаша ба-
ғытта ой қозғаған Б.Кенжебаевтың 
«Өтелмеген парыз» мақаласы (1957, 
25 қаңтар) кеңестік идеологияның 
саяси айып таққан ауыр соққысы-
ның астында қалды. Оны жарияла-
ған «Қазақ әдебиеті» газеті жазалан-
ды. Шындығында мақалада совет 
өкіметінің ірге тасын қозғайтындай 
ешқандай саяси немесе ұлтшылдық 
пікір жоқ еді. Тіпті 1937 жылғы «ха-
лық жаулары, ұлтшыл-фашист» атан-
ғандардың бірде-бірінің аты-жөні де 
аталмаған. Керісінше, осы кезеңдегі 
кеңестік идеология талаптарына сай 
шығармалар жазып, қудалауға ілік-
пей, өз ажалынан өлген, яки соғыста 
оққа ұшқан Ш. Иманбаева, Е. Бекенов, 
А. Сегізбаев, С. Ерубаев, Б. Бұлқы шев, 
А. Жұмағалиев, Р. Малабаев секіл-
ді ақын-жазушылар шығармашылы-
ғын зерттеу, қалдырған мұрасын жа-
риялау, әдебиет тарихында алатын 
орнын белгілеу секілді дәуір талап 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


452


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет