Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет143/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мабаев творчествосының дұрыс не 
қате бағалануында емес. Бұл жерде 
мәселе – әдебиеттің әдеби-тарихи 
дамудың өзіндік заңдылықтарын, 
көр кем творчествоны ғылыми-тео-
риялық тұрғыда зерттеуге қазақ 
әдебиеттану ғылымында мәнді қа-
дамның жасалуында. Осы екі ма-
қала қазақ әдебиеттану ғылымын 
маркстік-лениндік әдіснама негі-
зін де болса да Чернышевский, Бе-
линский, Луначарскийлердің сали-
қалы ойларымен байытуға ұмты-
лып, әдеби-тарихи бағыттағы ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің тео-
риялық деңгейін көтере түсті. Ал 
практикалық мәніне келсек, сын мен 
зерттеуде сыңаржақ солақайшыл-
дық пен «тұрпайы социологизмді» 
қару етіп жүрген ақын-жазушылар, 
сыншы-әдебиетшілер әлі көп еді. 
Міне, осылар мен жалпы әдебиет 
сүйер қауымның әдеби білімін
әсіресе классикалық мұраны танып-
білуге деген ықыласын көтерудегі 
маңызын атап айтқан жөн.
Осындай кезеңде ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікір қазақ әдебиетін 
басқа халықтарға да танытып қалуға 
ұмтылыс жасады. 1928 жылы Мо-
сквадан шыққан «Жас Қазақстан» 
(Молодой Казахстан) деп аталатын 
әдеби жинақ осы мақсатта жарық 
көрді. Оны құрастырып, орыс тіліне 
аударған және әдеби-тарихи шолу 
мәніндегі алғы сөз жазған Смағұл 
Садуақасов еді. Алғы сөзде ауыз 
әдебиетін, жазба әдебиеттің өткен 
жолы мен бүгінгісін тарихи тұрғыда 
таныстыруы ғылыми-зерттеушілік 
мән берген. Көлемі шағын болса да 
алғы сөздің біз үшін маңыздылы-
ғы – онда сөз болған ақын-жазушы-
лар шығармашылығын сөз еткен-
де, сол кездегі қате теориялардың 
бағытындағы көзқарастағы пікірдің 
орын алмауында. Алғы сөз жаз-
ба әдебиеттің негізін салушы деп 
Абайды таныстыра келе, оның ақын-
дық дәстүрін жалғастырушылар ре-
тінде Ахмет Байтұрсынұлы, М. Жұ -
мабайұлы, М. Дулатұлы, Ғ. Қараш ұлы, 
С. Торайғырұлы, Б. Күлей ұлының 
шығармашылығына тоқталып өткен. 
Қазақ әдебиетін өркендету жолын-
да жемісті еңбек етіп жүргендер 
деп жинаққа шығармалары топтас-
тырылған М. Әуезов, Б. Майлин, 
Ж. Аймауытовтарды көрсетеді. Не-
гізінен алғы сөзде, автордың 1919 
жы лы жарияланған «Қазақ әдебиеті 
очеркіндегі» ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің жобасы сақталынған.
Қазақ әдебиеті тарихын әдеби 
шо лу түрінде болса да таныстырған 
осы алғы сөз – бұл ақын-жазушылар-
дың 1929 жылдан бастап шыға бас-
таған «Әдебиет энциклопедиясы-
ның» І томында да ғылыми дұрыс 
бағалануына әсер еткені сөзсіз. Алғы 
сөз бен энциклопедиядағы мақалалар 
«тұрпайы социологизм» теориясы-
ның да, маркстік-лениндік әдіснама-
ның ұлтшыл-буржуазияшыл әдебиет 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет