ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тау лары саналып жүрген алғашқы
ма қалаларды ұлт әдебиетін тарихи
тану жолында шешуші қадамдардың
бірі санау керек.
Тарихи шындыққа көз жіберсек,
К. Ысқақовтың ұлы ақын мұрасы-
ның 1909 жылы жарық көрген ал-
ғашқы жинағындағы алғысөз ретін-
де берілген мақаласы абайтануда
алғашқы еңбек деп саналып келді.
Мезгіл жағынан және ғылыми тұр-
ғыда алғанда Абайды алғаш зерттеу-
де жазылған мақала орыс тілінде
сәл ертерек жарық көрді. Мақала
Ә. Бөкейхановтың авторлығымен
1905 жылы «Семипалатинский лис-
ток» газетіне жарияланғанда «Абай
Құнанбаев» (некролог) деген және
орыс Географиялық қоғамының Ба-
тыс Сібірлік бөлімінің «Записки Се-
мипалатинского подотдела...» деп
басталатын жинағына 1907 жылы
«Абай Құнанбаев» деген атпен жа-
рық көреді. Бұл мақалалар туралы
осы еңбектегі Ә. Бөкейхановтың ғы-
лыми мұрасы туралы беттерде сөз
етіп кеткендіктен қайта тоқталып
жату артық.
Ә. Бөкейханов пен К. Ысқақов-
тың басты мақсаты – тек Абай шы-
ғармаларының жинағын шығару
ғана емес, өмірі мен шығармашы-
лығы туралы алғы сөзді қоса басты-
ру арқылы ұлы ақынның дүниетаны-
мы мен ақындық өнерін ғылыми
тұрғыдан таныту, тереңірек ашып
көрсете отырып, өнер қуған, өлең
қуған жастарды үлгі-өнеге алуға
да шақыру. Егерде Абай өлеңдері
М. Әуезов айтқан үш жолмен: «Бі-
рінші жолы – баспа арқылы; екін-
ші сі – халық арасында ауызша жатта-
лып, әнмен аралас тарауы; үшін ші сі
– қолжазба түрінде әр көлемді жи-
нақ тар боп көшіріліп тараған» бол-
са, Абай поэзиясының жаңашылдық
сипаты мен ағартушы-демократтық
бағыттағы прогрессивтік жолының
тек өз айналасына ғана емес, оң-со-
лын енді танып келе жатқан қазақ ин-
теллигенциясына, әдебиет саласын-
дағы жастарға тигізген ықпалы зор
болғаны даусыз. С. Торайғыров «Ай-
қап» журналындағы «Қазақ тілін-
дегі өлең кітаптар жайынан», «Өлең
һәм оны айтушылар» атты сын ма-
қалаларында Абай поэзиясының үлгі-
өнеге аларлық мәнін ерекше атай
отырып, «Зарқұм», «Сал-сал» сияқты
хиқаялар мен «Ахырет», «Әдебиет
өрнегі» секілді жинақтарды сы-
нап, қазақ поэзиясының алға басу-
да ұстайтын бағыты – Абай жолы,
Абай өнегесі екенін баса айтуының
сыры осында жатыр. «Біз енді бас
қатырғыш дін тақылеттерінен ары-
лып, Еуропа мәдениетіне суарылған
жаңа өнерлі тілді жасайық, ол өнер-
лі тілдің үлгісін бізге Абай берді,
Абайдан үйренейік, онан соң сы-
наптай таза, күмістей кіршіксіз қа-
зақтың ауыз әдебиетінен, бұрынғы
сөз тапқыр шешен сөздерден үйре-
нейік», – деген нақты пікірінен ХХ
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|