ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
кезеңдегі мақалаларды мынау сын,
мынау теориялық зерттеу деп бө-
лектеу қиын. Ендеше «оларды не-
гізгі бір мәселеге, яғни әдебиеттің
көркемдік әдісі жөніндегі теория-
лық-эстетикалық проблемаға бұрсақ,
қа зақтың сол кездегі сыншылдық,
ғылымдық ой-пікірінің өресін анық
аңғаруға мүмкіндік туады» [2, 238].
Бұл жерде әдебиет теориясының
көркемдік әдістен басқа мәселелері
назардан тыс қалды деген ұғым ту-
мауы керек. Олар туралы тек шет-
пұшпақтап қана сөз ете бастаған
әдеби-теориялық ой-пікірдің негізгі
көңіл аударғаны – әдеби жанр мен
көркемдік әдіс проблемасы болды.
Оған 1920 жылдардың бас кезіндегі
көркемдік даму процесіне байла-
нысты болған айтыс-тартыс пен
пролеткультшылдық көзқарас өз әсе-
рін тигізгені анық.
Әдеби жанр туралы теориялық ой-
пікірдің айқын басымдықпен кө рінуі
заңды. Өйткені, 1920 жыл дардың
бас кезінде қазақ әдебиеті жанрлық
тұрғыда өркен жая бас тағаны шын-
дық. Сын мен әдеби-теориялық ой-
пікірдің алғашқыда ерек ше назар
аударғаны драматургия мен театр қо-
йылымдары болды. С. Сейфуллиннің
«Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолын-
да» драмалары туралы «Тілекші»
деген автордың «Сауық кеші» («Ең-
бекші қазақ», 1922, №44), Нәзір
Төреқұловтың «Бақыт жолындағы
сын» (Темірқазық, 1923, №2-3),
Т. Арыстанбековтің «Жыл құсы»
(«Еңбекші қазақ», 1923, №64; «Қы-
зыл Қазақстан», 1923, №14) жария-
ланды. М. Әуезовтің «Бәйбіше-
тоқал», «Еңлік-Кебек», «Қарагөз»
шы ғармалары жайында «Бөкейше»
деген автордың «Еңлік-Кебек», («Тіл-
ші», 1923, № 12), Д. Ысқақовтың
«Бәй біше-тоқал» («Ақжол», 1923,
№384), «Қорғансыздар» («Сана»,
1924, № 2-3), А. Елшібекұлының
«Еңлік-Кебек» («Еңбекші қазақ»,
1925, № 419) секілді мақалалар
жарық көрді. 20-жылдардағы дра-
матургияны дамытуға үлес қосқан
басқалардың да шығармалары назар-
дан тыс қалған жоқ. Қ. Кемеңгеровтің
«Алтын сақина», Б. Майлиннің «Неке
қияр», Ж. Шаниннің «Арқалық ба-
тыр», «Торсықбай», «Айдарбек қу»
және Ж. Аймауытовтың «Шернияз»
шығармаларына арналып жазылған
мақалалар соның айғағы.
1920 жылдардың бас кезінде әде-
би-теориялық ой-пікірдің сипатын
айтқан уақытта мына бір мәселеге
көңіл аудару керек. Төңкеріске дейін
бір-екі ғана туындысы бар қазақ
әдебиетінде тек осы 20-жылдардың
бас кезінде отызға тарта драмалық
шығармалардың жазылуы және дә-
уір алға тартқан тақырыптарды
бір ден игеріп әкетуі ғажайып құ-
бы лыс. Дәстүрлі жолы бар орыс
әде бие тінде В. Ивановтың «Броне-
поезд 14-69», Треневтің «Любовь
Яро вая» тәрізді пьесалары «Қызыл
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
218
Достарыңызбен бөлісу: |