ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жанрлық сипаты мен сахнада ой-
налу дәрежесі нақты сөз болуынан,
әдеби-теориялық ой-пікірдің ғылы-
ми мәнге ауысуы жолындағы бір
белесін ғана емес, қалың көрермен,
оқырман қауымның теориялық білім
деңгейін де көтеруіне үлкен үлес
болып қосылғанын атап айту қажет.
Сахналық қойылымды қарастыру
барысында образ тұлғасының сом-
далуы, тартыс, режиссерлік шешім,
тақырып және идея мәселелеріне
байланысты теориялық ой-пікірлер
көрініс тауып отырылды.
Шығарманы жанрлық тұрғыдан
зерттеуде алғаш жол бастаған осы үш
түрлі сипаттағы мақалалар – қазақ
әдебиеттану ғылымының туу дә-
уіріндегі әдеби-теориялық ой-пікір-
дің алдына жаңа зерттеу нысанасын
айқындап беруімен құнды. Сонымен
қатар, бұл басқа да жанрларды әдеби-
теориялық тұрғыдан ғылыми зерттей
бастаудағы жаңа бағыттың жанда-
нуына әсер етті. С. Сейфуллиннің
«Асау тұлпар» өлеңдер жинағының,
М. Жұмабаев лирикасының, Б. Май-
лин өлеңдерінің әдеби сында талқыға
түсіп, арты айтысқа айналуын, по-
эзияны теориялық тұрғыдан тануға
деген талпыныстың бір көрінісі десе
де болады. Рас, бұл мақалаларда
теориялық ой-пікірдің поэзияны,
же ке ақын шығармашылығын әде-
биет теориясының қисындарына
сай жүйелі тексеруден гөрі, сөз етіп
отыр ған ақынның творчестволық
бағытын анықтау мен қай таптың
жырын жырлайтынын айқындау
жа ғына көп бой ұрып кеткені де
бар. Пролеткульшылдық пен «тұр-
пайы социологизм» көзқара сын-
да ғы төңкерісшілдер дәстүр мен
жа ңашылдықтың тарихи сабақтас-
ты ғын жоққа шығарып, әдебиеттің
тап тығы принципіне саяси астар
беру арқылы идеологиялық күрес ба-
стап отырған шағында бұл түсінікті
де еді. Одан сол кездегі әдебиет
сынының классикалық үлгісі санала-
тын Ж. Аймауытовтың «Мағжанның
ақындығы» мақаласының өзі де сау
қалған жоқ.
1920 жылдардың бас кезінде жаңа
заман идеологиясының негізі бола-
мын деген маркстік-лениндік ілім-
нің, оның әдіснамасының өз тізгі ніне
ие бола алмай, пролеткультшыл-
дық пен тұрпайы социологизмге
ерік беріп алғандығын дәлелдейтін
мақалалар жарық көрді. Мысалы,
Н. Төреқұловтың «Байдың тол-
ғағы», М. Дәулетбайұлының «Мағ-
жан жыры-хандар жыры», С. Мұқа-
новтың «Оқығандар кім еді?», «Қара
тақтаға жазылып жүрмеңдер, ше-
шендер», Ғ. Тоғжанұлы, С. Са пар-
бекұлы, К. Шекенұлы, Ө. Тұрман-
жанұлыларының «Ешкімнің қол шоқ-
пары бола алмаймыз» деген секілді
мақалалар жарияланды. Бұл келді
де әдеби-теориялық ой-пікірді қа-
зақ поэзиясының жанрлық өркендеуі
мен ескі және жаңа өлең пробле-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
221
Достарыңызбен бөлісу: |